3.Демографиялық саяхат. Жердегі халықтың XXғ. 2-жартысында өте тез қарқынмен өсетінін байқадық. Бірақ халықтың бұдан былай да осы қарқынмен өсе беруі мүмкін емес. Өйткені халықтың тірішілігіне қажет табиғат байлықтарының белгілі бір шегі бар. Бәрінен бұрын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр. Сондықтан көптеген елдер халық санының өсуіе реттеу мақсатымен демографиялық саясат жүргізіледі.
«Демографиялық саясат» деп үкімет тарапынан халықтың тууын мемлекетке қажетті мөлшерде жүзеге асыруға бағытталған әкімшілік, әлеуметтік, дәрігерлік және басқа да шаралар жүйесін айтады. Дүние жүзі халқының саны өсумен қатар, туудың азаюына байланысты ,кейбір елдерде керісінше, кеміп кеткені байқалады. Бұл елдегі еңбеке жарамды адам санының азаюына, елдің қорғаныс қабілетінің кемуіне апарып соғады.Халықтың туу мөлшерін мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолдану арқылы реттеп отыра қажеттіліг келіп шығады.
Халықтың табиғи өсімі жоғары елдерде демографиялық саясат туу санын шектеуге бағытталады. Мұндай саясатты дүние жүзіндегі ең халқы көп елдер – Қытай (1млрд 300млн) және Үндістан (1млрд) жүргізеді. Соның нәтижесінде халықтың жылыдық табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 1968ж. 28-ден 1988ж. 10-11 адамға дейін кемиді.Қытай үкіметі болашақта өсуін тоқтатуды көздеген демографиялық саясат жүргізіп отыр.
Халықтың табиғи өсімін азайту жөніндегі демографиялық саясат Азия мен Американың көптеген елдерінде қолға алынған. Бұған керісінше бірқатар дамыған елдерде табиғи өсімнің азайып кетуіне байланысты тууды көбейтуге бағытталған демографиялық саясат жүргізіледі. Ол елдерде тууды қолдау үшін балаға ай сайын жәрдемақы төлеу, көп балалы отбасына түрлі жеңілдіктер жасау, некелесу жасын төмендету, бала тәрбиелейтін мекемелер санын көбейту, жүкті болған әйелдерге баласын түсіруге тыйым салу сияқты шаралар жүзеге асырылады.Мұндай мемлекеттердің қатарына Франция, Германия, Болгария, Венгрия, Румыня жатады. Соңғы кездерде бұрынғы Кеңес Одағы құрамына енген бірқатар елде халықтың әл-ауқатының төмендеп
кетуі және басқа жаққа қоныс аударуға байланысты халық санының күрт азаюы орын алып отыр.
Бақылау сұрақтары.
1.Адам баласы дамуының алғашқы кезеңінде Жердегі халық саны не себепті өте баяу өскен?
2.Қосымшадағы «Жердегі халық санының өсуі» кестесіне қарап дүние жүзі халқының қай уақытта күрт өскенін анықта.
3.«Демографиялық жарылыс» деген не және ол қандай жағдайларға байланысты?
4.Алдағы уақытта Жердегі халық қазіргі қарқынмен өсе беруі мүмкін бе?
5. Демографиялық саясат деген не? Демографиялық саясаттың бағыты немен байлансты?
№ 48- сабақ
Тақырыбы: Нәсілдер
Жоспар:
1.Жер бетіндегі нәсілдер
2.Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстылығы
3.Нәсілдердің теңдігі
Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі нәсілдердік белгілерін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Жер бетіндегі нәсілдер. Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Олардың сыртқы түсіне, дене қүрылысына, бет пішініне өмір сүрген табиғи ортасы үлкен ықпал жасайды.Сондықтан да ыстық жақ пен суық аймақ адамдарының сыртқы келбеті бір-біріне ұқсамайды.Осыдан барып тарихи ұзақ кезеңде
адамдардың нәсілдік топтары қалыптасқан.
Адамзат 3 үлкен нәсілге бөлінеді. Олар: еуропалық түрдегі(ақ), монғолдық түрдегі(сары), негрлік түрдегі(қара)нәсілдер.
Әр түрлі өкілдері бір-бірінен дене бітімі, шашы, терісі, көз қиығы,
бет пішіні, т.б. жөнінен ерекшеленеді.
Негрлік түрдегі нәсілге жататындардың терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы келеді.Бұл нәсілдің өкілдепі Африкада және Аустралияда тараған. Монғолдық түрдегі нәсіл адамдарының терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш болады.Сары нәсіл Азияның көп жерін қамтиды.Оған Американың үндістері де жатады.Еуропалық түрдегі нәсілге жататындардың терісі ақ, мұрны қырлы, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық болып келеді. Бұған Еуропа, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның халқы жатады.
Негізгі нәсілмен қатар аралас нәсілдер де бар.Олар үлкен нәсілдер-
дің бір-бірімен тоғысып,араласқан аймақтарында пайда болған.Мәселен,
Солтүстік Африкада ертеден-ақ еуропалық және негрлік түрдегі нәсілдердің, Батыс Сібір мен Орта Азияда еуропалық пен монғолдық түрдегі нсілдердің өкілі арналасқан.
2.Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстылығы.
Жазғы ыстықта жұмыс істеп, күн көзінде көп жүрген диқан тотығып қараяды. Бірақ жылдың басқа маусымдарында оның қарайғаны кетіп, терісінің түсі бұрынғы қалпына келеді. Енді жер шарының жыл бойы күн шыжып, күйдіріп тұратын ыстық аймақтарында қарай барайық.Ондағы адамдардың ұрпағы мыңдаған жылдар бойындағы ұзақ уақытта күннің қатты күйдіруіне бейімделіп қарайған. Олардың терісінің қара түсі тұқым қуалап кете береді. Шаштарының бұйралығы арасына ауа кіріп салқындатып тұруға қолайлы. Кең танау қапырықта тыныс алуды жеңілдетеді.
Еуропалық түрдегі нәсілдің өкілдері Жер шарының күн аз күйдіретін салқын аймақтарын мекендейді(орыстар, немістер, ағылшындар, француздар,т.б.). Олардың терсінің түсі ақшыл келуі содан.Бұл нәсіл өкілдерінің неғұрлым солтүстікке қарай қоныстанғандарының түрі ақсары, көзі көк , шашы сарғыш, ал оңтүстіктегілерінің түсі мен көзі қоңырқай тартады, шашы қоңыр.
Монғолдық түрдегі нәсілдің адамдары жел жиі соғатын, жазы ыстық,
шаң-тозаңды, құмды-дауылда, қысы аязды, боранды аймақтарда қоныстанған. Олардың көзінің қысық келуі және қабағының астында көздің жас шығаратын төмпешігін жауып тұратын ерекше тері қатпарының болуы шаң-тозаңнан сақтануға бейімділігін көрсетеді.
3.Нәсілдердің теңдігі.Әр түрлі нәсілдерге жататын адамдар бір-бірінен табиғи ортаға бейімделген сырт келбеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Оладың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей. Нәсіл-
дік ерекшеліктер қоғамның дамуына, халықтардың іс әрекеттеріне ешқашан әсер етіп көрген жоқ .
Нәсілдерді осындай бір-бірімен тең деп есептейтіндермен қатар ақ нәсілді жоғары, қара және сары нәсілдерді төмен көретіндер де бар.
Олар қара және сары нәсіл адамдарының ойлау қабілеті төмен, олар тек қана дене еңбегімен айналысуға жаратылған, жер бетінде тек ақ нәсіл адамдары ғана билік жүргізуі керек дейді.
Мұндай теріс идея адамзат тарихының әр кезеңінде көрініс беріп келген. Нәсілшілдік, әсіресе ірі капиталистік елдердің отарлау саясатын жүзеге асыру кезінде барынша күшейді. Америкада негрлердің еңбегін аяусыз қанау, ұрып-соғып кемсіту, үндістерді оқшау аумақтарға қамап ұстау кең етек алды. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германияда фашистер неміс халқы жоғары нәсіл, басқа халықтардың бәрі оған құл болуы керек немесе жер бетінен жойылуға тиіс деп жариялады.Соның негізінде миллиондаған еврейлер, орыстар, поляктар, т.б. халықтар қырғынға ұшырады.Сондай-ақ патшалық Ресейдің шағын халықтарды «бұратаналар» деп кемсітіп қарағаны да әлі ұмытылған жоқ.
Нәсілдік кемсітушілік 2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары Оңтүстік Африка одағы мемлекетінде орын алды.Онда жергілікті қара халық мемлекетті басқару орындарын сайлаудан шеттетілді. Олар ақтар тұратын жерден ішкі аудандарына жер аударылды.Мұнда қара түстілерге еңбекақыны ақтарға қарағанда аз төлеу, олардың мектептерін жабу сияқты кемсітушілік саясат жүргізілді.
Біздің заманымызда дүние жүзі елдері нәсілдік кемсітушілікті адамзат алдындағы қалмыс ретінде айыптап отыр.1965ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті түбірімен жою жөнінде қарар қабылданды.
Біздің елімізде нәсілшілдікке, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол берілмейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған.Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституцияда бекітілген.
Бақылау сұрақтары:
1.Нәсілдердің қандай белгілерге қарап бөледі?
2.Әр нәсілдің негізгі ерекшеліктерін ата.
3.Үлкен нәсілдер қандай аймақтарда таралған?
4.Аралас нәсілдер қандай жерлерде пайда болған?
5.Нәсілдік белгілер қалай қалыптасқан?
6.Нәсілдердің бір-бірімен теңдігін немен дәлелдеуге болады?
7.Нәсілдік кемсітушілікті қалай түсінесіндер?
№ 49 - сабақ
Тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер
Жоспар:
1.Саяси карта туралы ұғым
2.Дүние жүзіндегі мемлекеттер
3.Дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы
Сабақтың мақсаты: Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттерді қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Саяси карта туралы ұғым.Мемлекеттердің жер шарындағы орны мен шекараларын көрсететін карта саяси карта деп аталады. Бүкіл дүние жүзінің, жеке материктердің немесе олардың ірі бөліктерінің саяси картасы жасалады.Әрбір мемлекеттің алып жатқан орны арнаулы асты бояумен оқшауланып белгіленеді.Мәселен, Атластағы Дүние жүзінің саяси картасында АҚШ аумағы қоңыр, Қытай ақшыл, Қазақстан қоңыр жасыл түске боялған.Аумағы шағын мемлекеттер цифрмен белгіленген. Осымен бірге саяси картаға мемлекеттердің астаналары, ірі қалалары, аса маңызды темір жолдары да түсіріледі.
Мемлекеттердің ішкі әкімшілік бөліуін көрсету үшін саяси әкімшілік карта жасалады.Мәселен, мұндай картада РФ-ның республикаларға , округтерге, өлкелерге, облыстарға, Қазақсьанның – облыстарға бөлінуі белгіленеді.
2.Дүние жүзіндегі мемлекеттер.Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 23-ға жуық мемлекет бар. Олар бәрінен бұрын аумағы және халқының саны жөнінен бір-бірінен ерекшеленеді. Аумағының үлкендігі жөнінен әлемнің 7 елі ерекше.Олар: РФ, Канада, Қытай, АҚШ,
Бразилия, Аустралия, Үндістан. Бұл мемлекеттердің бәрінің ауданын қосып есептегенде құрлықтың жартыснан асып түседі.Осындай алыптармен қатар өте шағын елдер де бар.Олар, Италияның астанасы Римде орналасқан Ватикан мемлекетінің жер көлемі 1 шаршы км-ге, халқы 1000-ға жетеді.
Дүние жүзінде халқының саны 100млн-нан асатын 10мемлекет бар. Олардың үлесіне бүкіл Жер шарындағы халықтың 60 пайызы жатады.
Халқының саны жөнінен Қытай 1 оында. Халқы 1млрд 3000млн астам. Сол сияқты Үндістан 1млрд асты. Бұған керісінше Еуропаның орталығында орналасқан кішкене мемлекеттердің халқы 20-30 мыңдай, ал Тынық мұхиттың шағын аралдарындағы кейбір елдердің халқы 10000 жетпейді.
3.Дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы. Дүние жүзі елдері жерінің көлемі және халқының саны жөнінен алуан түрлі. Сонымен бірге мемлекеттер даму дәрежесі жағынан да ерекше.Осыыған орай мемлекеттер ең алдымен үлкен 2 топқа бөлінеді:1)дамыған елдер,2)дамушы елдер.
Дамыған елдердің ішінде үлкен жетілік деп аталатын аса ірі 7 ел бар. Олар: АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Анлия, Италия, Канада.Осылармен бірге дамыған елдердің қатарына 20-дан аса шағын елдер кіреді.Олар негізінен Еуропада орналасқан.Дамыған елдердің өнеркәсібі, көлігі және ауыл шаруашылығы мықтап өркендеген. Өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен пайдаланылады.
Халықтың жан басына шаққанда келетін табыс мөлшері өте жоғары.Дамыған елдер саны жағынан көп болмағанымен, дүниежүзілік шаруашылықта үлкен орын алады.Олардың үлесіне бүкіл дүние жүзі бойынша өнеркәсіп өнімнің 60 пайызы, ауыл шарушылығының 50 пайыздайы тиеді.
Дамушы елдер саны жағынан көп. Олар құрлықтың жартысынан көбін алып жатады.Дүние жүзі халқының да жартысынан көбі де осы елдерде.Дамушы елдер Азия, Африка, Оңтүстік Америкада орналақан.Еуропадағы бұрынғы социалистік елдердің де бірқатары осы топқа жатады.
Бұл елдердің даму дәрежесі өте алуан түрлі.Өнеркәсібі біршама дамыған Бразилия, Аргентина, Мексика, Қытай, Үндістан және де дамуы жағынан артта елдер де көп. Ондай елдердің халқы қайыршылық күн кешуде.Дамуы жөнінен артта қалған елдер мен мүлде нашар дамыған елдер бұрын ірі мемлекеттердің отары болған. Мұндай елдердің өнеркәсібі өркендемеген, халқыынң көбі ауыл шаруашылығымен айналысады, сыртқа шикізат шығарады.
Мемлекеттер саяси және шаруашылық мүделеріне байланысты түрлі ұйымдарға бірігеді. Халықаралық ең ірі қауымдастық – БҰҰ. Дүние жүзі елдерінің көбі осы ұйымға мүше. Қазақстан БҰҰ-ға тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 ж. мүше болды.
Мүше елдер БҰҰ-ға өз өкілдерін жібереді.БҰҰ халықтар арасындағы бейбітшілік сақтау, соғысты болдырмау, дамуы жөнінен артта қалған елдерге көмектесу, табиғи апатпен, аштықпен және індет аурулардың таралуымен күресу.Ұйым соғыс жанжалы шыққан елдерге өзінің біріккен қарулы күштерін енгізіп, бір-бірімен келісім жүргізуге ықпал жасайды.
Мемлекеттер шарушылық мүдделерінің жақындығына қарай да жеке одақтар да құрады. Олардың бірі – ТМД. Біздің еліміз ТМД-ға және соңғы жылдары құрылған бірнеше экономикалық одақтарға мүше.
Бақылау сұрақтары.
1.Саяси карта нені көрсетеді?
2.Әлемдегі ең ірі7 елді ата, картадан көрсет.
3.Халқының саны жағынан ең үлкен 2 елді ата
4.Дамыған және дамушы елдердің ерекшеліктерін салыстырыңдар.
5.Мемлекеттердің халықаралық және аймақтық қандай ұйымдарын білесін?
6.Мәтінде аталған елдерді картадан көрсет.
№ 50 - сабақ
Тақырыбы: Қазақстан әлем картасында
Жоспар:
1.Қазақстан тәуелсіз мемлекет
2.Қазақстанның астанасы –Астана қаласы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның саяси -әкімшілік картасын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Қазақстан немесе ҚР – Еуразия материгінің ортасында орналасқан тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз жер көлемі жөнінен жер шарында алдыңғы 10 елдің қатарында.Ол үлкендігі жөнінен Еуразия материгінде
РФ, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-орында, ал ТМД елдірінің ішінде РФ-дан кейін 2-орында тұрады.
Қазақстанның жер көлемі – 2,7 млн км2, Батыс Еуропадағы ең ірі ел – Франциядан 5 есе үлкен. Оның жеріне Франция, Англия, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сыйып кетеді.
Еліміздің мемлекеттік шекарасы 15000км. Қазақстан солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.
1999жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 15 млн-ға жуық болды. Мұнда жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.Ең көбі қазақтар- 53 0/0 аса.Одан кейінгі саны жөнінен көп халықтар – орыстар, украиндар, немістер, татарлар, өзбектер, ұйғырлар.
1920 ж. РФ-ның құрамында Қазақ автономиялық республикасы құрылды.Ол 1936ж. одақтас республикаға айналды. Кеңестер одағы ыдырағаннан кейін, 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздіігн жариялады.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы(бұрынғы Ақмола қаласы).
1994ж. 6 шілдеде ҚР-ның сол кездегі жоғарғы кеңесі мен Министрлер кабинеті ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысын қабылдады.1997ж. 20- қазанда Президент Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1997ж. 10 желтоқсанынан бастап ел астанасы Алматыдан Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола қаласы 1998ж. 6- мамырында Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып аталды.
Астана аса ірі әуе, автомобиль және темір жолдар торабында орналасқан .Халқы 300000 аса адам.
Қазақстанның аса ірі қалалары – Алматы, Қарағанды, Семей, Павлодар, Тараз, Шымкент. Әкімшілік аумақтың бөлінуі жөнінен еліміз 14 облыстан тұрады.
Бақылау сұрақтары:
1.ҚР-ның Еуразияның ортасындағы географиялық орнының оның табиғат ерекшеліктерінің қалыптасуында қандай мәні бар?
2.ҚР-да қандай ұлт өкілдері тұрады?
3.Еліміздің орталығы Алматыдан Астанаға неге көшірілді?
4.ҚР-да соңғы халық санағы қашан жүргізілді? Соңғы кезде еліміздің халық саны неге орай азайып кетті?
9.ОБТӨЖ мәтіндерінің жоспары.
Р/с
|
ОБТӨЖ тақырыптары
|
Сағат саны
|
Бақылау түрі
|
Әдебиеттер
|
І-семестр
|
1
|
Географияның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
2
|
Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,7
|
3
|
Тұрған жерді және жүру бағытын компаспен анықтау
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
4
|
Айнала нысаналау әдісі
|
1
|
Тестілік
сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
5
|
Жер бетін жазықтыққа жазып бейнелеу әдістерінің көп түрлілігі
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
6
|
Карталардың мазмұнын қарай жіктелуі
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
7
|
План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары
|
1
|
ЛЖ.
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
8
|
Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
9
|
Тау жыныстары және минералдар
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
10
|
Жанартау лардың пайда болуы және құрылысы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
11
|
Қатпарлы және қатпарлы – жақпарлы таулар
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
12
|
М Мұхит түбін зерттеу.
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
13
|
Атмосфераны зерттеу жолдары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
14
|
Ауа температурасының жылдық өзгерісі.Көп жылдық орташа температура
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
15
|
Бұлт және оның түрлері
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
16
|
Желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,7
|
17
|
Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы.
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
18
|
Табиғаттағы су айналымы.Кіші және үлкен су айналымдары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
19
|
Мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін маңызы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
20
|
Көлдердің шаруашылық маңызы
|
1
|
ЛЖҚ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
21
|
Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
22
|
Организмдердің әрекетінен топырақтың пайда болуы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
23
|
Тропиктік және субтропиктік белдеулер
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
24
|
Таулардағы биіктік белдеулер
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
25
|
Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстылығы
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
26
|
Қазақстан тәуелсіз мемлекет
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
27
|
Картографиялық проекциялар
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
28
|
Жер бедерінің ішкі және сыртқы күштері
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
29
|
Ауа массалары мен басым желдер
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,7
|
30
|
Су массалары. Беткі ағыстардың таралуы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,7
|
31
|
Географиялық қабық заңдылықтары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
32
|
Адамзаттың Еуразия материгін қоныстануы
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,7
|
33
|
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
34
|
Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшелігі
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
35
|
Еуразияның ішкі сулары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
36
|
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
37
|
Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары
|
1
|
ЛЖ.
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
38
|
Солтүстік Еуропа елдері
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
39
|
Оңтүстік – Батыс Азия елдері
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
40
|
Орталық және Шығыс Азия елдері
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
41
|
Материктің ашылу және зерттелу тарихы
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
42
|
Солтүстік Америка материгінің Еуразиядан басты айырмашылығы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
43
|
Арктикалық шөл зонасы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
44
|
Канаданың табиғат жағдайы мен халқы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
45
|
Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхитар
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
46
|
Оңтүстік Американың пайдалы қазбалары
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,7
|
47
|
Оңтүстік Американың табиғат зоналары
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
48
|
Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауындағы табиғат зоналары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
49
|
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
50
|
Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
|
1
|
ЛЖҚ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
51
|
Африканың ішкі сулары
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
52
|
Африканың табиға зоналары
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
53
|
Батыс,Шығыс және Оңтүстік Африка елдері
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
54
|
Аустралия климаты және ішкі сулары
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
55
|
Тынық мұхит және Мұхит аралдары
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
56
|
Антарктиданың табиғат жағдайлары
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
57
|
Қазақстан аумағының уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
58
|
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
59
|
Ұлы Жібек жолы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
60
|
Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
ІІ-семестр
|
61
|
XVI-XIX ғасырлардағы Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
62
|
ХХғ. 30-40 жылдары Қазақстанда географиялық зерттеулері
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,7
|
63
|
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
64
|
Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
65
|
Аласа таулы өлкелер
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
66
|
Қазақстанның пайдалы қазбалары.Жанатын пайдалы қазбалары
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
67
|
Қазақстанның климаты. Атмосфераның циркуляциясы.Ауа массалары
|
1
|
ЛЖ.
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
68
|
Республиканың жазық және аласа таулы бөлігіндегі жауын –шашынның таралуы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
69
|
Қазақстанның өзендері
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
70
|
Тектоникалық көлдер
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
71
|
Арал теңізі. Балқаш көлі
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
72
|
Қазақстанның топырақ жамылғысы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
73
|
Орманды дала және дала зоналары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
74
|
Шығыс Еуропа жазығы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
75
|
Солтүстік Қазақстан жазығы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
76
|
Оралдың жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын,табиғат жағдайлары
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,7
|
77
|
Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
78
|
Тянь – Шанның жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
79
|
Қазақстанның экологиялық проблемалары
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
80
|
Қазақстан қорықтары
|
1
|
ЛЖҚ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
81
|
Қазақстанның эканомикалық-геогафиялық жағдайы
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
82
|
Қазақстан халқының тығыздығы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
83
|
Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы, өнеркәсіп құрылымы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
84
|
Қазақстанның энергетика шаруашылығы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
85
|
Қазақстанның ауыр түсті металдар металлургиясы және жеңіл түсті металдар металлургиясы
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
86
|
Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
87
|
Қазақстанның құрылыс материалдар өнеркәсібі
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
88
|
Қазақстанның өсімдік және мал шарушылығы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
89
|
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптің салалары
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
90
|
Қазақстанның әлеуметтік инфроқұрылым салалары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
91
|
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
92
|
Қазақстанның Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,7
|
93
|
Қазақстанның Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
94
|
Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
95
|
Дүние жүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен халықаралық ұйымдары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
96
|
Саяси география және геосаясат.Тарихи географиялық аймақтар
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
97
|
Табиғат ресурстары және олардың түрлерін
|
1
|
ЛЖ.
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
98
|
Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
99
|
Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
100
|
Дүниежүзінің отын – энергетика балансы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
101
|
Ауыл шаруашылығының маңызы
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
102
|
Дүниежүзілік шаруашылықта көліктің алатын орнын және маңызы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
103
|
Дүниежүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық байланыстардың алатын орны
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
104
|
Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық –географиялық жағдайы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
105
|
Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,7,8
|
106
|
Ресейдің экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстары
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,7
|
107
|
Беларусь Республикасы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
108
|
Украинаның физикалық –географиялық орны мен табиғат жағдайлары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
109
|
Молдова Республикасы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
110
|
Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары
|
1
|
ЛЖҚ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
111
|
Өзбекстан Републикасы
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
112
|
Тәжікстан Републикасы
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
113
|
Түрікменстан Републикасы
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
114
|
Қырғызстан Републикасы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
115
|
Еуропа елдерінің шаруашылығының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны
|
1
|
ЛЖ
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
116
|
Дамыған капиталистік елдердің құрамына кіретін Ұлыбританияның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
117
|
Дамыған капиталистік елдердің құрамына кіретін Италияның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
118
|
Шығыс Еуропа елдерінің өнеркәсіп түрлерін, ішкі экономикалық айырмашылықтары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
119
|
Шетелдік Азия елдерінің дүниежүзілік шаруашылық географиясында алатын орны
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
120
|
Үндістанның шаруашылығының негізгі даму бағыттарын және ішкі айырмашылықтары
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
121
|
Дамыған капиталистік ел және Азияның жетекші елі – Жапонияның дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
122
|
Американың жоғары дамыған елі АҚШ – тың дүниежүзілік шаруашылық географиясындағы алатын орны
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
123
|
Африкадағы дамушы елдері
|
1
|
Реферат
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
124
|
Бейбітшілік сақтау проблемасы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
1,2,3,4,5,6,
7,8
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |