Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет90/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Логотерапия 
Логотерапия (грек тілінен аударғанда «сөз», «ой», «мән» де-
генді білдіреді) – сөз арқылы белгілі бір дене, құбылыс, жағдай-
дың мәні мен маңызын түсінуге арналған терапия түрі.
Терапияның авторы Виктор Эмиль Франкл кез келген зат, дү-
ние, құбылыстың мәнін түсіну, өзін-өзі тану қажеттілігі тұлғаның 
қозғаушы күші екенін түсіндіреді. Тұлға өзінің өмір сүру мәнін 
тек рухани деңгейде ғана түсіне алады.
В. Франклдың пікірінше, адамзат өзін тануға бейім, өмірінің 
әр сәтіне мән беру арқылы өзінің өмір сүруінің себебі мен маңы-
зын түсінуге тырысады.
Логотерапияның мақсаты – тұлғаға ерік беру арқылы оның 
өмір сүру мәніне жету.
Логотерапия «ерікті болудың маңызы», «сен үшін ерікті болу 
маңызды ма?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Бұл әлеуметтік 
фобиясы бар тұлғалардың қорқу мен үрейден ерік болуының 
маңызы мен мәнін түсінуге бағытталады. Мысалы, логотерапия 
«не үшін мен өз қорқыныштарымнан ерікті болуым керек?» деген 
сұраққа жауап іздей отырып, әлеуметтік фобиясы бар тұлғалар-
дың өмірінде қорқыныштың алатын рөлі мен орнын анықтап қа-
на қоймай, қорқынышты жеңу немесе онымен бірге оған бағына 
өмір сүрудің қаншалықты пайдалы немесе қауіпті процесс екенін 
анықтауға көмектеседі. 
Анықталған сұрақтың жауаптары өз сезімдерін тежеп, жеңу 
барысында үлкен мотивация бола алады. Бұл мотивацияның 
негізі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі емес, ортасы ретінде қа-
растырылады. Тұлға «өзінің шеңберінен шығып, оны қоршаған 
орта, құбылыстарға мән беру»
арқылы көзқарасын ауыстырады. 
Бұл тұжырымдаманы түсіндіру үшін келесі мысалды келтіреміз. 
Әнел ұзақ уақыт бойы тренинг өткізуге дайындалады. Бас-
тығы да оған қолдау көрсетіп, барлығы ойдағыдай өтетінін ай-
тып, иығынан қағады. Тренингке бір-екі күн қалған уақытта Әнел 


166 
қобалжып, қорқа бастайды. Ол үшін бастығы ол туралы не ой-
лайды, егер қателік жасаған уақытта қалай қабылдайды деген 
паразит ойлар басымдылық танытады. Әнел үшін тренинг емес, 
оны
бастығының бағалауы мен пікірі маңызды рөлге ауысты
төмен бағаланып қалу үрейі Әнелдің тренинг өткізе аламын деген 
сенімін бұзып, оның кездесуден бас тартуына себеп болады. Де-
генменен Әнел тренингті керемет өткізіп шығады. Оған не себеп? 
Әнел қалай өз сезімдерін жеңе білді?
Әнел тренингтің өзгелер үшін маңызын және оны күтіп оты-
рған адамдар
жайлы, олардың тренингтен алған білімін өз жұ-
мыстарыңда қалай қолданғаны туралы ойлау арқылы ішкі үрей-
лерін жеңіп, қашудың алдын алады. 
Бұл жағдайда Әнел туындаған үрей мен қорқыныштан өзге-
лердің басымдығы мен маңызын арттырып, өз іс-әрекетінің мәнін 
ауыстырады.
Әлеуметтік қарым-қатынас және әлеуметтік жағдаяттар ке-
зінде өз іс-әрекеттерін бағындыру үшін келесідей жаттығулар 
ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет