Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары


Интернеттің қандай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады



бет6/7
Дата14.06.2016
өлшемі494.5 Kb.
#134250
1   2   3   4   5   6   7

Интернеттің қандай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады:

  • Оқытушы сабақ өткізе алдында тәжірибелік сабақты өткізу үшін қандайда бір аутентті материалдарды таңдай алады;

  • Дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық плата болған жағдайда);

  • Тіл тасушыларының түрлі тақырыптарға қызықты сөздерін қажетті қалыпқа дейін қысқартып алуларына болады;

  • Жөңдеп алынған түрлі мәселелерге ақпаратты ауызша талқылау, пікір талас өткізу;

  • Тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының, мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін реалиялар, идиеомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. алынатын нақты хабарламаларын, ауызша немесе жазбаша айтылымдарына лингвистикалық талдау жүргізу;

Тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық аңықтамалардан, сөздіктердін ел танымдық сипатағы аңықтамалардан алынған материалдарды пайдалану.

Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына қарамастан оқвтудың нәтижелері күткендей болмайды.Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен,оқытудың міндеттеріне жауап бере алмайтындығына, ереулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады.Басты мәселе жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық, қамтамасыз етулердің болуымен қатар оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында.



Әрбір оқытушы шет тілін меңгерген кезде тәжірибеге үлкен мән береді. Оқу процесінде фразаны бір рет рет айту жеткіліксіз, оны бірнеше рет қайталау қажет, және оның мазмұнын нақтырақ анықтайтындай етіп, оның тілдік ресімдеуін өзгерткен дұрыс. Өзіне деректер базасын қамтитын бағдарламалар жекелеген құраушыларын немесе мәнмәтіндерін ғана өзгертіп, мұндай нұсқаулықтарды қайталауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде материалды бағдарламалау жүйесіне тоқталған орынды. Оқу материалын бағдарламалаудың негізгі үш жүйесі бар: сызықтық, тармақталған және аралас (құрастырылған). Сызықтық бағдарламада материал зерттеу үшін жүйелі берілетін кішкендей үлестерге бөлінеді, Оқушы тапсырманы орындап, өзіндік бақылау мег өзін түзету үшін кілт алады және жаттығуды орындау нәтижелеріне байланыссыз материалдың келесі үлесін орындауға көшеді.

Тармақталған бағдарламаға оқушылар жауапта қателесетін немесе қиынға соғатын, яғни жаңа материалды хабарлау реттілігі алдыңғы тапсырманы орындау нәтижесіне байланысты өзгерген жағдайларда қосымша түсіндірмелер енгізіледі. Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда оқушыға материалдың жаңа үлесін зерттеуге кірісуге рұқсат етіледі, олай болмаған жағдайда, ол қосымша, әдетте, жеңілдетілген жаттығулар алады. Бұл жаттығуларды дұрыс жасап, оқушы бастапқы позицияға оралып, оны ойдағыдай орындағаннан кейін ғана оған оқу материалының жаңа үлесін меңгеруге көшуге рұқсат етіледі. Бұл бағдарламалар құрастырылған бағдарлама атауын алып, жаңа түрді жасай отырып, жиі үйлеседі.

Компьютерлік бағдарламаларды әдетте келесі сипаттамалар бойынша жіктейді:


Компьютерлік бағдарламалардың негізгі сипаттамаларын жіктеу

функционалдық белгіленуі бойынша

Бағдарламалау тәсілі бойынша

Оқушылардың біліміне бейімделу тәсілі бойынша

1) оқытушы;

2) ойындық;

3) ақпараттық;

4) бақылаушы;

5) құрастырылған

1) сызықтық;

2) тармақталған;

3) құрастырылған

1) адаптивті;

2) ішінара адаптивті;

3) адаптивті емес

Кез келген деңгейдегі тілдік бірліктің өзіне тән меңгерілу қиындықтары болады: сөздер мен сөз тіркестерінің деңгейі үшін – бұл морфологиялық қиындықтар (әр түрлі деңгейде болса да), фразалардың деңгейі үшін синтаксистік қиындықтар, фразадан тыс бірлік пен мәтіннің деңгейі үшін – логикалық-синтаксистік қиындықтар. Сол сияқты компьютер қолданып, өзге тілді үйренуде де қиындықтар бар.




2.3 Электрондық оқулықтар

Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы «өмір бойы білім алу» ұстанымынан «білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін» ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр. Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан студенттерге білім беріп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде. Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады, ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды. Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді. Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай оқыту қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер, компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану – оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: а) Оқытудың жоғары нәтижелілігі; б) Әр түрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен бейімделгіштігі; в) Жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар жеңіл өзгертіледі, Web-оқулықтар оңай өзгертіледі); г) Қолданудың әмбебаптығы (өздігімен жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де қамтитын тиімділігі). Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның техникалық жағын ғана карастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады. Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет. Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажеттілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр. АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен қарап, оларды шешу кезінде мектептегі ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек: - әдістемелік жабдықтау жағына; - мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға; - қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, модельдеу, әкімшік-шаруашылық кешенін басқаруға) - базалық программалық платформаға (WINDOWS операциялық жүйесі MICROSOFT ОFFICE); - аппараттық кешенге (компъютерлер, жергілікті желі, интернетке қосылу). Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту тұжырымдамасы жатыр. Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін қалтықсыз көшіруге болмайды. Қорыта келе айтарым - оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мұғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. 1.1 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы: а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыға жылдам жеткізеді; ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальді класс жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық уатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды қашықтан оқыту жайлы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыс арналарының да сапасы жақсы болуы керек, бізде ол жағы әзірше әлсіздеу. Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Атап көрсетілген аспектілер мультимедиялық технологияларының оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі 1-суретте бейнеленген. Сурет 1 Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі. Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдістерін талап етеді. 1.2 Электрондық білім беру ресурстары Электронды білім беру ресурстарының басты мақсаты студенттер мен оқушылардың білім сапасын арттыру, оқытушыларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді, яғни бұл басты ерекшелігі мен тиімділігі студент пен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т.б.), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін. Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары (пособие)) –білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым. Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабраториялық практикумдардың және т.б.-ң қасиеттерін қамтыған мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы. Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мамандықтар мен оқу бағыттарындағы аса маңызды мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, кустық және дипломдық жұмыс жобалары, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажеры) саналады. Бұдан басқа да электрондық білім беру өнімдері белгілі. Олар: Диагностикалық бағдарламалар – оқушылардың қате қимылдарының алдын алу, білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау, интеллектуалдық даму деңгейін тексеру үшін қолданылатын бағдарламалар. Пәндік бағытталған орта – оқылып отырған объектілерді немесе олардың белгілі бір пәндік ортадағы қарым-қатынастарын модельдеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен оқу іс-әрекеті, кейбір пәндік аймақтарға байланысты заңдылықтар ұйымдастырылады. Жаттықтырушылар (тренажеры-оқытушы бағдарламалар) – оқу іс-әрекетіндегі іскерлік пен дағдыларды жетілдіретін арнайы бағдарламалар. Сондай-ақ өздік жұмыстар, өткенді қайталауға арналған бағдарламалар. Оқыту мақсатындағы мәліметтер қоры – нақты құрылған және ұйымдастырылған электронды ақпараттар жиымы. Электронды курстық кейстер – CD дискта орналасқан, берілген курс және мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген барлық пәндердің оқу және әдістемелік материлдар жиынтығы. Электронды дәрістер – бірнеше слайдтан тұратын, видеоақпарат, әртүрлі дыбыстар мен анимация элементтерімен толықтырылған компьютерде Power Point дестесімен жасалған дәріс. Жоғарыда айтылған электронды білім беру ресустары осымен шектеліп қоймайды. Олардың практикалық түрлері де бар: тест, тестер, тапсырмалар және т.б. Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электронды білім беру ресурстарын енгізу. Өйткені бүгінгі білім беру саласында тек мұғалімдердің айтқанын орындау және оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқу құралдарын пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

1.3 Электрондық курстың құрылымы. Электронды оқу басылымдарының құрылымы екі бөлімнен тұрады: инварианттық және вариативтік бөлім. Инварианттық бөлім: - Титульдік бет – электронды басылымының тақырыбы, авторы, яғни жасап шығарушысының аты-жөні, шығару уақыты, т.б. мәліметтер көрсетіледі; - Аннотация – курстың мақсатын, өзектілігін, нәтижелілігін және потенциалды қолданушылары туралы қысқаша мәліметтерді қамтиды; - Тақырыбы – жасалып отырған оқу курсының және семантикалық оқу бірліктерінің тақырыптары (бөлім, параграф, т.б.) кіреді; - Бағыттауыш – электронды оқу басылымдарының элементтері арасындағы байланысты және электронды оқу басылымы бойынша жылжу мен бағдарлауға қажетті құралдарды көрсетеді. Бағыттауыш электронды оқу басылымының әрбір бетінде болуы керек; - Мазмұны - электронды оқу басылымының есептері мен мақсаттарына байланысты оқу материалдарының барлық көлемін қамтиды; - Тапсырмалар - өткен материлды меңгеру мақсатымен әртүрлі қиындық деңгейдегі тапсырмалар мен түрлі типтегі тапсырмалар берілуі керек. Дұрыс жауапты белгілегенде жай табу әдісі болмас үшін, сұрақтар мен жауаптар жеткілікті ойланып жасалуы керек. Дұрыс емес жауаптар мазмұны бойынша дұрыс жауаптарға өте жақын болуы тиіс. Тек қана терең білімі және жұмыстың барысын түсінгенде, оқу материалын тиянақты меңгергенде ғана, оқушы дұрыс жауабын таба алатындай жағдай жасалуы қажет; - Қолданылған әдебиеттер тізімі; Вариативтік бөлім: - Тестер – сәйкес қарастырылып отырған оқу курсы немесе оның жеке бөлімдерінің білімдерін бақылау және оқуды оптимизациялау мен автоматтандыруға арналған; - Анықтама – оқу курсының әрбір модулі бойынша ақпаратты оқу материалының тесттік, кестелік және т.б. оқу-әдістемелік мағлұматтарын қамтуы керек; - Көмек – электронды оқу басылымының жұмысын басқаратын ақпарат пен минималды жүйелік талаптар болуы қажет, электронды оқу басылымын іске қосқаннан бастап оған констексттік қатынағанда көмек көрсетуі тиіс; - Дыбыс, видео, анимация элементтері – курстың алдына қойылған мақсаты мен есептеріне байланысты вариативтік компонент болып табылады; - Глоссарий – оқылып отырған пәнге байланысты негізгі терминдер мен олардың анықтамаларын қамтиды; - Және т.б. элементтер. Басқа әдебиет, яғни Искакованың мақаласындағы электронды курстың құрылымы былай берілген: 1) презентациялық бөлімі; 2) оқу құралының негізгі ақпаратынан құралған тапсырма бөлімі; 3) оқушыларды немесе студенттерді объективті түрде бағалау үшін зертханалық жұмыс бөлімі. Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек. Осындай қасиеттерге: 1) интерактивтік қасиет – қайтымдылық шарты; 2) тез арада керекті ақпаратты табу мүмкіншілігі; 3) түсіндірмелерге көп рет қатынау кезіндегі жұмсалатын уақытты өнімдеу қасиеті; 4) мәтінді экранға шығарып қана қоймай, оны түсіндіріп көрсетуге, модельдеуге және т.б. мүмкінділік беру – осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкіншілігі байқалады (көркемділік және қатынау ); 5) кез келген адам үшін тез арада белгілі бір бөлімге қатысты өзінің білімін тексеру мүмкіншілігі; 6) керекті оқу ақпаратын мысалы, Интернет арқылы жаңарту, өңдеу қасиеттері жатады. Қорыта келе, электронды оқулықтың құрылымы жоғарыда аталып кеткен титул беті, мазмұны, аннотация, оқу материалының толық мазмұны (сызбалар, графиктер, иллюстрация, кестелер, т.б.), тапсырмалар жүйесі, бақылау тесттік жүйесі, мәтін бөлігін іздеу жүйесі, авторлар жөніндегі мәлімет және бағдарламамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс. Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін ғана арттырып қоймайды, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай туғызады.

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпататты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы ағылшын тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Эксперимент жүргізудің мақсаты: шетел тілідерін үйретуде коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдарының тиімділігін анықтау, оларды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.

Ағылшын тілін үйрету барысында коммуникативті оқыту технологиясын төмендегідей мақсатта қолданып отырдым: оқушылардың шет тілінде сөйлеу қабілетін дамыту; тілді мәдениет аралық қарым-қатынас жасаудың басты құралы ретінде қолдана отырып, оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілдің мәдениетімен таныстырдым; түрлі мәтіндердегі немесе әңгімедегі басты, маңызды мағлұматты ұғынуға итермелеу; диалогты, пікірталасты, іскерлік әңгімелерді жүргізе алу қабілетін дамыту; жиі қолданатын сөз тіркестерін, жаңа сөздерді есте сақтау; грамматиканы ережеге сай пайдалануға үйрету; сөйлеу әрекетінде дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру.

Жүргізілетін эксперимент міндетіне мыналарды атап айтамыз:

1) оқушылардың білім деңгейін анықтау;

2) шетел тілі сабақтарында коммуникативті оқыту технологияларын қолдануда оқушылардың ынтасын, қызығушылығын бақылау;

3) сабақтарға коммуникативті оқыту технологиясын енгізгеннен кейінгі оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту тиімділігін дәлелдеу мақсатында, №137 қазақ орта мектебінде 6 сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен аталған технологияны пайдалана отырып, эксперимент жүргізген болатынбыз. Эксперимент төрт айға жуық болды. Біздің бақылауымызда 18 оқушы болды. Олардың ағылшын тіл пәнінен оқу үлгерімдері әртүрлі болатын, олардың ішінде ағылшын тілін жетік меңгергендер 25%, орташа меңгергендер 35%, төмен меңгергендер 40%.

Бұл мектепте бекітілген бағдарлама бойынша Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева жазған «English» оқулығы пайдаланылады. [15.27] Сабақ аптасына 3 рет болады, олардың екеуі негізгі ағылшын тіл сабағы, ал біреуі қосымша сабақ. Қосымша сабақтарда жоғарыда аталған оқулықтан бөлек «Cambridge» баспасынан шыққан «Interchange Intro Third Edition» оқулығын қолдандық [16.47]. Бұл оқулықты қосымша сабақта қолданғандағы мақсатымыз оқушылардың жан-жақты мәлімет алып, сөйлеуге уәж тудыру, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Жалпы сыныпқа эксперимент жүргізгендегі алдымызға қойған міндеттеріміздің бірі берілген тапсырмаларды түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлерін көтеру, себебі өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымыз актив сөздік қоры мол бола тұра, грамматикалық ережелерді біліп тұрса да, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлей алмай жатады. Сол себепті, аталған әдіс-тәсілдерді, заманауи инновациялық коммуникативтік әдісті негізге ала отырып, оқушылардың өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеуге үйрету.

Коммуникативті бағытты іске асыру мақсатында өз сабағымызда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолдандық. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталықтандырылған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші оқушының дамуына, оның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін бағдарлама. Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетінше ізденіп, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдайяттармен байланыстыратындарын, бір-біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктерінің дамитытын байқадық.

Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық, достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екендігін білдік. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы оқушылардың аналитикалық позитивті сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта демократиялық ақуалды тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге, қатысуға мүмкіндік тудырушы тәсіл.

Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтанда, сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұл мектепте бекітілген бағдарлама бойынша Т.Аяпова, З.Әбілдаева жазған 6-шы сынып оқушыларына арналған “English” оқулығы бойынша оқушыларға мынадай тапсырма берілді. Тапсырма 3-ші тараудың 1-ші параграфынан алынды. Тақырыбы “Food and drink” .

Read the word at the top of each box. Circle the word that go with it.

Fruits Drink

banana carrot coffee juice

apple lemon tea mineral water



Яғни, б
Яғни, бұл тапсырмада оқушылар тақырыпқа сай келмейтін сөзді көрсетуі керек болатын. Берілген тапсырманы оқушылар өз деңгейінде орындап шықты және де соңынан осы сөздерді пайдалана отырып мұғалімнің сауалына жауап беру арқылы сөйлеу дағдыларын дамытты. Мәселен тапсырма төмендегідей болды:

Teacher: What do you like? What don’t you like?

Pupil: I like tea, but I don’t like coffee.

Осы тапсырмалар орындау барысында оқушылардың тапсырманы барынша жақсы деңгейде орындауға тырысқанын байқадық. Аталған әдісті қолдану барысында оқушылар өз белсенділіктерін танытып пәнге деген қызығушылығын оятты деп ойлаймыз. Ал оқушыларды бағалауға келетін болсақ, оларды жеке-жеке емес топтық жұмысы үшін бағалап отырдық. Осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өз топ мүшелеріне көмектесуге оны да сабаққа белсенді қатыстыруға, сөйлетуге тырыстырып жатты. Топпен жұмыс жасау барысында үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянып өздеріне деген сенімділік пайда болды.

Осы әдістерді пайдаланғаннан кейін, оқушылардың білім деңгейі фонетикалық деңгейі, лексикалық деңгейі, грамматикалық деңгейі біршама есе өсті деп айтуымызға болады. Себебі, дәстүрлі сабақтан гөрі оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникативті оқыту технологиясы негізінде түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында оқушылардың белсенділігі біршама өсіп, оқу үлгерімдері алға жылжыды деп айтуымызға болады.

Төмендегі кестеден оқушылардың экспериментке дейінгі алған білім нәтижелерін көруімізге болады,

1-кесте Оқушылардың дәстүрлі сабақ негізінде алған білімдерінің көрсеткіші.



Жоғарыда дәстүрлі сабақ негізінде оқушылардың алған білім деңгейі көрсетілген. Ендігі кезекте коммуникативті оқыту технологиясы негізінде әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өткізген сабақтың нәтижесін төмендегідей кестеден көруімізге болады.

2-кестеде 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап 2012 жылдың сәуір айы аралығында өткізілген эксперимент нәтижелерінің қорытындысы.

2-кесте Эксперимент нәтижелерінің көрсеткіші.




Жоғарыда көрсетілген сызбалардан көріп отырғанымыздай коммуникативті оқыту технологиясы негізінде әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтар нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білу қабілеті, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама көрсеткіштерге жоғарылады. Осылайша біз оқушылардың грамматикалық, лексикалық, фонетикалық білім деңгейлерінің өзгергендігіне көз жеткіздік.

Эксперимент жүргізгендегі байқағанымыз, бақыланып отырған сыныптағы оқушылардан гөрі эксперимент жүргізілген сыныптағы оқушылардың оқу үлгерімдері біршама жоғарылады, атап айтсақ олардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық деңгейлері, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттері дамыды.

Осы жасалған эксперимент барысында байқағанымыз, оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс –тәсілдердін әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын білдік.

Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс тәслдерді оқушыларға тың мәлімет, қызықты тапсырмалар беріп отыру мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне тиесілі. Қазіргі заман талабы ағылшын тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады. Қандайда бір әдіс болмасын, оның өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткіздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет