Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет12/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3.Шоңғалдар мен сарқырамалар.Өзен аңғарының түбі кей жерлерде қопсыған, жұмсақ құм, саз жыныстарынан тұрады. Ондай жұмсақ тау жыныстарынан тұратын жерді өзендер біркелкі шайып отырады. Ал кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары кездеседі. Олар кейде судың бетіне шығып кетеді. Осындай өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.

Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен суы тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап, қайтадан бірқалыпты аға бастайды.Шоңғалдар кеме қатынасына үлкен кедергі жасайды.Егер жартас өзен арнасын кесе-көлденең алып жатса, су одан төмен қарй құлай ағып сарқырама жасайды.

Жер шарындағы ең биік сарқырама – Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде. Оның биіктігі 1054м. Екінші биік сарқырама – Африкадағы Замбази өзеніндегі Виктория. Онда су 120 м

биіктіктен құлап ағады.

Ал дүние жүзіндегі ең ірі сарқырама жүйесі Игуасу каскадтары болып табылады.Оның ені 2700м , биіктігі 72м . Онда 275 бөлек сарқырама бар .Ол Оңтүстік Америкадағы Бразилия мен Аргентинаның шекарасында орналасқан.Сарқырмада құлап ағатын судың күші сондай зор, ол өте ауыр машиналарды да қозғалысқа келтіре алады.Сондықтан сарқырамаларға қуатты электр станциялары салынады.

Солтүстік Америкадағы Эри Онтарио көлдерінің арасындағы Нигара сарқырамасының биіктігі 50м .Ол жыл сайын Эри көліне қарай орта есеппен 1,5 м-ге жуық шегініп келеді.Өйткені жартасты құрайтын жыныстар опырылып сынып, судың ағысымен төменге қарай ағып кетіп жатады. Болжам бойынша, бұл сарқырама 20000 жылдан кейін жойылады.Сарқыраманың гүрілдеген дауысы 25 км қашықтықтан естіледі. Ал оның жанында тұрғанда су гүрілінің қаттылығы сондай, тіпті адамның дауысы естілмейді. Бұл сарқыраманың үндістер тілінде Нигара – «гүрілдеген су» деп аталуы содан.Тереңге құлап жатқан су пердесі адамның есінен кетпейтіндей тамаша көрініс береді .Онда су тозаңдарына күн сәулелері мың құбылып, алуан түсті шұғыла ойнап тұрады.Сарқыраманың бұл тамаша көрінісі туристерді қызықтырып өзіне тартады.



4.Өзендердің суға молығуы.Өзендерге жер асты сулары,мұздық ,

жаңбыр, еріген қар суы қосылады. Бұл су көздерінің әрқайсысының

үлесі өзенге су жиналатын алаптың климат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Экватор маңындағы өзендердің молдығуында жаңбыр суы басты орын алады. Оларға суы аса мол Амазонка мен Конго өзендері жатады.Алабына жаңбыр барлық маусымда бірқалыпты жауатын-

дықтан, бұл өзендердің деңгейі жыл бойы өзгермейді.

Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендер негізінен қар суымен молығады. Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың

етегінен басталатын өзендер сол еріген қар мен мұздың суымен молығады.

Өзендегі судың мөлшері жыл ішінде өзгеріп отырады.Ол өзеннің

молығу сипатымен тікелей байланысты.Мысалы,қыстай жиналған қардың еріген суымен молығатын жазық жердің өзендері – көктемде,

ал басын тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер жазда тасиды. Судың тасуынан тасқынды айыра білу керек. Су тасуы деп жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су

мөлшерінің едәуір көбеюін айтады.Бұл кезде өзен арнасынан ұзаққа шығып жайылады. Ал өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін тасқын дейді.Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт еруінен пайда болады.Жазғы қуаң кезде өзен едәуір тайыздайды. Өзендегі судың ең төменгі күйін өзеннің сабасына түсуі деп атайды.

Мұндай жағдайда өзенге көбінесе тек қана жер асты сулары қосылады.

Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігін өзеннің режимі.

5.Адамның шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы.

Адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айрықша орын алған.Ең ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл,Тигр,Евфрат,Ганг,Хуанхэ,Янцзы өзендері бойыеда дамығандағы бізге тарихтан белгілі.

Көшпелі қазақ халқы да Еділ мен жайықтың, Сырдария мен Ертістің,

Тобыл мен Есіл сияқты ірі өзендердің бойын жайлаған.Әсіресе біздің заманымызда зендердің шаруашылық маңызы өте зор.

Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді.Біздің елімізде Ертіс,Іле,Сырдария өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді.

Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды.Өзен суын зауыттар мен фабрикалар көп пайдаланады.

Су көп мөлшерде тұрмыс қажетіне жұмсалады. Жауын-шашын аз түсетін, құрғақшылық аудандарда көптеген өзендердің суы жер суаруға жұмсалады. Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде Сырдария

мен Әмудария өзендерінен каналдар қазылған, олармен егістік жерлерге су жіберіледі.Мақта, күріш, жүзім, қарбыз, қауын дақылдары түгелдей суармалы жерлерде өсіріледі.



Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан аумағындағы қандай ірі өзендер бар?

2.Жер бедерінің өзеннің ағыс бағытына қандай әсері бар?

3.Шоңғалдар мен сарқырамалар қалай пайда болады?Жер шарында қандай ірі сарқырамалар бар?

4.Өзендердің суға молығуының қандай көздері бар?

5.Неге өзен суы бірде көтеріліп тасып, бірде азайып, ал кейде кенет көтеріліп-қайтып жатады?

6.Өзендердің шаруашылық маңызы қандай?


№ 38- сабақ


Тақырыбы:Көлдер

Жоспар:

1.Көлдер


2.Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған?

3.Ағынды және ағынсыз көлдер

4.Көлдің батпаққа айналуы

5.Көлдердің шаруашылық маңызы



Сабақтың мақсаты:Көлдер және көлдердің шаруашылық маңызын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Көлдер.Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы

жоқтығында. Көлдер жазықта да , тауда да кездеседі.

Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді.Табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана ғана болатын өте кішкентай көлдер кездеседі.Сонымен қатар үлкендігіне байланысты «теңіз» деп аталатын ірі көлдер де бар.Көлдер тереңдігі жағынан да әртүрлі. Еуразиядағы Байқал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның ең терең жері 1620м.

Қазақстан көлдерінің ең ірілері :Каспий,Арал және Балқаш .

Каспий – дүние жүзіндегі ең ірі көл.л солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. Біздің елімізге бұл ірі көлдің солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Каспийдің ең терең жері 800 м-ден асады. Каспийде балық көп ауланады.Жағалауында және солтүстік-шығысында мұнай мен газдың мол қоры бар.

Арал аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады.Сырдария мен Әмудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал теңізі тартылып бара жатыр. Оның жағасы 100-200 км-ге дейін шегініп, босаған жерлерді тұз бен құм басуда.Қазіргі кезде

теңіз екі су қоймаға, яғни Үлкен және Кіші Аралға бөлініп кеткен.

Қазақстанда көлемі жағынан үшінші орында Балқаш көлі тұрады. Бұл көлдің бір ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы.

2.Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған? Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған.Мұндай көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. Тектоникалық көлдердің мысалдарына Сібірдегі Байқал , Тянь-Шаньдағы Ыстықкөл, Алтайдағы Зайсан жатады.

Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де көлдер пайда болған. Мысалы, Памирдегі Сарез, Іле Алатауындағы Үлкени Алматы көлдері. Мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады.

Каспий, Арал көлдері – осындай қалдық көлдер.

Кейбір көлдер сөнген жанартаулардың кратерлерінде пйда болды.

Оларды жанартаулық көлдер деп атайды. Мұндай көлдер Ява аралында, Куриль аралдарында, Камачатка түбегінде бар.

Жазық жерлердегі өзендер өз бағытын өзгертетін болса, олардың ескі иірімдері шағын көлге айналады.Бұлар – ескі арна көлдері немесе қарасулар.



3.Ағынды және ағынсыз көлдер.Көл суының көптеген қасиеттері, әсіресе тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты.Ағында көлден өзен ағып шығады.Ондай көлге тұз жинақталмайды, өзен ағып шығады.Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.

Ешбір өзен ағып шықпайтын көлдер де бар. Су ағып шықпйтындықтан, оларда біртіндеп тұз жинақтала береді. Мұндай

көлдерге құятын өзендер жерден шайынды қалпында әр түрлі тұздарды алып келіп отырады.Көлдегі судың біразы буланып кетеді, ал қалған судағы тұздың мөлшері бірте-бірте арта түседі де , көл тұзды көлге айналады.Құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады. Осындай көлдерді шөкпе немесе тұнба көл деп атайды.

4.Көлдің батпаққа айналуы.Жаңбыр және қар суы жер бетін шайып, көлге әр түрлі заттарды ағызып алып келеді. Сол сияқты көлдің түбіне өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары шөгеді. Көл

бірте-бірте тайыздайды да, оны ылғал сүйетін өсімдіктер басып кетеді.

көлдің тайызданған жеріне қамыс, құрақ , қияқ , мүктер қаулап өседі.

Шіріген өсімдік қалдықтары көлдің түбіне жиылып, соның салдарынан көл тайыздай бастады.Нәтижесінде көлдің орнында батпақ пайда болады.



5.Көлдердің шаруашылық маңызы. Көлдердің шарушылықта пайдасы үлкен. Олардың ең бірінші байлығы – тұщы суы.Көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Мысалы, Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады.

Сол сияқты Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер (Жоғарғы көл, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио) АҚШ пен Канаданың арасындағы су жолы қызметін атқарады. Ресейдегі Онега мен Ладога көлдерінде де кеме қатынасы үзілмейді.

Көлдер әр түрлі жануарлар мен өсімдіктерге бай. Олардан кәсіптік маңызы бар балытардың түр-түрі ауланады.Тұнба көлдерден тұз өндіріледі.

Қазақстанның кіші-гірім көлдерінен әр түрлі тұздардың орасан зор қоры табылды, оның химия өнеркәсібін өркендету үшін зор маңызы бар.Сонымен қатар көлдер өзен ағыстарын реттеп отырады, мысалы, олар қуаңшылық кезде өзенді сумен қамтамасыз етсе, су тасуы кезінде артығын өз шарасында жинайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Көл деп нені атайды?Көлдің теңізден айырмашылығы не?

2.Дүние жүзіндегі ірі көлдерді картаға түсір.

3.Көлдердің қазаншұңқырларының қалай пайда болуына қарай бөлінетін түрлері қандай?

4.Қандай жағдайда көл батпаққа айналады?

5.Ағынды және ағынсығ көлдерге мысал келтір.Олардың айырмашылығы не?

6.Көл суының тұзды болуы неге?

39 -сабақ



Тақырыбы:Жер асты сулары

Жоспары:

1. Жер асты суының пайда болуы

2.Еспе су мен қабатаралық су

3.Минералды және жылы жер асты сулары

4.Жер асты суының әрекеті

5.Жер асты суын қорғау



Сабақтың мақсаты:Жер асты суларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жер асты суының пайда болуы. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар жер асты суы деп аталады.Олардың тегі әр түрлі. Жер астындағы судың біразы атмосфералық су булары жерге сіңіп салқындағанда су тамшыларына айналады.Мұндай жағдай көбіне шөл мен шөлейттерде кездеседі.Үшінші жолы–судың өте бөлігі жер астындағы балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.

Жер қыртысында суды әр түрлі өткізетін тау жыныстары қабаттары бар. Құм, қиыршық тас, малта тастар су өткізгіш қабат құрайды.

Су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатас жыныстарынан тұрады.Су өткізгіш жыныстар қабатына су жинақталады. Оны сулы қабақ дейді.

2.Еспе су мен қабатаралық су. Жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі суды еспе су деп атайды.Еспе

судың деңгейі ұдайы бірқалыпта болмай, өзгеріп тұрады.Ол жаңбыр жаууына, көктемде қардың еруіне, булану мөлшеріне қарай біресе жоғарылап, біресе төмендеп отырады. Еспе су орманды алқаптарда жер бетіне бірнеше ондаған метр тереңдікте жатады.

Еспе су деңгейін ауыз су алатын құдықтардан байқауға болады.

Егер су өткізбейтін қабат белгілі бір жаққа қарай еңіс орналасса, онда су осы қабаттың бағытымен төмен қарай ағып шыққан суды бастау, бұлақ, көз немесе қайнар, тұма деп әр түрлі атайды. Бұлардың

суы мөлдір, таза және салқын болып келеді. Еспе су құдық қазу жолымен алынады.

Жер қыртысының қойнауындағы сулы қабат әдетте су өткізбейтін қабаттардың арасында жатады.Тау жыныстарының қабаттары иіліп орналасса, қабатаралық суға қысым түседі. Жердің терең қабатындағы қысымды су артезиан суы деп аталады.Артезиан суы жүздеген метрден ондаған километрге дейін тереңдікте жатады.Егер сулы қабатқа дейін бұрғыласа, су бүйірден түскен қысымның әсерінен жер бетіне бұрқақша атқылап шығады.Осындай әдіспен қазылған құдық артезиан құдығы деп аталады.

Артезиан суы мен құдығының аты Франциядағы Артуа, ескі латынша артезиа провинциясынан алынған, өйткені мұндай құдық алғаш рет Франциядағы осы аттас провициясында XII ғасырда қазылып, пайдалануға беріліпті.

Артезиан суы халықты сумен жабдықтауға кеңінен пайдаланылады.Қазақстанның суға тапшы шөлді аудандарында артезиан құдықтарынан ауыз су алынады, мал суарылады, егістікке су жіберіледі.



3.Минералды және жылы жер асты сулары. Құрамында еріген заттар мекн газдар кездесетін жер асты суын минералды су деп атайды.Қазақстан аумағындағы жер астынан шығып жатқан минералды бұлақ «арасан» деген атпен белгілі. Алмаарасан, Жаркентарасан, Қапаларасан және т.б. атауларды етігенбіз.Арасанның су буын, тері , асқазан ауруларына шипа болады.Минералды су бұлақтары Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көп кездеседі.

Кейбір жер асты сулары жылы болып келеді.Ондай сулар өте тереңде жатады.Олардың температурасы +200С-тан +1000С-қа дейін барады және одан да асады.Мұндай сулардың құрамында тұздар, қышқылдар, металдар және радиоактивті заттар кездеседі. Жылы жер асты суларын өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалана-

ды.Олардан йод, глаубер тұзын, бор қышқылын, әр түрлі металдарды алады. Жылы жер асты сулары үйлерді, жылыжайларды жылытуға, электр қуатын өндіруге пайдаланылады.

4.Жер асты суының әрекеті.Жер асты сулары табиғтта үлкен оыр алады.Тұрақты ағып шығатын бұлақтар мен көздер өзендер мен көлдердің молығуына айтарлықтай үлес қосады.Жер асты сулары жер бедерінің түзілуіне де қатысады. Жер асты суларының әрекетінен сырғымалар, үңгірлер пайда болады.

Сырғыма тауда немесе жазықтағы өзен, көл, теңіз жағалуында жүреді. Ол үшін су өткізгіш жыныстардың астындағы су өткізбейтін жыныстар қабатының беті беткейдің еңістік бағытына сәйкес орналасуы шарт. Мұндай жағдайда еспе су су өткізбейтін қабаттың бетіне дейін сіңіп, жинақталады да, төмен қарай ағады. Соның нәтижесінде тау жыныстарының беткі қабаты тұрақсызданады. Белгілі бір уақыт жеткенде үстіңгі тау жыныстарының қабаты салмағымен тұтасынан су өткізбейтін қабаттың ретімен төмен қарай лықсып түсіп кетеді. Өте көлемді сырғымалар Волга өзенінің бойында, Қырымның оңтүстік жағалауында, Кавказда кездеседі.1999ж. Іле Алатуының Кіші Алматының шетіндегі бірқатар үй-жайлар қирап қалды.

Егер жер асты суы өз жолында тез еритін жынысқа, яғни тұзға, гипске, әктасқа кездессе, оларды біртіндеп ерітіп, шаяды.Осылайша жер астындағы үңгірлер пайда болады. Үңгірдің төбесінен су тамшылап тұрады. Судың құрамындағы әк ірікіліп, жоғарыдан төмен қарай және оған қарама-қарсы үңгірдің табанынан жоғары қарай сүңгі тәрізденіп қатады.Олар бара-бара бір-біріне қосылып, бағаналар қатарын құрайды. Мұндай үңгірлердің ұзындығы ондаған метрден әлденеше километрге дейін созылып жатады.Дүние жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі Солтүстік Америкадағы Аппалач тауларының батыс беткейінде табылған.Оның жалпы ұзындығы 530 км.

5.Жер асты суын қорғау. Жер асты суы дүниежүзілік тұщы су қорының аса құнды бөлігі болып табылады.Оның үлесіне бүкіл дүние бойынша жұмсалатын судың 2/3 бөлігінен астамы тиеді. ТМД елдерінде халықтың 800/0 тұщы жер асты су қорын пайдаланады. бұдан жер асты суын тиімді жұмсай отырып, ұқыпты қорғау қажеттігі туады.

Жер асты суының шексіз емес. Егер еспе судың мөлшері жауын-шашынның, өзен, көл суының сіңуінен жыл бойы өзгеріп тұрса, қабатаралық судың жиналуы үшін жүздген-мыңдаған жылдар керек.

Мұнай, химия кәсіпорындарының қалдықтары және сарқынды сулар табиғатты ластауымен бірге еспе суларға араласып , үлкен зиян

келтіреді. Кейде осындай ластанудан жер асты суы пайдалануға жарамай қалатыны да бар. Сондықтан қазіргі кезде жер асты суын қорғау және оларды ұқыпты пайдалану – заманның көкейкесті мәселесі.



Бақылау сұрақтары:

1.Шығу тегі жөнінен жер асты суларының қандай түрлері бар?

2.Су өткізгіш қабат деп нені айтады?

3.Су өткізбейтін қабат қандай тау жыныстарынан тұрады?

4.Еспе су деген не?

5.Бұлақ қалай пйда болады?

6.Қабатаралық судың қандай ерекшеліктері бар?

7.Минералды сулар қалай пайда болады?

8.Жер асты сулары не себепті ластанады және оларды қорғау үшін қандай шаралар қажет?

10.Жер асты суларының табиғатты өзгертуші қандай әрекеттері бар?


40- сабақ

Тақырыбы: Мұздықтар және олардың маңызы

Жоспар:

1.Мұздықтар. Қар жиегі.

2.Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар

3.Мұздықтардың маңызы



Сабақтың мақсаты: Мұздықтар және олардың маңызын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Егер қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата-жата нығыздалып, өзгеріп, мұзға айналады.Бір жерге жинақталған мұз мұздық құрайды.

Мұндай жағдайлар тауларға және полярлық аймақтарға тән. Таулар-

да жаздың өзінде ауаның температурасы биіктік артқан сайын төмендей беретіні белгілі. Сондықтан биік тау бастарында, жаздағы ыстық кездің өзінде ауаның температурасы 00С-тан төмен тұрады.Соған байланысты онда түскен қар еріп кетпей, жинақтала береді.

Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық қар жиегі немесе қар шекарасы деп аталады.

Қар жиегінің биіктігі географиялық ендікке, аумақтың климатжағдайларына беткейлердің, бағдарына байланыста. Бұл сызық экватордан полюстерге қарай төмендей береді, экватор маңындағы тауларда 4500-5000м , тропиктік ендіктерде 5000-6000 м ,қоңыржай белдеуде 2500-4000 м биіктікте өтеді, полярлық аймақтарда теңіз

деңгейіне дейін түседі.Қар жиегі биіктігімен мұздықтардың таралуы байланысты.



2.Құрлық аумағындағы 110/0-ын мұздықтар алып жатыр. Мұздықтардың 2 түрі бар, олар: жабынды немесе материктік мұздықтар және тау мұздықтары. Жабынды мұздықтар жер бетіндегі мұздықтар көлемінің 98 пайызын құрайды. Антарктида, Гренландия және Арктиканың біраз аралдарын жабынды мұздықтар алып жатыр.Мысалы,Гренландиядағы жабынды мұздықтың қалыңдығы 2000 м-ге дейін барады.Мұндай мұздықтардың пішіні қалқан және күмбез тәрізді болып келеді.

Антарктиданың жағалау бөліктерінен өздерінің орасан зор салмағының әсерінен алып мұз кесектері бөлініп,теңізде жүзіп жүретін мұзтауларға, яғни айсбергтерге айналады. Олардың ұзындығы кейде 300 км –ден асады. Айсбергтің биіктігі 600-700 м-ге жетеді, көлемінің 90 пайызға жуығы, әдетте су астында болады. Онымен кеменің соқтығысуы өте қауіпті. Тау мұздықтарының көлемі әлдеқайда кіші, олар өздері бойлай түскен аңғар пішіндес болады.

Біздің елімізде тау мұздықтары Тянь –Шаньда, Жоңғар Алатауында және Алтайда таралған. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы – Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы 12 км.

3.Жер бетіндегі тұщы судың 97 пайызға жуығы мұздықтар мен мәңгі қарларда шоғырланған. Кейбір тау өзендері басын мұздықтардан алады. Қуаңшылық аудандарды суландыратын ірілі –ұсақты өзендердің сулары жазда жер суаруға қажет уақытта молығады. Ол биік тау басындағы мұздық пен мәңгі қардың еруіне байланысты.

Мұздықтар дүниежүзілік су айналымында ерекше маңызды орн алады. Жалпы судың едәуір бөлігінің мұздықтар ретінде сақталуының үлкен маңызы бар.



Бақылау сұрақтары:

1.Қар жиегі деген не?

2.Мұздықтар қалай пайда болады?

3.Мұздықтардың дүниежүзілік су айналымына қалай қатысады?

4.Жабынды мұздықтар мен тау мұздықтарының айырмашылығы неде?

5.Қазақстанның қандай тауларында және неліктен мұздықтар таралған?


БИОСФЕРА

41- сабақ



Тақырыбы: Биосфера туралы ұғым. Тірі организмдердің алуан түрлілігі

Жоспар:

1. Биосфера деген не? Биосфераның шекаралары.

2. Организмдердің өзара байланысы. Биоценоз.

3.Тірі организмдердің алуан түрлілігі.



Сабақтың мақсаты: Биосфера туралы ұғымды,тірі организмдердің алуан түрлілігін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер - тірі организмдердің түрлері.

Жердің тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады (грекше биос - тіршілік, сфера -шар).

Тірі организмдердің басты ерекшелігі - көбейгіштігі (тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмасын естеріңе түсіріңдер). Бір ғана бактерияның ұрпағы кедергісіз көбейіп, сақталып отырған жағдайда 108 сағатта дүниежүзілік мұхитты толтырар еді. Ал бір клеткалы балдыр - диатомея көлемі Жерге парапар шарды толтырып шығуы үшін 8 тәулік жетіп жатыр.

Тірі организмдердің екінші тамаша қасиеті - тіршілік жағдайына икемділігі. Микроорганизмдер Жердің мәңгі тон қабатында да, температурасы +100°С-тан асатын гейзерде де тіршілік ете алады. Олардың кейбір түрлері тұзды суда, қалыпты жағдайдан 3 млн есе көп радиация шығаратын атом реакторларында да кездеседі.

Әр түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі организмдер ауада, суда және жер кыртысында таралған.

Организмдер Жердің қатты қабығында аздаған тереңдікке ғана өтеді. Олардың терең қабатқа таралуына тау жыныстары мен жер асты суларының жоғары температурасы кедергі жасайды. Темпера­тура жер қыртысында тереңдік бойынша арта отырып, 1,5-15 км аралығында +100°С-тан асып кетеді. Сондықтан бактериялар әрі деген­де 4 км тереңдіктен табылған. Мұнай бұрғы ұңғымасында олар 2-2,5 км тереңдікте көптеп кездеседі.

Мұхиттағы тіршілік үлкен тереңдікке дейін таралады, ол тіпті ең терең шұңғымалардан да табылған.

Тіршілік таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады (озон қандай биіктікте шоғырланған, оның жердегі тіршілік үшін қандай мәні бар?). Ауа ағындары бактерияларды 20-22 км биіктікке дейін ілестіріп алып кетеді. 6 км-ден астам биіктікте өрмекінілер мен көбелектер байқалған. Бірнеше километр биікке құстар да көтеріледі. Тіршілік, әсіресе тікелей жер бетінде және гидросфераның 200 м тереңдікке дейінгі беткі қабатында көп шоғырланған.

Сонымен, тіршілік литосфераның бет жағын, атмосфераның төменгі қабатын және гидросфераны түгелдей қамтиды деп қорытуымызға болады.

2.Организмдердің өзара байланысы. Биоценоз. Өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер құрлықтың немесе судың белгілі бір алқабына шоғырланады. Олар бір-бірімен және табиғи ортамен тығыз байланысты тіршілік етеді. Бұл байланыстың негізі жасыл өсімдік болып табылады.

Өсімдік өлі табиғаттың заттарынан, яғни минералдық тұздардан, судан және көмірқышкыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілік үшін қажетті зат түзеді және оттегін бөліп шығарады. Өсімдікті шөп қоректі жануарлар жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштардың жемі болады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын майда организмдер ыдыратып, өңдеп, оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіре алатын қоректік затқа айналдырады.

Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер тірішілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайлары бір текті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер бірлестігін биоценоз деп атайды (грекше био - тіршілік, ценоз –ортақ). Биоценоздың мысалы ретінде батпақ көл, шалғын, тоғай, құмды шөл, сор және т.б. атауға болады.

3.Тірі организмдердің алуан түрлілігі. Жер бетінде тірі организмдердің бірнеше миллион түрі кездеседі. Өсімдіктердің түрі 500 мыңнан, жануарлардың түрі 1 миллионная асады. Бунак денелілер түрінің қанша екенін тап басып айту қиын, ал микроорганизмдердің, яғни бактериялар мен саңырау құлақшалардың түрі де, саны да қисапсыз. Оның үстіне жыл сайын өсімдіктану мен жануартану мамандары өсімдіктердің, бунақ денелілердің, микроорганизмдердің жүздеген, тіпті мыңдаған жаңа түрлерін ашып (тауып) жатады. Мұндай ашылулар сүтқоректілер мен құстардың арасында некен-саяқ дегенмен кейде ұшырасып қалады. Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ылғалды тропиктік ормандарынан өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жаңа түрлері әлде де табылып жатады. Тірі организмдердің тіршілік формасы сан алуан.

Бір жерден екінші жерге өткенде тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты бір тіршілік формасы екінші тіршілік формасына ауысады. Өсімдіктердің тіршілік формасының мысалына ағаш өсімдігінің түрлері (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты, мәңгі жасыл, т. б.), бұталар, шала бұталар, шөптесін өсімдіктер, мүктер және т. б. жатады. Жануарлардың тіршілік формалары: сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, балықтар, бунақ денелілер. Осы сияқты микроорганизмдердің де қоршаған ортаға бейімделген түрлері көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет