Семья indd


«Мен жасы сөйлеймін» ойыны



Pdf көрінісі
бет10/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

«Мен жасы сөйлеймін» ойыны. 
Мақсаты: баланың байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік 
қорын дамыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету. 
Шарты: Сурет бойынша ертегі әңгімелеп беріп, енді рөлдермен 
(анасы-бала, баласы- ана рөліне) ауысып, баланың ертегіні 
мазмұндағанын көңіл бөліп тыңдау.
«Кім көп сөз біледі?»
Мақсаты: баланың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ 
моторикасын дамыту.
Шарты: Дөңгелек қағазда бейнеленген затқа байланысты 
сөз айтып, пришепкамен жіпке қыстыру.
«Төртінші арты»
Мақсаты: баланың сөздік қорын молайту, жалпылауға үйрету.
Шарты: берілген заттарды көрсетіп, артығын тауып қалған 
заттарды жалпылау. Мысалы: қой, сиыр, ешкі, төсек, жылқы.
Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды
аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі 
заман ағымына қарай белсене қатысады. Үздік педагогтердің 
бірі Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғаған: 
«Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында 
баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала 
түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары 
қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыздың тілдік 
дамуына әсері мен тәрбиелік мәні, дене бітімінің әсем де, 
сымбатты болып бітуіне пайдасы зор. Мысалы: «Қуыр- қуыр 
қуырмаш» ойыны балалардың саусақ моторикасын дамытуға, 
тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. 
Балаларымызды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната 
отырып жан- жақты тәрбиелей аламыз. Сонымен қатар ұсынылған 
бірнеше ұлттық ойындарды ойнауға болады: «Арқан тару», 
«Орамал тастамақ», «Ақсерек- көксерек», «Қыз қуу», «Түйілген 
орамал», «Соқыр теке», «Сақина жасыру», «Хан талапай», 
«Аударыспақ», «Теңге ілу», «Бес тас».
1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз «ойын баласы» деген, 
«бала ойынмен өседі» деп те өмірлік қорытынды жасап, оны 
өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен. «Ойын баласы ғой, бүгін 
ойнамай үйде отырып, селсоқ ауырып қалды-ау» деген пікір 
айтып баланың денсаулығын бағдарлаған халқымыз. Ойын 
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, сөйлеу қабілетін оятып, 
бүкіл өміріне ұштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет