Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет15/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57

7.2 Орталықтан жылыту


7.2.1 Тұрғын үйлердің орталықтан жылыту жүйелерін пайдалану қамтамасыз етуге тиіс:

жылытылатын жайларда ауаның оптималды температурасын (мүмкіннен төмен емес) қолдау;

жылыту жүйесінде судың температурасын сапалы реттеу кестесіне сәйкес жылыту жүйесіне түсетін және қайтатын ауа температурасын қолдау барлық жылыту аспаптарын біркелкі жылыту;

жүйенің беретін және кері құбырларындағы қажетті қысымды қолдау (жылыту аспаптары үшін мүмкіннен жоғары емес);

герметикалық;

судың барлық көрінетін ағуларын дереу жою;

жылыту аспаптарында ақаулы шүмектерді жөндеу немесе ауыстыру;

су жүйесінің элеваторлық торабында есептіден кем емес ауысу коэффициенті;

жылыту жүйесін реттеу, артық орнатылған жылыту аспаптарын жою және температуралық режим бойынша артта қалатын жеке жайларда қосымшаларын орнату.

7.2.2 Шойын жылыту аспаптарымен жүйелер үшін шекті жұмысшы қысымды 0,6 МПа (6 кгс/см INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image028.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image028.gif" \* MERGEFORMAT ), болат аспаптарымен - 1,0 Мпа (10 кгс/см INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image029.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image029.gif" \* MERGEFORMAT ) деп алу қажет.

7.2.3 Тұрғын ғимараттардың жайларында ауа температурасы салқын мезгілде стандарттармен қарастырылған мәндерден төмен болмауға тиіс. Ғимарат жайларында энергияны үнемдеу мақсатымен жылу шығынын автоматты реттеу құралдар болған кезде түнгі сағат нөлден беске дейін ауа температурасын 2 - 3 °С-қа дейін төмендетуге болады.

7.2.4 Темір ұста- сантехниктер жылыту жүйесінің ақаусыз күйін бақылауға, жылу энергиясының артық шығынын туғызатын ақаулықтар мен себептерді уақытында жоюға тиіс.

7.2.5 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның арнайы рұқсатысыз жылыту аспаптарының бетін немесе санын арттыруға жол берілмейді.

7.2.6 Пайдаланушы персонал жайынды болуға тиіс:

а) ғимараттың жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын тіркеу журналы;

б) қызмет көрсететін персоналдың кезекшілік кестесі;

в) негізгі тораптар мен тіреулерді орналастырумен кезекшінің үстелінде шыныланған стенд (бұл тіреулер өтетін пәтер нөмірлерін, бекітпе- реттеу арматураны, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің ауа жинағыштарын көрсетумен);

г) тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның бас инженері бекіткен, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін іске қосу, реттеу және босату бойынша нұсқаулық. Нұсқаулықта бүкіл құрал- жабдық пен құбырларды тексеру кезеңділігі көрсетілуге тиіс;

д) кірісте судың жұмыс қысымын, жүйедегі статикалық және ең үлкен мүмкі қысымды көрсетумен сыртқы ауаның температурасына байланысты жылу торабындағы немесе жылыту жүйесіндегі беретін және кері судың температура кестесі;

е) жылумен жабдықтау ұйымдарының (ЖЭС, аудандық қазандық және т.б.), апаттық жағдайлар қызметі, жедел жәрдем қызметі, өрт сөндіру күзеті бойынша тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың телефон нөмірлері;

ж) Аспап, автономды қоректендіргіші бар ауыспалы шырағдан, ұсақ алдын-ала жөндеу жұмыстарына арналған материалдар, арнайы киімдер, сүлгі, сабын және дәрі-дәрмек салынған сөмке;

з) жертөлелер мен ғимарат шатырларының кілттерін орналастыруға арналған стенд;

и) кілтті алушы тұлғаның аты-жөні көрсетіліп, қызмет көрсетушінің қызметкерге кілт беру туралы мәліметті тіркеу журналы, берілген және қайтарған уақыты.

7.2.7 Пайдаланушы қызметкер жылу кезеңінің алғашқы күндері жылу жүйелері бойынша жылу тасығыштың дұрыс таратылуын тексеріп жүргізуі тиіс, оның ішінде жекелеген стояктар үшін. Жылу тасуды тарату аталған жоба немесе үйлестірілген ұйым бойынша қайтарылған су температурасы негізінде жүргізілуі тиіс.

7.2.8 Ағымдағы және күрделі жөндеуді өткізу жоспары (кестесі) өз ішіне гидравликалық сынақты, жуып шаюда сыналатын жіберуді және оның орындалу мерзімі көрсетілген үйлестіру жұмыстарын кіргізеді.

Жоспар (кесте) жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен келісіліп, әкімшілік органымен бекітілуі тиіс.

Жөндеу кезінде жылыту құралдары, құбырлар, жауып реттеуші арматура, ауа шығарушы қондырғы және тағы басқа жабдықтар жарамсыз деп танылса, жобаға сәйкес немесе қазіргі заманға сай шығарылатын жабдықтар есебінен арнайы ұйымдардың ұсынымдарымен ауыстырылуы тиіс.

7.2.9 Жылу жүйелерінің ақаулы жағдайы тіркеу журналына енгізілуі тиіс. Ақауды жою бойынша жүргізілген жұмыс түрлері, күні және жөндеу жүргізген қызметкердің аты-жөні журналда белгіленеді. Жылу жүйесінде анықталған кемшілік келесі жылу кезеңіне дайындық жүйесі кезінде есепке алынуы тиіс.

7.2.10 Жылуды пайдалану жүйесін тазарту жыл сайын жылу беру кезеңі аяқталған соң, онымен қоса құрастыру, күрделі жөндеу, құбырларды ауыстыруға байланысты ағымды жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізіледі (ашық жүйелерде жүйені пайдалануға енгізгенге дейін осылайша дезинфекцияға ұшырауы да мүмкін).

Жүйелер жылу таратқыштың есептік шығынынан 3-5 есе асып түсетін су мөлшерінде тазартылып шайылады, бұл ретте судың толық тұнығу жағдайына жету керек. Гидропневматикалық тазартуды жүргізу кезінде ауа қосындысының шығыны жылу таратқыштың есептік шығынынан 3-5 есе аспау тиіс.

Тазартып шаю үшін су құбырындағы немесе техникалық су пайдаланылады.

Тазартудан өтпеген жүйенің қосылуына, ал ашық жүйелерде шаю және дезинфекция жасауға жол берілмейді.

Жылу жүйесін тазарту уақытында гидроэлеваторладың диафрагмасы мен соплолар алынып тасталуы тиіс. Тазарту жүргізілгеннен кейін жүйе бірден жылу таратқышпен толтырылуы тиіс. Жылу жүйесін бос ұстауға жол берілмейді.

Жылу алмастырғыштарды жүйені қосу алдында химиялық немесе механикалық әдіспен тазартқан жөн.

7.2.11 Жылу жүйесін қосуды сынау жылу таратқыштың температурасын 80 - 85 °С-ге дейін қосу арқылы тазарту және қысу жүргізілгеннен кейін жүргізілгені дұрыс, бұл ретте жүйедегі ауа жойылып, барлық жылу құбырларының жылуы тексеріледі.

Жылытқыштардың жылуын сынау бес жылда бір реттен жүргізіледі.

Сыналатын пеш оттығының басталуы мен ұзақтығы әкімшілікпен келісіліп, жылумен жабдықтаушы ұйымдар арқылы анықталады және сынау арқылы жағу басталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірілмей тұтынушылардың назарына жеткізілуі тиіс.

7.2.12 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым қызметкері жылу жүргізу кезінде жылу жүйесінің жұмысына жүйелі түрде бақылау жүргізуі керек.

7.2.13 Жылу таратқыштардың қысымының мөлшерден тыс асып кетуіне орталықтандырылған жылудың қосылуы және өндірілуі кезінде рұқсат етілмейді. Жергілікті жүйелерді жылу таратқыштардың апаттық параметрлерінің артуынан, жылу пунктеріндегі бос қалудан қорғау үшін автоматты қондырғы орнатылады.

Жылу жүйесін толтыруды жылу аспаптарымен немесе ауа шығуы арқылы ауа жиынтығынан кері желі арқылы жүргізген дұрыс. Жылу жүйесі құбырында су жіберілетін қысым аталған жүйеде 0,05 МПа (0,5 кгс/см INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image030.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image030.gif" \* MERGEFORMAT )-ден аспайтын статистикалық қысымнан аспауы тиіс және рұқсат етілетін жылу беру аспаптарының шегінен аспағаны дұрыс.

7.2.14 Барлық жүйелердің сөну уақытында және су ағып кету не басқа ақаулар анықталған жағдайда оның жекелеген учаскелерінде сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде екі сағатқа дейінгі сыртқы ауа ұзақтығының температурасына байланысты белгілеген дұрыс.

7.2.15 Ауа жиынтығы арқылы орталық жылу жүйесінен, ауаны автоматты түрде жоюшы немесе жылу аспабындағы ауа шығарғыш крандардан ауа шығару аталған жүйенің статистикалық қысымының төменгі деңгейін енгізуде қысымның түсуі кезінде, сонымен қатар нұсқауламаға сәйкес (т 5,2.6г) ол сіңгеннен кейін әрқашан кезеңмен жүргізіледі.

7.2.16 Шатырдағы су құбырларына таратушы стояктардың қосылу орындарында және жертөле үй жайларында МЕМСТ-қа сәйкес таңбаланған қалқан орнатылған дұрыс.

Жылу орындарында, шатырда және жертөле жайларындағы су құбырлары боялған болуға тиіс. Ысырмалары мен бұрандалар сұлбаға сәйкес нөмірленуі тиіс (жоба бойынша).

Бекітпе арматурасының сыртқы беті таза, ал бұрандасы графитпен араласқан машина майымен майланады.

7.2.17 Су жылуының сенімді пайдалану жүйесі келесідей жұмыстарды орындау арқылы қамтамасыз етілуі тиіс:

Тазартушы құбырларды жан-жақты тексеру;

Айына бір реттен кем болмауы;

Барынша жауапты элементтер жүйесін жан-жақты тексеру (сорғы, магистралды бекітпе арматурасы, бақылау-өлшеуші аппаратура, автоматты қондырғы) аптасына бір реттен кем болмауы тиіс;

Жылу жүйесінен ауаны жүйелі түрде жою;

Батпақты шаю (шаю жұмысын ластану деңгейіне байланысты орнатқан дұрыс, ол батпаққа дейін және кейін де манометрге қысым ауытқуы бойынша анықталады).

Жылу таратқышының температурасына және қысымға күнделікті бақылау жасау.

7.2.18 Бекітпелі-реттеуші арматураның дұрыстығын тексеруді бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес, ал ысырманы шешу ішкі қарау мен жөндеу үшін үш жылда бір реттен кем болмауы тиіс (дискілер шабрені, дөңгелек тығыздығын тексеру, қысу); жылыту құралдарына реттеуші крандардың майланған тығыздық ауысымы мен жабылудың тығыздығын тексеру жұмысын жылына бір реттен кем емес болғаны дұрыс (бекітпелі-реттеуші крандар, олардың құралымды ақауы бар, және олар одан да жетілгенге алмастырылуы тиіс).

7.2.19 Ысырма мен бұрандалардың реттеуші органдарын соңынан бұрынғы қалпына келтіріп ашудан бас тартқанға дейін айына екі рет жапқан дұрыс.

7.2.20 Тығыздалған төсемдердің фланецті қосылуларын алмастыру фланцецті қосылуларды әр былғаған сайын, арматураны шешу кезінде жүргізілуі тиіс.

7.2.21 Құбырлар мен жылытқыш құралдар бекітіліп, ал олардың орнатылу еңісі деңгей бойынша бекітілуі тиіс.

Пәтерлердегі және баспалдақ алаңдарындағы құбырлар мен жылытқыш құралдар екі рет майлы бояумен боялуы тиіс.

7.2.22 От жағылмайтын үй-жайларда орналасқан жылу жүйесінің арматурасы мен құбырлары-дұрыстығын жылына екі реттен тексеру қажеттігі бар жылу оқшаулауға болуы тиіс.

7.2.23 Құбырлар арқылы ауысу орындарында (шатырда, жертөлелерде немесе техникалық еденастыларында) құбырлардың жылу оқшаулатқышына сүйенбейтін ауыспалы көпір жасаған дұрыс.

7.2.24 Жылыту құбыры ғимаратына орталықтан жылытуды енгізуде бекітпе арматура орнатылуы дұрыс, ол кип құралдарына дейін және кейін де орнатылуы тиіс (манометр, термометр, жылу энергиясы есебінен құралдар мен жылу таратқыштар).

Бақылау-өлшеуіш құралдар, бекіту және реттеуші арматура техникалық жағынан дұрыс жағдайда болып, бекітілген талаптарға жауап беруі тиіс.

7.2.25 Қызмет көрсететін қызметкер жылу пунктінде белгілі болған бақылау-өлшеуіш құралдардың көрсеткішін тіркеу журналына күнделікті тіркеп отыруы тиіс.

Қашықтықтан басқару мен бақылауды диспетчерлік пунктен қолдану ұсынылады.

7.2.26 Жылу таратушының температурасы мен қысымын тіркеу термометр және манометр көрсеткіштері бойынша, ал жылу шығыны жылуесептегіштерінің көрсеткіші бойынша жүргізіледі.

7.2.27 Жылуды жылыту жүйесіне беруді автоматты түрде реттеу жобаға сәйкес белгіленген реттеуішке немесе тәртіпке келтіруші ұйым ұсыныстарымен жүзеге асқаны дұрыс.

Жылыту жүйесін қайта құру кезінде мембран түріндегі кеңейтілген бактарды және ОЖП-н орнатуды қарастыру және автоматты қасбеттік реттеу немесе жылыту құралдарында жеке автоматты реттеуіш және ғимаратқа жылу енгізуде шығынды автоматты реттеуге ұсыныс беріледі.

Автоматты реттеуіштерге қызмет көрсетуді (реттеуде талап етілетін баптау, кезеңмен тазарту және т.б.) зауыт-өндірушілердің нұсқаулығына немесе жоба талаптарына сай жүргізу қажет.

Автоматты реттеуіш құралдарымен жабдықталған жылу пункінің техникалық жағдайын қарауды тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым мамандары бекіткен кесте бойынша тәулігіне бір реттен кем өткізбеген жөн (диспетчерлік бақылаудың жоқтығы кезінде).

Жылу таратқышының тапсырыс берілген параметрін автоматты реттеуішпен қолдау арқылы тексеруді әр қараған сайын жүргізген дұрыс.

7.2.28 Қол тәртібіндегі орталықтан тепкіш сорғыларды жіберу қысымды ұлғайтуға ысырманы жабу кезінде жүргізіледі.

Сорғыны әр жіберер алдында (сорғының жұмыс істеуі барысында тәулігіне бір реттен кем емес) Перед каждым пуском насосов (при работе насоса не реже одного раза в сутки) сорғы немесе сонымен байланысты жабдық және автоматтандыру құралдары жағдайын тексерген дұрыс.

Сорғыны жіберу кезінде:

а) орталықтан тепкіш сорғылардың жұмыс доңғалақтары корпусты айналып өту бағыты бойынша айналым бағыты дұрыс болуы тиіс;

б) біліктің соғылуы болмау керек;

в) орталықтан тепкіш сорғыны негізге бекітетін болт сенімді түрде тартылып тұруы тиіс;

г) сорғылардың сальниктері тығыз толтырылған, жинақы және нормативтен тыс ағып кетпейтін болуы тиіс;

д) агрегаттың қосылу муфтасы қосалқы бүркенішпен қоршалып қойылуы тиіс.

Сорғы бұрандаларының жағылуларының толуы он күнде бір реттен кем жүргізілмеуі тиіс, ал Пополнение смазки подшипников насосов должно производиться не реже одного раза в десять дней, ал сапалық дәрежесі бойынша үш-төрт айдан кем жүргізілмеуі тиіс.

Сорғы бұранда корпустарының температурасы 80 °С –ден аспауы тиіс, ал басқа жағдайда майлауды алмастыру қажет.

7.2.29 Жұмсақ өндірме және сорғының негізін дірілден оқшаулатқыш жобаға сәйкес болып, дұрыс жағдайда болуы тиіс. Резеңкілі дірілден оқшаулатқыш пен төсемдерді ауыстыруды үш жылда бір рет жүргізіп тұрған дұрыс. Тұрғын үйлерде жұмыс істеп тұрған сорғыдан пайда болатын шу деңгейі санитарлық мөлшерден жоғары болмау керек.

7.2.30 Егер жылыту жүйесінде судың айналымы тоқтап қалса және су температурасы +5 °С –дейін төмендеп кетсе теріс температура кезінде жылыту жүйесін босату қажет.

Жылу жүйесін жылу желісінен сөндіру кезінде басында беріп тұрған құбырдағы ысырманы жауып тастау керек. Ысырманы жапқан кезде желіге беріп тұрған қысым кері құбырдағы қысыммен салыстырып тұрғанына көз жеткізу керек, тек содан кейін ғана керіге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет