Секция информатизация образования и проблемы обучения информатике


Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі



бет2/8
Дата25.04.2016
өлшемі4.14 Mb.
#88314
1   2   3   4   5   6   7   8

Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі




Ғылыми жетекші Жұмаділлаев С.Қ

XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Қоғамда қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық үдерістің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық қызметінде компьютерлік технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, білімді ақпараттандыруда есептеу техникасы құралдарының белсенді түрде қолданылуы оқу орны және кәсіби педагогика ғылымы алдына бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін жоғарылатуда компьютерлік технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.

Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, ел Президентінің «Қазақстан-2050» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлаудағы өзекті мәселе туғызады.

Есептеу жүйелерін жаһандандыру кезінде ақпараттандырудың маңызы өте зор. Бірінші кезекте ақпараттандыруды жоғары оқу орындары мен мекемелер, фирмалар талап етеді.

Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлі, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен медициналық диагноз қою т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуды электронды есептеу машиналарынсыз (ЭЕМ-сыз) ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан, орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерін кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет.

Қазіргі әлемнің көптеген елдеріндегі ақпараттық білім орталарының негізгі көрсеткіштерін 30 жыл кейінге шегеріп қарайтын болсақ, онда бүгінде біз адамдардың бұлтартпас жаңа ақпараттық кезеңде тұрмыс кешіп жатқанын айта алатынымыз айдан анық. Міне, дәл осы ақпараттық орта қазір адамдардың әлеуметтік жағдайының жаңа бейнесін, олардың өмір сапасын, жаңа әдеттерін қалыптастыруда.

Қазіргі таңда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңызы зор. Жоғары оқу орнының алдына қойған ең бірінші мақсаты - қоғамға қажетті жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлау. Болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды [1].

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жолдауында: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен біліктілік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде бәсекеге қабілетті маман болатындай деңгейге көтерілуі» - деп атап көрсетті [2].

ЖОО-ның маңызды міндеттерінің бірі - мамандарды дайындаудағы іргелі орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру [3].

Жоғары білімнің мынадай басты мақсаттары мен міндеттері бар:

- ол адам құқықтарын, жариялылықты дамыту, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.

- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;

- бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;

- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу.

Қазіргі кезде әрбір қоғамның, мамандардың алдына қоятын талаптарына сәйкес «маман моделін», маманның кәсіби бейнесін жасау міндеті зерттеушілердің назарын аударуда.

Маманның кәсіби бейнесін жасауда әлеуметтанушылардың «маман моделі» қасиеттерін қамтитын мынандай төрт түрлі бөлігі болады:



  1. кәсіптік;

  2. әлеуметтік;

  3. саяси-идеялық;

  4. әлеуметтік –психологиялық.

Э.Х.Башкаеваның, Н.В.Кузьминаның психологиялық-педагогикалық зерттеулерінде шығармашылық іс-әрекеттің табыстылығы тұлғаның атқарылатын іске оң көзқарасына тәуелділігі атап көрсетіледі. Сондай-ақ, адамның жеке функционалдық мүмкіндіктері қабілеттердің ғана емес оларды практикада қолдануға тілек білдірудің нәтижесінде іскерлік сапаны анықтауы мүмкін.

Сондықтан, алдымен болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығының қалыптасу үдерісі зерттелді. Бұл үшін студенттердің таңдалған мамандық бойынша оқуға түсуге және басқа мамандыққа ауысуға қызығушылықтары зерттеліп, кәсіби бағыттылық деңгейі мен оның құрылымына тәуелді болашақ қызметтері мен оған дайындықтарының түрлі тұғырлары бойынша қанағаттандырылу дәрежелері айқындалды.

Э.Х.Башкаеваның, Н.В.Кузьминаның жұмыстарында кез-келген мамандыққа қатысты кәсіби бағыттылықтың үш деңгейі анықталған:

бірінші деңгей – кәсіби іс-әрекетке бағыттылығы оң студенттер;

екінші деңгей – ЖОО-да оқу барысында мамандыққа теріс қарым-қатынас пен таңдаған мамандығы бойынша болашақ жұмысы арасындағы үйлесімділігі болатын студенттер;

үшінші деңгей – болашақ мамандығына теріс қарым-қатынастағы студенттер [4, 5].

Бірінші деңгейді төртінші курс студенттері, екінші деңгейді – бірінші және екінші курс студенттері, үшінші деңгейді – үшінші курс студенттері құрайды. Болашақ мамандық пен оған дайындықтың түрлі тұғырларының қанағаттандырылуын талдау барысында бірінші деңгейдегі студенттер үшін маңызды іс-әрекеттің түрі болып маманның жауапкершілігі, белсенділігі, кәсіби бағыттылығы, қарым-қатынастылығы айқындалды.

Екінші деңгейдегі студенттерде болашақ қызметтеріне өз қабілеттерінің сәйкестігіне сенімсіздік тән. Мамандықтың дұрыс таңдалғандығына сенімділігі жоқ.

Үшінші деңгейдегі студенттердің барлығы дерлік оқуға түскен немесе төмен үлгерім көрсеткішіне байланысты басқа факультеттерге ауыстырылған.

Н.В.Кузьмина, Э.Х.Башкаева кәсіби бағыттылықтың үш деңгейінен басқа оқу іс-әрекетінде кәсіпке мотивациялық-құндылық қарым-қатынастың үш даму сатысын бөліп атайды.

Бірінші сатыға (І, ІІ курс) оқу іс-әрекетін басқаратын оқу және кәсіби мотивтердің жоғары көрсеткіштері тән. Екінші саты (ІІІ саты) – бұл барлық мотивациялық құраушылар қарқынының баяулауы. Танымдық және кәсіби мотивтер оқу іс-әрекетінде жетекші рөл атқармайды. Үшінші саты (IVкурс) – оқудың түрлі мотивтерінің интеграциялық деңгейі өседі.

Теориялық талдау барысында кәсіби бағыттылықты қалыптастыру үдерісін жетілдіру үшін тұлғаның мотивациялық саласын түрлендіру қажеттілігі белгілі болды. Тәжірибелік жұмыс нәтижелерінде кәсіби бағыттылыққа қабілет және мінез сипаттары сияқты тұлғалық сапалардың үлкен ықпал ететіндігі анықталды.

Кәсіби бағыттылықты қалыптастырудағы негізгі психологиялық-педагогикалық тетігі кәсіби еңбек мазмұны мен кәсіпті таңдаудағы тұлғалық ойлаудың арасындағы қарама-қайшылық екендігі айқындалды.

Осы қарама-қайшылықты шешу және ЖОО жағдайында кәсіби бағыттылықтың даму динамикасын қамтамасыз ету үшін:



  • кәсіп таңдаудағы тұлғалық ойлауды тереңдету;

  • іс-әрекеттің объективті мазмұнына қатысты жетекші мотивке басымдық жасау;

  • іс-әрекеттегі тікелей мотивтерді қалыптастыру;

  • іс-әрекеттің бастамаларын анықтау.

Болашақ маманның кәсіби мағыналы сапаларының құрылымын кәсіби бағыттылық пен жауапкершілік анықтайды. Студент өндірістік және оқу практикалары мен арнайы пәндерді оқу барысында өзінің болашақ жұмысы туралы көбірек білсе болашақ маманға өз міндетттерін орындауға қажетті дағдыларды көбірек игеріп, кәсіби маңызды сапаларының қалыптасу деңгейі жоғарылайды.

Кәсіби білімдердің (әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық) қалыптасу критерийлері:



  • тұлғаның танымдық белсенділігі мен бағыттылығының даму деңгейі;

  • кәсіби білімдердің көлемі, жалпылануы және жүйеленуі;

  • ойлау сипаты, нақтылықты стандартты емес шығармашылықпен ойлау;

  • білімді түрлі еңбек жағдайларында қолдану біліктілігі.

Маманның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы туралы ғылыми зерттеулер “басқару саласындағы маманның ақпараттық мәдениетін” бөлуге және мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді.

Маманның ақпараттық мәдениеті қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың потенциалдық мүмкіндіктері туралы білімдерден; оларды күнделікті оқу, болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісінде дұрыс қолдану біліктілігінен құралады.

Болашақ маманның ақпараттық мәдениетінің бағалану критерийлерін информатика және ақпараттық технологиялар аймағындағы білімдер, біліктіліктер мен дағдылар кешені негізінде анықтау үшін, біз маңызды деген бірнешеуін бөліп алдық.

Ақпараттық мәдениетке ие маман:



    1. мақсатты таңдау және қалыптастыру;

    2. есептің қойылымын іске асыру;

    3. оқытылатын үрдістер мен құбылыстардың ақпараттық модельдерін құру;

    4. автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмегімен ақпараттық модельдерді талдау;

    5. мәліметтер мен білімдерді реттеу, жүйелеу, құрылымдау, ақпараттық модельдің маңыздылығын, мәліметтерді ұсыну тәсілдерін түсіну;

    6. алынған нәтижелерді талдау;

    7. өзінің кәсіби іс-әрекетінің қарқынын арттыру үшін қандай да бір бағдарламалық қамсыздандыруды немесе ақпараттық технологияны қолдануға шешім қабылдау;

    8. қабылданған шешімдердің салдарын алдын-ала болжамдау және сәйкес қорытынды жасау;

    9. үйренілетін үрдістер мен құбылыстарды талдау үшін мәліметтер қорларын, жасанды интеллект жүйелерін, басқа да заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;

    10. автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану – электронды техникалар мен телекоммуникация жүйелеріне негізделген ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау және ұсыну жүйелері; халықаралық ақпараттық жүйелер, әлемдік мәліметтер қорлары сияқты ресурстарды тиімді қолдану, қажет мәліметтер қорын таңдай білу, мәліметтерге автоматтандырылған талдау жүргізу;

    11. алгоритмдеу негіздерін игеру: алгоритмдер құру (“жоғарыдан төменге” қадамдық әдісі) ұстанымдары, қандай да бір міндетті емес бағдарламалау тілін оқып үйренудегі алгоритмдердің базалық құрылымдары;

    12. қызмет саласы үшін маңызды ғалымдардың идеяларын, атап айтқанда, олардың шығармалары туралы мәліметтер (шығарманың аталуы, мазмұны, және сала бойынша ғылыми, қолданбалы еңбектердің мәні, ғылыми тұжырымдамалар және т.с.с.) білу; нақты құжаттар (анықтамалар, нормативтік құжаттар, сала бойынша беделді басылымдар, мерзімдік жетекші басылымдар және т.с.с); оларды пайдалана білу (есте сақтау, оларға сілтеме жасай білу және т.с.с.); түрлі ақпарат көздерін пайдаланып қажетті ақпаратты табу, сұрыптау, талдау және өз іс-әрекетінде нақты қойылған мақсатқа жету үшін пайдалану;

    13. аймақтық ақпараттық қорларды пайдалану, сақтау және дамыту; берілген қорлардың жергілікті халыққа жеткізілу деңгейін және аймақаралық ақпараттық байланыстар мазмұнын білу;

    14. ақпараттық қызметтің құқықтық негіздерін меңгеру, өз кәсібіне байланысты заңдар мен нормативтік актілерді білу, анықтамалық-құқықтық жүйелерді және шешім қабылдау жүйелерін игеру, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін білу;

    15. ақпараттың қоғамдағы бейнелену заңдарын білу; болып жатқан ақпараттық түрлену мағынасын түсіну, қалыптасып отырған ақпараттық қоғамдағы өз орны мен міндеттерін түсінуі қажет.

Жоғарыда аталған білімдерді, біліктіліктер мен дағдыларды ЖОО жағдайында меңгеру болашақ мамандарға қазіргі заманғы ақпараттық мәдениеттің барлық қажетті элементтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді (сурет 1).


Сурет 1 - Маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру алгоритмі

Қорыта айтқанда, білім беру саласындағы жүргізілген зерттеулер, сараптаулар мен тәжірибелерге сүйене отырып, келешекте оқу жүйесін дамытудың мынадай үдерістерін атап өтуге болады:



  • оқу саласын демократияландыру;

  • гуманитарландыру;

  • жоғары білім, ғылым және өндіріс салаларын бірлесе жұмылдыру;

  • халықаралық ізденіс пен тәжірибелерді есепке алу;

  • оқу үдерісін ғылым мен техника жетістіктері негізінде жүргізу;

  • мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық психологиялық ерекшеліктерін есепке алу;

  • жоғары оқу орындары мен болашақ мамандардың өмірге көзқарасы араларындағы байланысқа зер салу, т.б.

Аталмыш үдерістерді жүзеге асыру мақсатында осы заманның мүддесіне сәйкес оқу сапасын жетілдіруде өкімет саясатын басшылыққа алатын білім берудің жаңа моделін ендіру мен оны жетілдіре түсу қажет.

Бұрынғы оқу жүйесінде қалыптасқан әдістер мен ережелер арқылы тек бұрыннан белгілі қоғам саласындағы өзгерістерді, табиғат әлеміндегі қайталанатын құбылыстарды баяндаумен шектеліп келеді.

Аталған кемшіліктерді ескере отырып, білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында кәсіби маманның ойлау дәрежесін дамыту, пәнаралық байланыстарға көңіл бөлу, ақпараттық–компьютерлік, технологиялық білімді дүние жүзілік деңгейге дейін көтеру, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар дайындау мәселелеріне көңіл бөлген жөн.
Әдебиеттер:
1. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. пед.ғыл.докт.дисс... авторефераты. -Қарағанды, 2005. -33 б.

2. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 2007. – 70 б.

3. Нәбиев Ы.А. Жоғары оқу орындарында болашақ инженерлерді графикалық даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед.гыл.докт.дисс. ... автореф. -Алматы, 1996. -47 б.

4. Антонова С.Г. Информационная культура личности: Вопросы формирования, //Высш. Образование в России.-1994.-№1.-С.82-88

5. Информационная культура специалиста: гуманитарные проблемы: Межвуз. научн. конф. Краснодар-Новороссийск 23-25 сентября 1993 г. Тезисы докладов. Краснодар 1993г.-249с.
УДК 517.51
Основные принципы и преимущества разработки учебно-методических электронных пособий по информатике для школьников
Балябкина А.П., Жангужина А.Е., Шалабаева Д.Д.

Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева, Петропавловск
Научный руководитель – Гуляева А.Л.
Современное образование постоянно требует совершенствования приемов, методов, форм, и создания новых в преподавании того или иного учебного курса дисциплины. Это связано, в первую очередь такими процессами, как информатизация образования, предполагающая:


  • создание компьютерных классов, средств телекоммуникаций, оперативной полиграфии, систем интерактивного видео, баз данных и программных средств обучения;

  • внедрение средств новых информационных технологий в традиционные учебные дисциплины, разработка программного обеспечения, компьютерных курсов;

  • введение дистанционного обучения, смена методической основы обучения.

Информатика не уступает в этом другим школьным дисциплинам. Являясь одной из ускоренно развивающейся, информатика, как школьная дисциплина, включает в себя использование различных средств информационно-коммуникационных технологий, в том числе и учебно-методических электронных пособий.

Электронное пособие - это электронное издание частично (полностью) заменяющее или дополняющее учебник. Электронное пособие в отличие от учебника должно предполагать наличие и определенной методики, разрабатываемой в рамках педагогического подхода (проблемного, проектного, контекстного, эвристического и др.). Учебно-методическое электронное пособие позволяет в значительной мере использовать огромные возможности, предоставляемые современными телекоммуникационными технологиями [1].

Возможности обычных средств обучения (к примеру, печатных книг, справочников и др. литературы) достаточно ограничены, т.е. традиционный учебник вмещает в себя всего лишь небольшое количество учебных материалов, самостоятельных контролирующих заданий.

Электронные пособия имеют следующие отличительные особенности:



  • гибкость - возможность обучения в удобное время, в удобном месте и темпе;

  • охват - объединение в одном электронном пособии различной учебной информации;

  • экономичность - технология обновления научной и учебной информации в электронных средствах обучения, по сравнению с печатными изданиями, выигрывает в финансовом плане;

  • интерактивность - наличие таких необходимых для удобства средств как гиперссылки, анимация;

  • наглядность - возможность просмотра видео-файлов, прослушивания мп3-звуков;

  • технологичность - использование в образовательном процессе новейших достижений информационных и телекоммуникационных технологий, способствующих продвижению учащихся в мировое постиндустриальное информационное пространство [2].

При разработке электронного пособия нужно придерживаться следующих принципов:

  • принцип приоритетности педагогического подхода: реализуется через постановку образовательной цели и разработку содержания образовательной деятельности на основе одного или комбинации нескольких дидактических подходов: системного, синергетического, проблемного, алгоритмического, программированного, проектного, эвристического, компетентностного и других подходов;

  • принцип модуля: разбиение материала на разделы, состоящие из модулей, минимальных по объему, но замкнутых по содержанию;

  • принцип полноты: каждый модуль должен иметь такие компоненты как, теоретическое ядро, контрольные вопросы по теории, примеры, задачи и упражнения для самостоятельного решения, контрольные вопросы по модулю с ответами, контрольные тесты, контекстная справка, исторический комментарий;

  • принцип наглядности: каждый модуль должен состоять из коллекции кадров с минимумом текста и визуализацией, облегчающей понимание и запоминание новых понятий, утверждений и методов;

  • принцип ветвления: каждый модуль должен быть связан гипертекстными ссылками с другими модулями так, чтобы у пользователя был выбор перехода в любой другой модуль;

  • принцип регулирования: учащийся самостоятельно управляет сменой кадров (не следует забывать, что пользователь должен чувствовать себя при работе с электронным пособием комфортно, а для этого необходимо предусмотреть всевозможные элементы управления;

  • принцип адаптивности: электронный учебник должен допускать адаптацию к нуждам конкретного пользователя в процессе учебы, позволять варьировать глубину и сложность изучаемого материала и его прикладную направленность, предоставлять графические и геометрические интерпретации изучаемых понятий и полученных учащимся решений задач[3,4].

В виду того, что электронные учебно-методические электронные пособия позволяют повысить степень изучения и усвоения нового материала, упрощает проверку прошлого, существует необходимость и важность разработки таких пособий и по информатике. Так, они могут быть использованы практически на всех типах уроков, факультативных занятиях, а также при подготовке к различным творческим соревнованиям по информатике (олимпиады, турниры и др.).
Литература

  1. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М.: Издательский центр “Академия”, 2003. .- с.53-62;

  2. Носов Е.К. Основные понятия педагогической информатики.//Педагогическая информатика. №1. -2007.- с.81-85;

  3. Григорьев С.Г., Краснова Г.А., Роберт И.В. и др. Разработка концепции образовательных электронных изданий и ресурсов//Открытое и дистанционное образование. Томск, 2002. № 3 (7). - с.31-33.

  4. Семакин И.Г. Методическое пособие. Программы для общеобразовательных учреждений: Информатика. 2-11 классы. – с.78-96. 

УДК 004.056


«АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ» ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ КУРСЫ

Букаева С.Е.

С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар
Ғылыми жетекші – Оспанова Н.Н.
Қазіргі таңда компьютерлік техниканы жаппай ендірумен байланысты педагогикадағы оқыту құралдарының классикалық жіктелуін, яғни нақтылы (материалды) және идеалды (абстрактілі) оқыту құралдарын, виртуалды құралдарды қосу арқылы кеңейтуге болады. Виртуалды оқыту құралдарына студенттің виртуалды жұмыс жасауын білдіретін, оқытуға бағытталған бағдарламалық өнімдерді қолдану жатады [1]. Осыған байланысты заманауи электрондық оқу басылымдарын үлкен көлемде әзірлеу қажет. Электрондық оқу курсы – бұл білім беру үрдісін қолдауға, сонымен бірге оқу бағдарламасының негізінде өзін-өзі үздіксіз оқытуға арналған электрондық білім беру басылымы.

Жылдан жылға адамзаттың қолданатын, бір-бірімен алмасатын, тасымалдайтын ақпараттың көлемі өсіп келе жатыр. Ақпараттың өзінің шығарушысы, яғни өндірушісі немесе иесі болады. Иесі ретінде маңызды ақпаратты құпияда сақтау өндіріс нарығында және тауарлар тұрмысында және қызметінде табысты бәсекелесуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жасырын ақпаратты қорғауға бағыталған нақты әрекетерді талап етеді. Осындай мәселелерді «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәні қарастырады.

Аталмыш тақырыпты қарастырудың нәтижесінде «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен толыққанды электрондық оқу курсының компьютерлік бағдарламасын құру мақсаты көзделіп отыр.

Қарастырылып отырған тақырып аясындағы әдебиеттер мен ақпарат көздеріне шолу жасаудың нәтижесінде әзірленген бағдарламалық қамсыздандыру сияқты бағдарламалар Қазақстан Республикасында қолданылмайтыны анықталды. Алайда көптеген ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау пәнінен қазақ тіліндегі дәрістер кешені табылды [2]. Ресей аумағында «Учебный курс по информационной безопасности» атты оқу курсы бар екендігі анықталды, ол өз кезегінде дәрістер жиынтығы түрінде берілген [3]. Осыған қарамастан, берілген пәнді толығымен жетік түрде меңгеруге мүмкіндік беретін электрондық оқу курсы зерттеу барысында айқындалмады.

Электрондық оқу курсы Macromedia Flash пен Delphi бағдарламалау орталарының үйлесуі негізінде әзірленген.

Әзірленген бағдарлама «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінің оқу бағдарламасымен сәйкестей отырып, келесі бөлімдері құрастырылды:



  • дәрістер кешені;

  • тәжірибелік жұмыстар;

  • қорытынды және аралық тестілеу;

  • анықтамалық сөздік.

Дәрістер кешені оқу бағдарламасына сай курсты толық меңгеруге қажетті тақырыптардан тұрады. Бағдарлама Macromedia Flash-тың алуан түрлі мүмкіндіктерін қолдану арқылы, динамикалық анимациялар мен бейнелі түрде берілген түсініктемелерге толы. Тәжірибелік жұмыстар бөлімі криптографиялық жүйелер бойынша тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығуларды қамтиды. Бұл бөлімде электрондық оқу курсты өтіп жатқан қолданушыға ыңғайлы әрі түсінікті түрде етіп қолайлы қабықша жасалған. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау пәнінен электрондық оқу курсты толығымен қтіп болған соң немесе межелік бақылау ретінде де меңгерілген білімді тексеру мақсатымен тестілеу қабықшасы жасалған. Яғни бұл бөлімде қолданушы өзін шынайы түрде бағалай алады. Тестілеу қазіргі жоғары оқу орындарының жаңадан енгізілген тестілеу әдістері бойынша өткізіледі, яғни тек қана ашық немесе жабық сұрақ түрінде ғана емес, сонымен бірге сәйкестендіру тәсілі де қолданылған. Анықтамалық сөздік бөлімінде курсты өтуші адам кез келген уақытта түсініксіз сөздер мен терминдердің толық анықтамасын көре алады. Бұл бөлімде қолданушы жадысында ақпарат орнықты сақталуы үшін алуан түрлі суреттер мен анимациялар енгізілген.

1-сурет – Электрондық оқу курсының бастапқы беті
Қорытындылай келетін болсақ, осы жобада әзірленген электрондық оқу курсы білім алушының жаңа пәнді жан-жақты және жоғары деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Қолданушы дәрістік кешенді мәтіндік түрде ғана қабылдамай, сонымен бірге жадысында сақталу мақсатымен алуан түрлі түсіндерме анимациялар мен динамикалық сұлбаларды көре алады. Меңгерген білімін көрнекі тәжірибелік жұмыстар бөлімінде толықтырып, межелік не қорытынды тестілеу арқылы бекітеді. Мұндай электрондық оқу курсы жоғары оқу орындарында Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау пәнін меңгеруші студенттермен, сонымен бірге бұл салада қызығушылық танытқан адамдар үшін ыңғайлы да толыққанды оқу курсы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет