(ХІХ ғасырдың 20-90-жылдары)
Сұлтандардың артықшылықтарын шектеп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен теңестірген реформа: (1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар)
Патша үкіметі ислам дінін әлсірету саясатын ұстану себебі:
(исламды христиан дiнiн кеңiнен тарату жолындағы басты кедергi деп санады)
Қазақтың дінге байланысты мәселелері Iшкi iстер министрiнiң қарауына берiлген уақыт: (1867-1868 жылдар)
Зар заман ақындарының өлең-жырларында суреттелген оқиға:
(Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты)
Ресейдiң Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейтін шығарма: («Үш қиян»)
Үш қиян» шығармасының авторы: (Мұрат Мөңкеұлы)
Отаршылдыққа, рулық-патриархалдық артта қалушылыққа батыл түрде қарсы шыққан зиялылар: (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, М. С. Бабажанов, Қ. Халиди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Қосшығұлұлы)
Зар заман өкілдері кімдер? (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б.)
Зар заман деген қай уақытты бейнелейді? (Зар Заман – Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды)
№4 «Арқан тартыс» әдісі сұрақтары: (7 минут)
Қазақтар үшін ең ауыр кезең.....жылдары болды? (Қазақтар үшін ең ауыр кезең ЖҰТ болды. Жұттан аман есен қалу үшін қазақтар шекара шетіндегі казактар мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысты.)
ХІХ ғасырдың 40 – 60 жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері кімдер болды? (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы. Иә, бұлар «зар заманның» ақындары ретінде танылды. Олардыңпоэзиясының негізгі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрыңғы ерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау,жаңа заманның зардаптарын сынау болды.)
Қай теңіздерде балық аулау кәсібі дамыды? (Арал және Каспий)
Ресей империясында алғаш рет жалпы халық санағы қай жылы өткізілді? (1897 жылы)
Қазақ қоғамында қай кезеңде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы құлдырай бастады? (ХІХ ғ ІІ жартысында.)
Елдің орталық, солтүстік және солтүстік шығыс аймақтарында егіншілікпен жаппай айналысуға қашан бет бұра бастады? (ХІХ ғ аяғында)
ХІХ ғ ІІжартысында қазақ қоғамында халық қандай екі топқа бөлінді? (Байлар және жалдамалы жұмысшылар)
ХІХ ғ ІІжартысында қазақ қоғамында халық байлар және жалдамалы жұмысшылар деп екі топқа бөлінді. Сұрақ байлар тобына тән белгілерді атаңдар? (Мал сойып, ет өндіруді кәсіп етті. Кейбіреулерінің өз зауыттары болды.)
ХІХ ғ ІІжартысында қазақ қоғамында халық байлар және жалдамалы жұмысшылар деп екі топқа бөлінді. Сұрақ жалдамалы жұмысшылар тобына тән белгілерді атаңдар? (Түрлі кәсіпорындарда жұмыс істеді. Тау кен кәсіп орындарында жұмыс істеді.)
Молдаларды жұмысына тағайындап, босататын кімдерге тиесілі болды? (Әскери губернатор)
№5. «Асық ойыны әдісі» сұрақтары; (7 минут)
Патша үкіметінің әкімшілік реформалары барысында қазақ ру тайпалары қандай әкімшілік құрылымға бөлінді? ( Болыс, уезд және облыстық )
Елдің қай аймақттары жаппай егіншілікпен айналысуға бет бұрды? (Орталық, солтүстік және солтүстік шығыс)
Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясатының салдарын ата? (Қазақтарға шығыс елдерінде оқуға тиым салды. Әр болысқа бір молда ғана ұстауға рұқсат етілді. Мешіт салу үшін генерал губернатордың рұқсаты қажет болды.)
ХІХ ғасырдың соңына қарай Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шөп шабуды кәсіп еткен шаруашылық мөлшері: (90%-ға жуық)
Қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған, отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі: (жатақтар)
Кедейлерге, мешіттер мен мектептер мұқтажына деп ақша таратқан:
(Павлодар уезіндегі Қараөткел болысының болысы А. Қазанғапов)
Павлодар қаласында мешіт салдырған кәсіпкер: (Б. Шоқабасов)
Дулат Бабатайұлы өлеңіне нені арқау етті? (Дулат поэзиясы – өз заманындағы қоғамдық өмір шындығын, көкейкесті мәселелерін барынша шынайы жырлаған реалистік поэзия. Дулат өз шығармалары арқылы импровазиторлық поэзияны реалистік жазба поэзиямен жалғастырушы алтын көпір болып табылады.)
Шортанбай өлеңлерінде нені бейнеледі? (Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен, тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп білген.)
Мұрат Мөңкеұлы қай өлеңдерінде өз заманын сынады? (Ақын қазақ халқының бес-алты ғасырлық тарихын асқан шеберлікпен суреттеп, баяндайды. Оның жырларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер, су, қоныс, жайылым, өріс, құдық аттары – әлі күнге дейін игерусіз жатқан асыл мұра. Мұрат шығармаларында 150-ге жуық жер, су, қала аттары, 300-дің үстінде адам есімдері кездеседі. Сол замандағы ащы шындықты бейнелеген кеңістігі де әр алуан. Бірқатар туындылары Ресей империясының отарлау саясатына қарсы бағытталды.)
Достарыңызбен бөлісу: |