Шетел журналистикасы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет5/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Copps M. Crunch Time at the FCC. // The Nation. February 3, 2003. Р. 5.

2 Tapio Varis. International Flow of Television Programmes. UNESCO. 1985.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар

1. Ұлыбританияның Хабар тарату корпорациясы қашан құрылды?

2. «Теледидар» терминін қай жылы, қандай ғылыми конференцияда енгізді?

3. Еуропаның соғысқа дейінгі кезеңдегі телевидениесінің аудитория құрамы қандай болды?

4. Редакциялық еркіндік дегеніміз не?

5. Еуропа телекөрермен аудиториясының назарын қандай арналар аударады?

6. «Би-Би-Си» корпорациясының тарихы мен тәжірибесі туралы не білесің?

7. Басқарушылар Кеңесі «Би-Би-Си» корпорациясының қандай басшыларын тағайындайды?

8. Қоғамдық телевидениеге үлгі болатын тәжірбиесі қай елде жасалды?

9. 1980 жылдары Еуропаның қай елінде жекеменшік телевидение дамыды?

10. Батыс Еуропада телевидение соғыс жылдарынан кейін кімнің қолына көшті?
1.5 Франция журналистикасы: тарихы мен теориясы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Француз баспасөзі. Францияда соғыс 1939 жылы басталды. Осы кезеңде баспасөзде қалыптасқан жағдай соғыстан кейінгі журналистикаға әсер етеді. «Қисынсыз соғыс» атын иеленген бұл кезеңде он ай бойы баспасөз жағдайы өзгере қойған жоқ. Француз буржуазиясы мемлекет ішіндегі француз компартия жұмысының солшыл әрекеттерін тоқтатумен болды. Коммунистік басылымдар мен компартияға тыйым салынды, ал буржуазиялық басылымдар еш қиындықсыз өмір сүрді. 1940 жылы маусым айында Париж оккупациясы кезінде кейбір газеттер жабылып қалса, кейбірі оңтүстікке «ұлы жорығын» бастады. Францияның екіден үш бөлігі оккупацияланған соң «Масқара татуласудан» («Позорное перемирие») кейін мемлекет екіге бөлінді: баспасөздің қызметі мен оған деген шарты әртүрлі бағытта болды. Солтүстік бөлікте Коллаброционизмді, яғни, Петен үкіметі мен оккупациялық күштер арасындағы қатынасты ресми билік деп таныған жүйе орнады. Петен үкіметі Виши қаласында болды. Бұл жүйе «Вишийлік» деген атау алды. Осы аумақта шығып тұрған барлық басылым неміс бақылаушы насихатшыларының қарамағына алынды. Оны Насихат министрі Геббельс басқарды. Вишийлік жүйе Коллаборициниз саясатын ұстанып, соған бағынатын ұйымдар мен баспасөзді қолдап отырған. Сол арқылы өздерінің француздық фашизмін нығайта түседі. Танымал монархист Шарль Морас және оның «Аксьон Франсез» атты газеті француз фашизмінің басты идеологына айналды. Фашизмнің басқа бір табынушысы Марсей де 'А ұлттық-халықтық бірлестікті басқарды. Оның «Овр» аты газеті Парижде орнаған жаңа жүйе шығаруға рұқсат еткен «Виктуар», «Матен», «Пари-Суар», «Пти Паризьен» ресми газеттері шықса, кейін фашизмді насихаттаған ұлттық партияның ресми емес газеті атанды. Жүйеге ашық қолдау көрсеткен «Новотан». Париждегі неміс елшілігінің кеңсеcі болды. Оның директоры Жан Люшер – «Француз баспасөзінің ұлттық кәсіподағының» ұйымдастырушысы – Франция бостандығынан кейін атылған журналистердің бірі еді. Дәл осы жағдайға «Же сью парту» газетін шығарған Роже Бразияк та тап болған.

«Гавас» агенттігі осы жылы мемлекеттің екі бөлігінде болды. Оның жарнамалық бөлімін ұлтшылдар басып алса, ақпараттық бөлімі Виши үкіметіне қарады. Ақпарат бөлімін ұлттандырып, немістер «Дойче пахрихтен бюро» агенттігінің ұлттық филиалы ретінде құрған «Француздардың ақпарат және баспасөз агенттігімен» бірікті.

1942 жылы 11 қарашадағы неміс насихаты қызметінің қысымынан кейін солтүстік аумақтағы газеттердің жағдайы төмендейді. Францияның оңтүстігінде құрылған «Бұрынғы фронтшылар легионының» қызметі Оңтүстік бөліктегі газеттерге Вишидің саясатын нығайта түсетін ақпарат жинауға бағытталды. Осы кездердегі көп газеттер өз жұмысын тоқтатып, алдыңғы қатарлы саяси күш компартияның қолында болды.

Коммунистер заңсыз шығатын газеттерге көп көңіл бөлді. Соғыстың қиын жағдайында компартия өзінің орталық баспаөз органы «Юманитені» шығаруын тоқтатпады. Партияның басқа да басылымдарының таралымын арттыруға мүмкіндік туды. 1943 жылы жазға қарай Ұлттық қарсылық кеңесін құру үшін көп күш жұмсалып, топтар мен ұйымдар осы кеңеске бірікті. Компартия бұл ұйымға ең үлкен партия ретінде енді. НСС-тегі (ҰҚК) Көп топтар мен ұйымдар өз атауын азат болғаннан кейін де сақтап қалды. Газет атаулары сол кездері өте танымал болған Қарсылық кеңесінің лозунгтарын көрсетіп отырды.



Соғыстан кейінгі Франция баспасөзі. Соғыстан кейін алғашқы кездері бостандыққа шыққаннан кейін Француз баспасөзі Италия газеттерінің кебін киді, яғни, бірінші кезеңде баспасөз бен радио кеңестік әскердің қолында болды. Италиядағы сияқты мұнда да жаңа туындаған газеттер тазартылуы тиіс болды. Оккупанттар мен коллабориционистермен байланыс орнатқан көп газеттер жабылып қалды. Олар босағаннан кейін ескі атауымен шыға береді, немесе бұрынғы нөмірін жаңа атаумен бастайды. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдары біраз жаңа басылымдар пайда болды. Оның бірқатары бұған дейін заңсыз шығып отырған, ал қалған бөлігі енді жарық көрген басылымдар еді. Францияда дәл осы кезде «Жаңа баспасөз» пайда болды. Ол көп жағдайда бостандыққа шыққаннан кейін жаңа қозғалысты қамтыған эйфориямен байланысты шықты. Бұл кездері Францияда коммунистер мен социалистер партиясы біршама танымал болып, олардың қызығушылығы мен солшыл бағыттың әрекеті нәтижесінде жаңа басылымдар шыға бастады. Олар баспасөзді саяси партия мен қаржылық-өндірістік капиталдан тәуелсіз етуге талпынды, бірақ бұл кезең ұзаққа созылмады. 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдың басында Франция саясатының өзгеруіне байланысты саясаттың проатлантикалық қозғалысқа енуі, соғысқа қатысып отыруы, «Жаңа баспасөздің» бірқатарының жабылуына ықпал етті. Мұндағы басты мәселе қаржы болды. Сауда саласында бұл басылымдар өз тәуелсіздігін сақтап қала алмады, немесе мүлдем жабылып қалса да кейіннен дәстүрлі басылымға айналып кеткендері аз.

1980-1990 жылдары Францияда бұқаралық ақпарат құралдары 1970 жылдарға тән болған тенденцияны сақтап қалды. Ең алдымен ол жекеменшік басылым иелерінің арасындағы және бір типтес БАҚ арасындағы бәсекелестікке байланысты болды. 1980-1990 жылдары «Ашетт», «Гавас», «Эрсан» атты топтардың экономикалық дамуы артып, басқа да ұйымдар жетіліп, тұрақтала бастайды. Францияға тән емес жағдайлар туындап, капиталдың интернационалдануы, ұйымның жекешелендірілуі, жарнама табысының нәтижесіндегі газет, журналдардың таралымы жақсарады. Радио мен телеарналар мемлекеттік, жекеменшікке болып бөлінуі оң қадамға бастайды. Бұл оқиғалардың барлығы мемлекет ішіндегі саяси өзгеріспен тұспа-тұс келді. 1981-1988 жылдары Президент сайлауында Миттеран басқарған француз социалистерінің жеңіске жетеді.

Францияда 1981 жылы солшыл күштердің сайлауда жеңіске жетуі жаңа саяси жағдайға алып келді. Алғашқы жылдары бірнеше реформа жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық салаға көп мән беріле бастайды. Ұлттық спектр артып, жұмыс аптасы қысқартылып, зейнетақы көбейіп, жалдамалы жұмысшылардың құқығы қорғалып, үлкен иеліктерге салық салу жүйесі енгізіледі. Социалистер Францияда шығыс социалистерінен біршама ерекшелендіретін тәжірибелер жүргізуге талпынады. Франция азат етілгеннен кейін қуатты, әрі танымал арналар мемлекет қарамағына көшіріледі. Мемлекет аудио-визуальды таратылымда монополистік бағытты ұстанып, оның қызметін «Франц-Пресс» ақпарат агенттігі, «Гавас» жарнама агенттігі және «Софирад» радиостанциясының басқарушылары бақылап отырады. Социалистер өздерінің ең маңызды мақсатының бірі ретінде аудио-визуальды реформаны жасайды. БАҚ туралы жаңа заң 1982 жылы шілде айында қабылданып, онда монополия түсінігінің аты да аталмайды. Негізгі енгізген өзгерісі – аудио-визуальды компаниялардың үлкен мекемесін құру, мемлекеттік радио мен телеарналарды орталықтандыру, жекеменшік таратылымға рұқсат ету жолға қойылады.

1984 жылы баспасөзге қаржы шектеліп, плюрализм туралы заң қабылданады. Бір тұлғадағы капитал концентрациясы 10 пайыздан аспауы шектеледі. Заң таралым, жылдық қаржылық есеп беру, негізгі акционерлердің тізімі, акцияның 20 пайызын сату туралы ақпарат беру сияқты мәселелерді қамтиды. Париждегі ірі топтар мен басылымдардың 10 пайыз ұлттық және 10 пайыз аймақтық таралымнан арттыра алмады. Оңшыл партия бөлімі жеңіске жетіп, Жан Ширак басқарған оңшыл үкімет құрылады. Оңшылдар билікке келіп ұлтшылдық саясаты тоқтатылып, соның ішіндегі жарнама агенттігі «Гавас» 1945 жылдан бері ұлтшылдық саясатты ұстанған болатын және оған бірнеше қаржылық ұйымдар БАҚ-пен байланыс орнатқан «Париба» мен «Банк де Суэцпен» кірген еді.

Алайда тым алысқа апарған жағдайлар 1986 жылы осы заңның нәтижесінде туындады. Ол Франция территориясында жекеменшік телеарналарға рұқсат етіліп, «1-арна» «ТФ-1-» жекеменшікке беріледі. БАҚ концентрациясын 10-20 пайызға көтерді. Коммерциялық радио мен телеарналардың пайда болуынан бәселестік артып, ақпарат саласында капитал тұрақтылығын нығайту үрдісі күшейе түсті. Франциядағы БАҚ концентрациясы мемлекетке тән емес өзгерістер әкелді. Отбасылық (кландық) ақпарат мекемелері жойыла бастады. Меншік иелерінің акционерлік пішіні бекітіліп, акционерлік пішін капиталды бұрынғысынан да жылдамдатады. Капитал тұрақтылығына ықпал етеді. «Ашетт», «Гавас», «ТФ-1», «Экспансьон», «Коммуникасьон» ақпарат агенттіктерінің басшыларының ұлты француздар болды. 1980 жылы Француз БАҚ-тары мультимедиялық ақпараттық мекемелердің өмірге келуімен көзге түсті. Бір жағынан тік және көлденең концентрация сақталды, екінші жағынан – газет-журналдардың дәстүрлі шығарушылары мемлекеттік монополия жойылысымен өз капиталын радио мен телеарналарға салды. Бұл мультимедияның пайда болуына әкелді. Өндіріс орындары да баспасөзге, радио мен телеарналарға капитал салып отырды. Мысалы, «Матра» электронды құралдарды шығаратын фирма «Ашетт» тобының акциясын иеленді.

Бұл кезеңдегі БАҚ-тағы негізі құбылыс – қаржылық капиталдың пайда болуы. Үлкен банктер мен компаниялар БАҚ-тың кейбір салаларын иеленіп отырды. БАҚ-та орта өндірске қарағанда қаржылық өсу жылдамдығы жоғары болды. Сондықтан да аудиовизуалды құралдарға капитал салу банктер үшін көп пайда әкелді. 1986 жылы басталған жекешелендіруді Экономика министрі Э.Балладюр басқарды. 1993 жылы ол қалыптасудың екінші кезеңінде Француз үкіметін басқарды. Францияның өндіріс орындары, банктер, сақтандыру мекемелері «Мэрдок», «Берлускони», «Бердельсман» сияқты ақпараттық ортамен бәсекеге түсті. Француздардың қоғамдық пікірі жекешелендіруді алғашында қабылдамады, кейіннен қолдауға ие болды. Ол ең алдымен «ТФ-1» арнасын жекешелендірумен байланысты еді.

Радио мен телеарналарға мемлекеттік монополия бағдарламаларының сапасына септігін тигізген бәсекелстікті арттырды. Жекешелендіру техникалық өсім мен таралым сапасына ықпал етті. БАҚ капиталы интернационалданып, ұлттық үлгідегі жаңа БАҚ пайда болды. Қарсылықтың ішкі еуропалық үлгісінің болуына қарамастан қоғамдық тенденция экономикалық интеграцияны туғызды. Интеграция шеңберінде ақпарат агенттігінің капиталы өсті. «Ашетт» «Гвас», «Эрсан» сияқты ұйымдар антимонополиялық заңдар негізінде кедергіге тап болады. 1980 жылдың аяғында «Эко» атты экономикалық күнделікті газет «Пирсен Логман» ағылшын тобына өтті. Оны «Файненшинал таймз» шығарып отырған. 1990 жылдың басында инвесторлар француз баспагерлерін ығыстырып шығарды. Бұрынғы француз журналдары сатылып, жаңалары пайда бола бастады. Сол кездері француз «Каналы» өз қызметін жандандыра түсті.



Француз баспасөзіндегі капитал концентрациясы. Елдегі баспасөз капиталының концентрациясына деген қажеттілік ең алдымен экономикалық жағдайдан туындады. Кірістің артуы, инвестицияның болуы, басылым көлемін арттыру, жарнаманың аздығы бәрі-бәрі әсер етті. Сонымен қатар, психологиялық фактор да ықпал етеді. Капитал концентрациясы баспасөз плюрализміне қиындық туғызды. Себебі, ол басылымды азайтуға әкелді. Плюрализмді қорғауды 1944 жылы шыққан заң қамтамасыз етуі тиіс болды. 1984-1986 жылдары заң квота мен шектеулерге негізделді, бірақ концентрация оң ықпал етті. Ол баспа сапасының артуына ықпалын тигізді. Көп зерттеушілер мазмұнның әртүрлілігі ішкі плюрализмнің кемшіліктерін жабады деп есептеді.

Францияда осы жылдары жабылған басылымдардың орнын толтыратын жаңа баспасөз пайда болды. Қысқартулар көбіне күнделікті басылымдар арасында жүрді. Провинцияларда олар 46-дан 88-ге дейін, 175 пен 65 аралығында қысқарды. Парижде журнал бәсекелестігі жаңа пішіннің пайда болуына септігін тигізді. Провинциялардағы газеттердің қысқартылуы басқаларының монополиясына әкеліп соқты. Концентрация үрдісінің артуына қарамастан Францияда Германия мен Ұлыбританиядағыдай өте маңызды болмады. Күнделікті газеттердің таралымы көп болған жоқ. Ең көп таралым «Уест Франс» газеті (800 000) болды. Бұл кезде Англияда 6 күнделікті газет, 7 апталық газет әрқайсысы 1 000 000 данамен тарады. Жапонияда 2 газет – 10 000 000 данамен тарады.



Ордонандықтар 1944 жылы ұлттық және жергілікті газеттерге енген жүйеге кедергі жасады. 1981 жылы монополияның енуіне байланысты аудиовизуальды БАҚ есебінен диверсификациялау мүмкін болмады. Ал ақпараттық топтардың дамуына кітап шығару мен жарнамалық қызмет септігін тигізді. 1975-1976 жылдары дағдарысты басынан кешкен «Прувар», «Амори», «Роббер Эрсан» топтарының құлауын пайдаланып ондаған газетке иелік ете отырып ұлттық ортаға шықты. 1981 жылдан кейін коммуникация ұйымдары капитал құюға тартылды. Себебі, олар аудиовизуалды секторға иелік етті. Кейінірек Француз ақпарат агенттіктері еуропалық үлгіге жақындады. Бұл үрдіс бірыңғай еуропалық үлгіні қалыптастырды.

«Ашетт». Бұл корпорация ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында кәсіпкерлік үлгіде дүниеге келді. Оның негізін Жан-Луи-Кристоф Ашетт қалаған. Ол кезде «Ашетт» кітап басатын баспа ғана болды. 1990 жылдың басында «Ашетт» тобы газет-журнал шығару, кітап басу, баспасөзді тарату, радиохабарларын таратумен айналысты. 1980 жылдары Француз БАҚ-тарының дамуы «Ашетт» тобының дамуымен ықпалдас, бағыттас болды. «Ашетт» пен қару сатудан пайда табатын «Матр» концернінің бірігуінен коммуникациялар мен әскери-өндірістік кешеннің басы бірігеді. Осындай бірігу нәтижесінде Францияда сапалы жаңа комерциялық конгломерат пайда болды. Оған ракета, спутник, электронды құрал-жабдықтар өндірісі және ақпарат тарату ісі кірді. 1981 жылы «Ашетт» тобы баспасөз бөлімінің басшысы «Филиппаки» журнал тобымен бірігеді. «Филиппакидің» басылымдары жастарға арналған «Салю», салалық журналдар «Фамм», «Фото», «Парископ» түрлі-түсті суреттермен безендірілген апталық журнал «Пари-матч» болды. 1950 жылы «Эроп-1» каналында «Филиппаки» тобы джазды жақсы көретіндер үшін бағдарламалар жасап, «Сәлем, балалар» бағдарламасының көрермендері, жасөспірімдер аудиториясы, бағдарламаның сәтті шығуын дәлелдеді. Осы кезде «Филиппаки» тағы бірнеше бағдарламаны дүниеге әкеледі. 1976 жылы «Пруво» акциялары бөлініске түскенде ол «Пари-Матчтың» иесі атанды. «Ашеттпен» келісімшартқа отырғаннан кейін «Филиппаки» газеттердің көп бөлігіне ие болды. Соның ішінде «Ашетт» иелігіне «Эль», «Телесет», «Жур», «Паран», «Журналь де Микки» басылымдары көшті. Осы кезден бастап «Ашетт» тобы Франциядағы алғаш мультимедиялық топ болып саналды. Тауар айналымы бірнеше есеге өсті. «Ашеттің» алға шығуы оның шетелге тауар шығарып, экспансия жүргізуіне байланысты болды. 1980 жылдың соңында «Ашетт» акцияларының 37% - кітап және мерзімді басылымдардың үлесіне тиді. «Ашеттің» дүңгіршектері бүкіл жерлерге орнатылды. «Ашетт» «Интернасьонал» филиалы баспа өнімі әлемнің көп елдеріне шығарылып, таралуын қамтамасыз етіп отырды. 1986 жылдың басында жекешелендіру саясаты белсенді жүргізіліп, 22 кәсіпорын ұлттық меншікке 1982 жылы көшіп, 1986-1987 жылдары жекеменшік қолға берілді. Оның ішінде «Ашеттің» негізгі акцияларының иесі «Матр» фирмасы да болды. Акционерлердің негізгі ядросына үш еуропалық топ кірді: «Даймер Венц», «Дженерал Электрин», «Эриксон». 1987 жылы «Ашетт» француз арнасы «ТВ ИТФ-1-дің» бағдарламасын жекешелендіру мақсатында өз кандидатурасын ұсынған болатын. Оны оңтүстік-шығыстағы «Провансаль» газет бірлестігінің тобы бақылауға алды. «Провансальға» төрт газет тиесілі болды. Олар «Провансаль», «Суар», «Вар-матен», «Меридиональ». Бұл басылымдар Францияның төрт департаментіне таратылып отырды. Алғаш үшеуі социалистерді қолдаса, соңғы төртіншісі – оң бағытты қолдаушы болды. Осыған дейін «Ашетт» тек күнделікті «Эко Репюбликен», «Дерньер Новель де Альзас» газеттерін иеленген еді. Сонымен қатар, жаңа баспаханалық құралдармен жабдықталған баспа кешенін сатып алған «Монд Импири» мен «Ашеттің» арасындағы келімісшартқа қол қойылды. Бұл кезеңде «Ашетт» арзан бұқаралық кітап нарығында өзінің басты орнын ұлттық нарықтың 43% сақтап қалады. Еуропада «Ашетт» тек немістің «Бертельсман» концерніне жол береді. «Эроп-1» радиостанциясының толық акцияларын иемденуімен және «Кюртис» компаниясының журналдарын АҚШ-та таратуымен, сонымен қатар, «Гролие» тобының америкалық басылымдарының негізгі акцияларына қожалық етуімен «Ашеттің» диверсификациясы күшейеді. «Ашетт» тобының стратегиясы – бұл оның бұрыннан маманданған салалары: оқулық әдебиеттер, энциклопедиялар шығаруға баса назар аударып, ден қою еді.

Ол 1980 жылдардың соңында электронды сөздік шығара бастайды. 1988 жылы «Уолт Дисней» тобымен «Чайлд Крафт Эдьюкейшн Корпорэйш» филиалын сату туралы келісімшарт жасалады. Алайда «Ашетт» бұл филиалды аларда ойыншық, балалар киімін сатумен айналысатын топқа жол беруге мәжбүр болады. Бұған себеп, әлгі топ лицензия бойынша «Винни», «Микки-парад», «Микки-магазин», «Журналь де Микки» және балаларға арналған бейнетаспаларды шығаратын мекеме еді. «Диамансис комбьюкейшнз инкорпорэйш» тобының негізгі пакетін қабылдап алады. Ұлтаралық бағыттағы «Ашетт» өзінің бақылауына «Сават» испан басылымын алды. «Ашетт» Латын Америкасының БАҚ нарығына да енеді. Бұл жерде оқулық, ғылыми-көпшілік әдебиетке деген сұраныс «Ашетттің» гүлденуіне ықпал етті. «Ашетт» Испаниядағы ең көп тараған апталық телебағдарламалар басылымның жұмысына қатысады.



1990 жылдың басында «Ашеттің» тауар айналымының 30%-ғы жуығы кітап басу бөліміне тиесілі болса, 30%-дан астамы мерзімді басылымға «Телесет Жур» тиесілі, Франциядағы ең көп таралымға ие басылым болды. 1993 жылға қарай аумақтық газет нарығының 9%-ына бақылау жүргізді. Париждің апталық басылымдарының 33% «Ашеттің» үлесіне «Амори» тиді. 1993 жылы «Ашетт» «5-ТВ» телеарнасының акцияларын иеленеді, алайда қаржыландыруды тоқтатып, бұл топ диверсификацияға ұмтылады.

«Роббер Эрсан» тобы. Бұл 1980-1990 жылдары Франциядағы күнделікті басылымдардың арасындағы ең беделді топ болып саналды. «Эрсан» империясы 30-дан астам атаулар мен жалпы таралымы 2 000 000 күнделікті газет данасы, 3 000 000 басқа да басылымдар атауымен тікелей байланысты. Империяның ең алғаш басылымы 1950 жылдың қаңтарында шыққан «Отто» журналы болды. Сол жылы журналдың таралымы 300 000 данаға дейін жетіп және жарнамадан көп пайдаға қол жеткізеді. 1950 жылдары «Эрсан» Францияның орталығындағы бірнеше кішігірім газеттерді сатып алады. «Либр Пуату», «Эклер де Берри», «Газет де Перисо». Олар табыссыз газеттер қатарында болды, сондықтан «Эрсан» арзанға сатып алады. Ал бұл газеттердің негізінде «Эрсан» кейіннен монополияға айналған басылымдар өндірісін іске қосады. Осындай басылымға Францияның орталығындағы «Сантр-пресс» гезеті айналды. Баспахананы күшейту нәтижесінде жаңа технологияларды енгізіп, жұмысшы қолын қысқартып, шығынды азайтуға қол жеткізеді. 1956 жылы «Эрсан» Францияның батыс газеттерін жаулап алуға қадам жасайды. Ол азат ету кезеңінде дүниеге келген «Попюле» газетіне иелік ете бастайды және оны тез арада «Экле» деген атаумен алмастырады. 1960 жылы «Резистан де л’Уэст» газетіне бақылау жүргізеді. Кейіннен «Пресс оссеанды» да қоластына алады. Кейіннен бұл газеттер бірігіп, бір басылымға айналады. Атауын қалдырып, ортақ редакция болып, ұқсас материалдарды жариялап отырады. 1960 жылдары «Эрсан» метрополиядан тыс шығып, Францияның теңіздің ар жағындағы департаменттерінде таралатын «Франс-Ашетт» газетіне қожалық етеді. 1960 жылдың екінші жартысында «Эрсан» Францияның солтүстігіне бағыт алады. Мұнда ол жергілікті екі ықпалды газетті қол астына алады. Олар: «Нор-Матен», «Нор-Эклер». «Эрсанның» провинциалық басылымдарды жаулап алуы 1970 жылдың ортасына қарай аяқталды. Бұл үрдіс нәтижесінде территорияның үлкен бөлігі «Эрсанның» басылымдарына толы екендігіне көз жетті. «Эрсан» империясының «провинциалды кезеңі» елдің солтүстік-батысындағы ең ірі газеті – «Пари нормандиді» жаулап алғаннан кейін 1975 жылдың соңына қарай бітеді. Басылымдағы «Гавре Авр-либр» мен «Авр-пресс Пари нормандиді» алудағы «Эрсан» үшін трамплин болып саналды. Осындай ықпалды газетке «Эрсанның» иелік етуі – оның француз басылымдарынан шоқтығы биік орталық фигураға айналуына себепші болды. 1975 жылы «Эрсан» Париж басылымдарына қолқа салады, нәтижесінде көп жылдан бері шығатын француз газеттерінің бірі - «Фигароға» иелік ете бастайды. Журналистер бұл қадамға қарсы болып, қоғам да шет қалмай өз наразылығын білдірді. «Эрсанның» келуімен редакциядан 120 адам жұмыстан кетеді. «Фигаро» газетінде «Эрсан» қаржыны қатал үнемдеу бағытын ұстанады. 1976 жылы «Эрсан» провинцияларға жаңа үлгідегі баспаханалар мен спутниктерді енгізеді. Олар арқылы «Фигародағы» материалдардың факсимильді көшірмесін жіберіп, кейін бұл факсимиледен провинцияларға арналған таралымдарға дайын мақалаларды басып отырған. Осындай ақпарат жинау жолы жергілікті басылымдардың жедел хабар-ошар таратуына мүмкіндік береді. 1980 жылы «Эрсан» екінші жобаны жүзеге асырып, журналдарға қосымшалар: суреттермен безендірілген апталық «Фигаро-магазин», «Фигаро-ТВ» апталық телебағдарламасының, әйелдер үшін айлық «Мадам Фигароны» шығара бастады. Бұл орайда қосымшасы бар газеттер бағасы қосымшасыз газеттен қымбатқа түседі, бірақ «Фигаро-ТВ» тегін қосымша болып таратылады. Мұндай әрекетке әйелдер журналы мен отбасылық журналдар, ТВ апталықтар баспагерлерімен қатар басылымдарды таратушылар тарапынан да наразылық туғызды. Күнделікті қосымшаның шығуы «Фигароның» 1970-1980 жылдар аралығында тұрақты таралымын қамтамасыз етті. Кейіннен осындай қосымшаға деген сұраныс бүкіл күнделікті газеттерді шарпып өтті. 1981 жылы әр сенбі сайын «Матен-Магазин», «Экип Магазин», «Либерасьон Сэндвич», «Монд Диманш» шығып тұрған. 1976 жылы «Эрсан» күнделікті кешкі Париж газеті «Франс-суардың» иелерінің бірі болады. 1976 жылға дейін бұл газеттің таралымы бойынша бірінші орынды иеленген еді, алайда кейіннен бірінші орынды «Уэст Франс» газетіне береді. 1981 жылдан бері күнделікті көркем безендірілген «Франс-суар» қосымшасы шыға бастаса, ал 1979 жылдан бастап бұл газет таңертеңгі басылымдармен қатар шығады.

1978 жылы «Эрсан» қоластына тағы да бір Париж газетін алады, атауы «Орор», кейін «Фигаромен» бірігіп таралымның бір бөлігі «Фигаро-Орор» деген атаумен шығады. 1977 жылы кәсіподақтар «Эрсанға» қарсы қылмыстық іс қозғатады. Оны 1944 жылғы ережелерді бұзып, бір газеттен көп басылымға бір адамның иелік етуіне тыйым салу бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1981 жылы билік басына социалистер келіп, қоғамның қысымымен баспасөз туралы жаңа заң шығару туралы шешім қабылданады. Бұл заң бойынша моноплизациялауға тыйым салынуы тиіс еді. Алайда, Конституциялық Кеңес заң жобасының кейбір тұстарын қарастыра келе басқа шешім қабылдайды. «Эрсан» тобы ештеңе болмағандай өзіне бағытталған оқтың алдын орап, жеңіл құтылып кетуіне мүмкіндік жасайды. Бұған себеп, жаңа қабылданған заң тек жаңадан құрылған топтарға ғана әсер етті.

1980 жылы «Эрсан» қайтадан провинциалық басылымдармен айналысуды бастайды. Осы кезде Францияның ең ірі аумақтық газеттерінің бірі - «Дофине либере» (Гренобль) қиыншылықтарға тап болып, «Эрсан» бұл газетті де өзіне алып, оның концерніне «Дофине Либре» тобына тиесілі болады, бірақ оған кіші көлемді газеттер кіреді. 1986 жылы «Эрсан» Лиондағы бес газетке иелік ете бастады, олар «Делярош» тобының қол астында болған «Прогре», «Юньон» газеті еді. «Эрсан» төрт департаментте таралатын газеттердің негізгі акционері саналды.

1986 жылы Француз колониясы Жаңа Каледонияда таралатын күнделікті «Нувель каледоньен» газетіне қожалық етті. 1980 жылы алғаш рет «Эрсан» тобының табыссыз кезеңі басталады. Алайда, «Дофине-Либре», «Нор-Матен», «Пресс-Оссеан», «Сантр-Пресс» өзінің экономикалық жағдайын 1988 жылға қарай түзетеді. Журналдар көп пайда әкеліп, «Эрсан» тағы да бір көркем безендірілген апталық «Жур де Франс» журналын құзырына алады. Ол 1954 жылы дүниеге келген болатын, оның таралымының күрт өсуі 1967 жылға тиесілі. Өз иелерін жиі ауыстырып тұрған бұл басылымның соңғы қожайыны болып «Гавас» тобы тіркелген. Ал «Гавас» тобы үшін журнал бағыты басты орында болмағандықтан, олар «Эрсанға» өздері бере салғандай болады. 1987 жылы «Эрсан» бес телеарна үшін таласта жеңіп шығып, одан кейін «Но-Па-де Кале» радиожүйесін өз иелігіне алады. Осылайша бұл топ мультимедиялық үлкен мекемеге айналады. 1980 жылдың соңында «Эрсан» Испания, Польша, Бельгия мен Венгрияда шығатын күнделікті газеттер капиталының бір бөлігін иемденеді. Сол уақытта «Эрсан» тобы Ресейде шығатын «Деловые люди» журналын өз иелігіне алады. Мұндай жаулап алудан кейін «Эрсан» тобы трансұлттық сипатқа ие болып, 1990 жылдардың басында ол провинциалық газеттердің 22%-ын және Париждің 1/3 таралымына бақылау жүргізеді.

1990 жылдың басында «Эрсан» «5-ші арнаны» қаржыландырудан бас тартуға мәжбүр болады. 1990 жылдардың басында аумақтық басылымдар арасындағы бәсекелестік өрши түсуіне орай, 1992 жылы «Вуа дю Нор» мен «Нор Эклер» газеттерінің арасында шиеленіс пайда болады. Олар таралу аймағын бөлісе алмайды. Үлкен қызығушылық туғызған оқиға «Эрсан» тобының «Ашеттің» «Дерньер нувель д’Альзастың» 51% капиталын иеленуі еді. Француз Журналистер Федерациясы «Эрсанның» бұл келісімшартты бұзуын талап етеді. Себебі, «Эрсан» 1986 жылғы заң бойынша 30% күнделікті таралым мөлшерінен асып түсіп, газет «Франс Антий» филиалынан сатып алынғандықтан, «Эрсан» тобында қалды. 1994 жыл «Эрсан» үшін қиыншылыққа толы жыл болады. Алынған несиелерді жабу үшін «Эрсан» өзінің он журналын «ЕМАП» ағылшын тобына, он поляк газетін және бір венгр газетін сатуына тура келеді. «Прогре» тобы мен «Дофине либерені» сату туралы ойланып, «Эрсан» өз-өзін қолына алып, топ - ірі күнделікті газеттерді сақтап қалуға бар күшін салады. 1990 жылдың ортасына қарай тіпті басылымы «Отто» журналын сатып, құлдыраудың шегінде қала береді.

«Гавас» тобы. 1980 жылдың соңында жарнама агенттігін жекешелендіру нәтижесінде пайда болды. «Гавас» тобы өз тарихын аударма бюросынан бастайды. Шарль-Луи Гавастың бастауымен 1826-1835 жылдары аудармамен айналысатын бюро «Гавас агенттігі» деп аталады. 1841 жылы үкімет агенттікті Ішкі істер департаментінің құзырына тапсырады, префектер палаталарының отырыстары туралы ақпарат пен шетелде болып жатқан жаңалықтар туралы ақпарат беруді жүктейді. Басқарып отырған биліктің қойған шартына бағынып, үкімет 1941 жылдан бастап «Гавастың» капиталына қатысады. Агенттіктің сол кезге дейін негізгі кәсібі тек жарнамамен шектеледі. Бұл «Гавасты» жекешелендірудің ең соңғы кезеңі болады. Оның басы 1961 жылы басталады, сол кезде үкімет «Гавас» капиталының қатысуды 79%-дан 57%-ға дейін қысқартты. Үкімет қосымша қаржыландыруға қатыспай, біртіндеп оның үлесі 50%-ға дейін төмендетеді. Жаңа акционер болып «Каналь+», «Банк Верн», «Париба» алға шығады. Жұмысының соңғы жылдарында агенттік диверсификацияланып, бұрынғы дәстүрмен 1987 жылға дейін «Гавас» тобы агенттік деп аталады.

«Гавастың» негізгі мақсаты – халықаралық нарықты жаулап алып, елдің ішіндегі баспа ісін кеңейту мақсатында тегін басылымдар, жылдық, аумақтық басылымдар шығаруды мақсат етеді. «Гавас» баспасөзге, радиоға, телевидениеге ақшасын аямады, бірақ негізгі кәсібі - жарнама бизнесі болып қала береді. Топ француз нарығының 20% бақылау жүргізеді. «Гавас» жарнамадағы жеке қызметтерге баса назар аударады. Оларға жарнама берушілер мен жарнама дайындаушылар және жарнама таратушылар жатады. «Гавас» «Эрсан» сияқты гүлденіп келе жатқан 30-40% басылым капиталын жаулап алуға тырыспайды. 1988 жылы «Гавас» француз тегін басылымдарының таратылымы жөніндегі көшбасшы болып табылатын «Комерегтің» акциясының 52%-ын иемденеді. Ол күнделікті 116 атауы бар басылымдар 10 000 000 жуық дана газет таратады. «Гавас» сыртқы жарнама жасау жағынан үлкен жетістіктерге жетті. «Гавас» «Авенир» филиалы британдық «Миллс энд Аленмен» терезесі тең «Европостер» компаниясын құрады. Бұл компания испан, португал, итальян тілдерінде сыртқы жарнама жасау құқығына ие болған. 1990 жылы «Гавас» иелігіне мынадай басылымдар кірді: «Режи коммуникасьон», «Гавас режи», «Офис д’Анонс» (телефон жылдықтары), «Журно Гратюи» (Тегін газеттер), «Интердеко» (Журнал), «Гавас Анонс Классе» (Аумақтық және департамент газеттері). Сонымен қатар, «Гавастың» қол астында «Канал+», «РТЛ», «КЛТ», «ФР3», «Пюблиссите» сияқты телеарналар бар. «Гавастың» радиолары: «Энформасьон э Публисите», «Режи де РТЛ», «Режи де Сюд-Радио». «Гавастың» кино өндіруші «Медьявизьон» мекемелері бар. Афиша дайындайтын кәсіпорыны «Авенир», «Метробюс» деп аталды. «Гавастың» жарнама беру, тарату, дайындау қызметтерінің бір қолға жұмылдырылуы оның осы салада монополист болуына мүмкіндік береді. 1970 жылдан бастап «Гаваста» төртінші маңызды қызмет пайда болды, бұл - орын сатып алушылар орны. 1989 жылы британдық «Иджис» корпорациясының француздың «Карат-Эспас» тобының капиталын сатып алу келісімшартына қол жеткізіледі. Осы топтың негізін салушылар-ағайынды Гросс Иджис тобының акционерлері болып, өз үлестерін «Гавас» және «Гавас-евроком» деп бөлді. Осылайша ортақ еуропалық нарыққа дайындалған компанияның қайта құруы басталады. 1990 жылдың басында «Гавас» өз тауар айналымы 35 млрд. франк болатын қаржы көлеміне дейін жеткізді.



Партизьен. 1970 жылы «Партизьен Либеренің» өз ішіндегі шиеліністі жағдайды түзету қанша жүргізілсе де, Эмильен Аморидің баласы Филиптің өз үлесіне тиесілі әкесінің артынан қалған мұраны дұрыс бөліспеуінен туындаған мәселе шешімін тапқан жоқ. Нәтижесінде сот үкімімен Филипп Амори «Партизьен либере» капиталының негізгі қожайыны болып, газетті білімді аудиторияға арналған жаңа басылым пішінімен шығара бастайды. Осыдан кейін газет таралымы өседі. 1981 жылы 342 000, 1985 жылы 339 000, 1988 жылы 382 000, 1989 жылы 400 000 данаға жетті. 1980 жылдың ортасынан газет түрлі-түсті офсетті (бояудың резина цилиндірінен келетін баспа тәсілі) әдіспен шығарыла бастайды. 1993 жылы газет «Партизьен» деген атпен шығады. Оның таралымы 423 000 данаға дейін жетіп, Парижден 60 шақырымнан аспайтын қашықтықта тарайды. Оның бағасы аумақтық газеттермен тең, ал аумақтық газеттер Париж газеттеріне қарағанда арзан болып келеді. 1993 жылы шыққан «Инфо-Матэн» арзан күнделікті газетін сатып алып, үлкен бәсекелестер қатарына айналғаннан кейін, «Партизьен» редакциясы жаңадан «Ожурдюи ан Франс» газетін шығарып, оны басқа ұлттық газеттерден арзан бағамен сатады. «Инфо-Матэн» газеті екі жылдан кейін жабылып, ал «Ожурдюи ан Франс» газеті ғұмырын жалғастырады. «Партизьен» мен «Ожурдюи» таблоидтық пішінде жасалған, суреті көп басылымға айналды. Екі басылым да спорт ойындарының түрлері туралы сенсациялық материалдарды көптеп жазды. Мұндай басылымды қарапайым газетке жатқызуға болмайды, себебі, бұл газетте жоғары дәрежелі саясат пен мәдениетке қатысты ақпараттар мен сараптамалық материалдар көптеп басылып тұрды. 1999 жылы Амори «Ашетт Филиппаки медиа» тобынан «Эко коммуникасьон» тобының 96,5%-ын сатып алады. «Эко коммуникасьон» Шартрде «Эко Репюбликен» газетін шығарды (Еске сала кетейік, Лагардер тобы «Ашеттің» иелігіне Амори тобы капиталының 25%-ы кіреді). Филипп Аморидің бұл қадамы оның «Партизьенді» аймақтық басылым топтарының орталығы етуін көздегенін дәлелдейді. Соңғы он жыл ішінде Француз күнделікті басылымдары өз таралымын тек 1%-ға ғана көтерді, егер «Ожурдюи» газеті болмағанда бұл көрсеткіш 6% төмен түсетін еді.

«Байяр-пресс». Католиктік басылымдарды шығаратын маңызды фруанцуздық топ. 1980 жылдың соңына қарай бұл басылымның өнімін үш миллионға жуық адам сатып алатын болған. «Байяр-пресс» тобы қарт адамдарға арналған ең әйгілі журналдардың бірі - «Нотр тан» (бір миллионға жуық дана) басылымын сатып алды. Бұл топ балаларға және жастарға арналған басылымдарды да шығарып тұрды. 1980 жылдың басында «Байяр-пресс» иелігіне 40-қа жуық басылым кірді. Олардың жалпы таралымы 40 000 дананы құрады. Белгілі кешкі газеттердің бірі «Круа», «Плерен», «Нотр-тан», «Панорама Д. Оксордьюн» журналдары, балалар мен жастар үшін «Пом Д. Ани», «Юни» басылымдары да «Байяр-пресс» баспасынан шығып тұрған. Жастар басылымдары арқылы «Байяр-пресс» халықаралық нарықта әйгілі болады. Өзінің алғаш филиалын ол Гонконгта ашты. Топ таза діни мазмұндағы басылымдармен қатар («Библь э терр сент») зиялы қауымға арналған газеттерді шығарады. «Байяр-престің» «Сентюрьон» кітап басатын кәсіпорны, «Ренст Промосьон» жарнама агенттігі, екі баспаханасы, журналдар мен газеттерді тарату, аудиовизуалды бөлімдері бар.

«Экспансьон». «Экспансьон» тобының негізін 1967 жылы Жан Луи Севар-Шребеймен құрған. 1988 жылы бұл топ «Трибюн» күнделікті экономикалық газетін, Брицио Берцетпен бірігіп шығаратын журналдырға иелік етті. Осы уақытқа дейін «Экспансьон» тобы экономика жөніндегі 80 басылымның иесі болып, жалпы қаржы жағынан күшейіп, 470 000 дана таралыммен газет-журналдар шығарып тұрады («Журналь де финанс»). «Экспансьон» тобы экономика саласы бойынша шығатын басылымдардың ішінде бірінші орынға ілікті. Топтың сәтті жұмыс істеуі көпшіліктің жаппай экономикаға қызығуымен, салымшылардың көбеюімен, биржадағы тұрақсыздықпен түсіндірілді. 1988 жылы «Экспансьон» АҚШ-тың «Уол стрит джорнал» ірі қаржы газетінің баспагері «Доу Джонс» компаниясымен серіктестік орнатады. Осындай келісім нәтижесінде «Экспансьон» Американың «Доу Джонстың» ақпараттық қызметін қолына алды. Топтың беделді басылымына экономика туралы зиялы қауымға арналған тоқсандық «От финанс» журналы қосылды. Журналдың мақсаты – Франция экономикасының өндіріске ықпал етуі, қаржы кеңістігінде саясатты жазу болды. Бұл топтың БАҚ-тары қаржы мен экономика саласын басқаратын адамдарға арналды. 1990 жылдың басында жарнамадан түсетін пайданың азаюына байланысты «Экспансьонда» экономикалық қиындық туындайды. Мұндай жағдай топ жетекшілерінің кейбір басылымдардан бас тартуына әкеліп соғады. 1991-1992 жылдары «Дефоссе» тобына «Ажефи» мен «Трибюн» газеттерін сатады. 1993 жылы капитал іздестіру мақсатында «СЕП Коммюникасьон» тобымен келісімшарт жасасады. Нәтижесінде «Экспансьон» тобы 175 000 дана «Экспансьоннан», «Ви Франсезден» 83 000 дана жоғалтады. Бұл келісімшарттан кейін «Экспансьон» тобының негізгі қаржы бөлігін «СЕП Коммуникасьон» тобы иеленеді.

«СЕП Коммуникасьон». «СЕП Коммуникасьон – пресс де ля сити». Бұл топ 1988 жылы екі концерннің – «СЕП Коммуникасьон» мен «Женераль Оксиданталь» компаниясының бірігуінен пайда болды. («Женераль Оксиданталь» - мықты «Альнатель Альсттің» өндірістік-көліктік тобының филиалы). «СЕП Коммуникасьон» тобының капиталы «Гавас» капиталымен тығыз байланысты туған топ. 1990 жылдың басында «Женераль Оксиданталь» компаниясы ең әйгілі апталығы «Экспресс» пен «Пуэмді» иеленеді. Осылайша «СЕП Коммуникасьон» екі салалық басылымды шығарады: 1) журнал саласы (60 мамандыққа арналған техникалық журналдар); 2) кітап баспасы (15 баспа). Осы топтың негізгі басылымдары: «Невель экономист», «Юзи новель», «Монитер», «Технолоджи». 1980 жылы топ жылжымайтын мүлік пен құрылыс саласындағы топтың акцияларын сатып алады. 1990 жылдың басында маманданған басылымдарға қоса «СЕП Коммуникасьон» бірнеше журналды өз меншігіне алды. Оның ішінде «Телеко магазин», «Электрик эндюсртиэль» де бар. Топ Франция бойынша ақпарат пен телекоммуникация саласына арналған басылымдар арасында 1-ші орынды иеленіп, топ «Ашеттен» кейінгі кітап басу ісінен екінші орынға ілігеді.



«Призма-пресс». Немістің «Групер унд Франс» концернінің Франциядағы филиалы. 1990 жылдың басында пайда болып «Ашеттен» кейінгі басылымдарды тарату жөнінен (230 000000 дана жылына) екінші орынды алады. Топ тек қана француз басылымдарын сатып алып қоймай, өзінің «Фан актюэль» басылымын да шығарып тұрды.

Ұлттық күнделікті газеттер. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Францияда француз басылымдарының алтын дәуірінің аяқталуы на себепші болды. 1914 жылы Франция Еуропада басылымның таралымы бойынша бірінші орынға ие болады. 1000 адамға шаққанда Францияда – 244 дана, Англияда - 160 дана, Америкада – 255 дана басылым болды. Мұндай нәтижеге Франция ешқашан жеткен емес еді. 1985 жылы 1000 адамға - 185 дана, 1991 жылы – 155 дана болды. 1990 жылдардың басында жарнамадан түсетін пайда азайып, оқырман аудиториясы сейіле бастайды, ұлттық газеттердің көбі париждік болып кетеді. «Котидьен де пари» мен «Франс-суар» дағдарыс пен құлдырау шегіне жетеді.

15 күнделікті газеттен 6-ы әртүрлі салаға маманданған. Негізінен бұл газеттер Парижде таратылған, ұлттық статусқа ие болғандықтан Францияға толығымен таратылып тұрды. «Паризьен Любире» дағдарысынан кейін Парижде көп таралымды басылым болмады. Париж гезеттері «Эко» мен «Экиптен» басқасы табыссыз болды. Қазіргі таңда Парижде тоғыз жалпы саяси-ақпараттық газет шығады: «Монд», «Фигаро», «Либерасьон», «Паризьен», «Юманите», «Котидьен де пари», «Презан», «Инфо-матэн», «Франс суар»; 6 салалық газет: «Круа», «Эко», «Требюн Дефоссе», «Экип», «Пири терф», «Котидьен де медсен» шығады.



«Монд» газетінің қаржы бөлімі 1980 жылы аздаған қиыншылыққа ұшырады. Кызметкерлердің жалақысына, әлеуметтік қамсыздандыру, қағаз, пошта қызметіне көп ақша жұмсалды. 1970 жылдың соңында француз баспагерлері газет шығарудың жаңа әдісіне бет бұрды. Фототерімге көшу 1980 жылдың басында жалғасын тапты. Соңғы болып «Монд» газеті жаңа тәсілге көшті, бірақ бәрінен де кеш көшкені қызметкерлер ұжымын толығымен қайта даярлау мүмкіндігінімен түсіндіріледі. «Монд» өз күн көрісін әзер тауып, күннен-күнге жағдайы қиындап бара жатты. 1980 жылы алғаш қаржы тапшылығы 17 800 000 франкты құраса, ал 1984 жылы 70 000 000 франкқа дейін жетті. Үш жылдың ішінде газет таралымы 45 000 данаға қысқартылды. Тәуелсіз басылым ретінде өз орнын жоғалтпас үшін қаражат керек болды. «Монд» тек қана өзінің экономикалық жағдайын тепе-теңдікке жеткізу үшін ғана емес, өзінің айырықша құрылымының (Бев-Мери құрастырған) кез келген жағдайда өзін-өзі ақтай алатын дәрежеде екендігін дәлелдеу керек болды. 1984 жылы қазанда газет директоры Андре-Лоран газеттің дағдарыстан шығу жоспарын паш етті. Жоспар бойынша қаржының тепе-теңдігін орнату үшін шығынды қысқарту қажет деп шешті. Жеке қорды қалпына келтіру үшін редакцияның ғимаратын сату керек болды. Парижден келетін факсимильді баспаға шығару әдісін қайта жаңарту әдісі арзаныраққа түседі деп шешті. Журналистер қоғамы Андре Лоранның жоспарын қабылдамай, директор өз қалауымен жұмыстан шығып кетеді. «Монд» газетінің оқырман қауымы бірігіп, көмек ретінде 15 000 000 франк жинап береді. 1986 жылдың соңына қарай газет таралымы 10% көтеріліп, басылымға жазылушылар саны 70 000-нан 80 000-ға дейін өсті, жарнамадан түскен пайда 25% көбейеді. А.Лоранның орнын басқан А.Фонтэн қатал үнемдеу жоспарын жүргізіп, 220 адам жұмыстан шығарылып, редакция ғимаратын сатуға тура келеді. Газеттің безендірілуі мен ішкі мазмұны үлкен өзгеріске ұшырайды. «Мондтың» оқырман аудиториясын кеңейту мақсатында газетте фотография мен карикатуралар, әзіл-ысқақ материалдар кеңінен көрініс табады. Материалдардың тақырыптары кеңейтіліп, «Монд» директоры А.Фонтэн жаңартылмаған басылымның қатал бәсекеде жеңілетініне күмән келтірмеді. Сондықтан газет мазмұны мен безендірілуін жақсартуды қолға алады. Жаңадан баспаханалық кешенін салу шешімі қабылданады. 1987 жылы «Монд» таралымы 500 000 данаға дейін жетіп, жарнамадан түскен пайда көбейеді. Бірнеше жыл бойы құлдырауды басынан кешірген «Монд» 1992 жылы экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізеді. 1994-1995 жылдары инвестициялардың дағдарыстан шығу кезеңі болды. Францияның жарнамадан әлем БАҚ-нан қалыс қалуы Эвеннің алкогольді ішімдіктер мен темекіні жарнамалауға тыйым салуына байланысты болады. 1995 жылы соңына қарай француз басылымдары тағы да бір қиындыққа тап болды: қағаздың бағасы 50% өсті. Осындай мәселенің Француз БАҚ- тарына әсер етуі қағаздың 90%-ын шетелден әкелуінен еді. 1994 жылы журналистер мен газет қызметкерлерінің жалпы жиналысында бірнеше мәселе шешіледі. Біріншіден, сыртқы салымшылар есебінен капиталды көбейту және екінші мәселе – кәсіпкерліктің статусын шектеген жауапкершілігі бар акционерлік қоғамнан бақылау кеңесі мен директорлар кеңесі болатын акционерлік қоғамға көшіру туралы шешім қабылданады. Директорлар кеңесінің төрағасы және «Монд» директоры болып Ж.М. Коломбани тағайындалып, газеттің елу жылдық мерейтойы өтеді.

Жаңа пішіннің арқасында «Монд» жетістіктерге жетіп, сәтті газет саясатының негізінде үш қағида тұрады: 1) ақпарат иерархизациясын жақсарту, яғни, ақпараттың сапалысын таңдау; 2) ұқсас деректер мен ақпараттары бар мақалаларды ортақ бөлімге жинақтау; 3) оқырманға әр түрлі суреттермен безендірілген, қызықты ақпаратқа толы газет шығарып беру. Елу жылдық тарихы бар бұл газет қайта жаңғырып, жаңа күшпен жұмысқа кіріседі. Газеттің басты құндылығы - болып жатқан плюрализмге қарамай түрлі акционерлерді біріктіреді. 1997 жылы мәдениет бөлімін кеңейтіп, бірнеше бет болып шыға бастайды, жаңадан «Киоск» айдары пайда болып, онда әлем басылымдарынан қызықты үзінділер, телевизиялық хроника мен Интернеттегі жаңа сайттар жайлы беріліп отырады.



«Монд» қалталы әлеуметтік топтың ең көп оқитын газетіне айналады. Бұл басылымның жылдық табысы 320 000 франк болатын отбасылардың 15%-ы таныс. Тек ақпарат тарататын газеттердің арасынан оқырманының көптігі жағынан «Монд» бірінші орын алады. 1990 жылдың соңында оның таралымы мен жарнамадан түскен табысы көбейеді. «Монд» директоры Ж.М. Коломбанидің айтуы бойынша 1998 жыл газеттің қаржылық көрсеткіші жоғарылап, газет таралымы үшін сәтті жыл болады. «Монд» президенті мен бас директоры Ж.М.Коломбани газет айналасында пайда болған топтың дамуын үш бағытқа бөледі: 1) жаңа технологиялық революцияға қатысуы – Интернет ресурстарын қолдануы; 2) мәдениет саласына арналған басылымдарға құйылған инвестиция; 3) аумақтық басылымдардың белсенділігі. Үшінші мыңжылдықтың басына дейін (тіпті 2001 жылдың 11 қыркүйек күні Нью-Йоркте болған террористік актқа дейін де) «Мондтың» экономикалық жағдайы тұрақты болып келді.

Күнделікті газеттер. «Фигаро». 1970 жылдардың соңында 1980 жылдардың басында Парижде шығатын газеттер ішінен нық орныққан басылымдардың бірі – «Фигаро». Француз журналистері оны табысты газеттерге жатқызады, алайда табыс көзі тек жарнамалық қосымшадан келеді екен. Алғаш қосымшасы – «Фигаро-магазин» 1978 жылы қазанда шықты. Мұндай жаңашылдықты халық тез қабылдап, «Эрсаннан» кейін көп басылымдарға қосымша шығара бастайды. «Фигаро» «Фигароның» жексенбілік газет шығару ойы сәтсіз болды. Оған себеп - жексенбі күні Париждегі бүкіл дүңгіршектер жабық болатын. Бірақ «Журналь дю диманш» жексенбі күні өз басылымын таратып жүрді, оның тарату әдісін осындай бәсекелестік жағдайда қолдануға болмады. 1981 жылдың басында сенбі күндері «Фигаро-магазин», «Матэн-магазин», «Экип-магазин», «Либерасьон-сэндвич» және «Монд-Диманш», сәрсенбі күндері «Фигаро-ТВ», әр сенбі сайын айына бір рет «Мадам Фигаро» тұрақты шығып тұрды. Осындай сәттіліктен кейін 1981 жылы «Эрсан» «Франс-суар-магазин» басылымын шығара бастайды. Күнделікті газеттің екі артықшылығы бар: біріншіден, жаңа оқырманды өзіне тарту, газетті тек сенбі күні ғана емес, аптаның кез келген күнінде сатып алуға мүмкіндік туады, екіншіден, мерзімді басылымды сатудан, жарнамадан түсетін табысты көбейтпек. Күнделікті шығатын «Фигаро», «Орор», «Франс-суар» газеттері («Эрсанның» иелігіндегі басылымдар) бұрынғы Президентке адал болып қалады. «Эрсан» халық сайлауы кезінде де, тіпті билік басына Ф.Миттеран келгенде де өз позициясын өзгерткен жоқ. «Эрсанның» басылымдары қалтқысыз жаңа үкіметтің оппозициясына айналып, жаңа үкіметтің ұсынған әлеуметтік-экономикалық реформасына қарсы шықты. 1981 жылғы сайлау нәтижесінде социалистердің жеңіп шығуы мен оппозицияның әрекеттері, сол кездегі Франциядағы саяси өзгерістер газет таралымының көбеюіне әсер етеді. 1981 жылы 336 000 дана, 1986 жылы 443 000 дана сатылды. «Фигаро» күнделікті қосымшасымен күрделене түсті. Қызғылт түсті он парақ беттен тұратын экономика және қаржы туралы ақпаратқа толы дәптерге ұқсайтын қосымшасы болды. «Фигаро» «Эрсан» тобының филиалы «Сокпресстің» қол астына көшеді. Алайда оның таралымы 1990 жылдың соңында төмендеп, редакция өз алдына газет пішінін жаңарту мақсатын қойды. Жаңа пішін бір жылға жуық уақытта бас редактор Ф.О.Жизбердің бастауымен дайын болып, көңілдері орныққан оқырмандар аудиториясының талағамымен санасып, жаңа оқырмандарды көптеп тартуды көздейді. 1999 жылдың 29 қарашасында шыққан жаңартылған газеттің бірінші нөмірінде «БАҚ және жарнама» бөлімінде мынадай мақала жарияланады: «Фигаро» - өзінің оқырмандарына ең жақын газет». «Фигаро» жаңашыл да динамикалық және ашық газет болуға ұмтылады», -дейді автор. Алғашқы беттері халықаралық ақпаратқа арналып, соның ішінде Еуропаға ден қояды. Кейін ішкі саясат, қоғам, аймақтық өмір жайлы мақалалар жарияланған. Газеттің қақ ортасынан «Пікірталас және көзқарас» айдары орын тепкен. 1999 жылдың 30 қараша күні «Монд» газетіне берген сұхбатында президент - бас директор Ив де Шезмартэн редакция таңдауын былайша түсіндіреді: «Біз материал тізбегін өзгертіп жатырмыз. Алғашқы беттерге жаңалықтарды орнатып, кейіннен пікірімізді білдіретін мақалаларымызды береміз. Бұрын газет редакциялық беттен бастап ашылатын, оқырман нөмір мақаласы мен соған бағытталған пікірлерді оқитын. Енді біздер редакциялық мақаланы газеттің ортасына орналастырып, газеттің ядросы болып табылатын бұл бетте түрлі пікірді айтуға мүмкіндік туады. Осылайша газет сан алуан көзқарас пен пікірлерге толы болады. «Газет саяси, экономикалық және қаржы билігіне тәуелсіз. Ол тек оқырмандардың жеке меншігі. Либеральдық құндылықтарды нақты ұстанады»,- делінген. 1999 жылы қарашада «Фигаро» таралымы 380 000 данаға жетті. Жаңа пішін газет нарығында алға шығу үшін жарнамалық кампания ретінде жүргізілді. «Фигароның» бес нөміріне тегін купондарды метро мен газет дүңгіршіктерінің алдында тарату арқылы оқырман қауымын қызықтырады.

«Либерасьон». 1980 жылдары Париж газеттерінің ішінде өз таралымын он жылда көбейткен басылымдардың бірі. Үлкен өзгерістер мен жарнаманың БАҚ-на келуімен бұл газет классикалық капиталистік басылымға айналды. Газет бетінде ең көп жазылатын жанрлар – репортаж бен журналистік зерттеу. Оның таралымы күрт өскен (1982 жылы 70 000 дана, 1985 жылы 138 000 дана, 1986 жылы 165 000 дана). 1988 жылы «Либерасьон» таралымынан өз шыңына жетеді (195 000 дана). Бұл Миттеранның халық сайлауындағы екінші жеңісі мен социалистердің билік басына келуімен байланысты еді. Миттеран жақтаушылары «Либерасьонды» өзінің бейресми өкіліне айналдырмақ болады, бірақ «Либерасьонның» өзі онымен келіспейді, өз наразылығын ашық айтпайды. 1984 жылы «Эко де ля пресс э де ля пюблисите» журналы былай деп жазады: «Либерасьон» - қазіргі үкіметтің ресми газеті қатарында». 1990 жылдың бірінші жартысында басталған газет жаңартылуы қосымша қаражатты талап етті. Бұл үрдіс әлемдегі техникалық жарылыспен тұспа-тұс келді. 1995 жылы қағаз бағасының өсуі газеттің жаңа қиыншылықтарға тап болуына септігін тигізді. 1995 жылы «Либерасьон» баспагерлері газет парақтарының санын 60-пен шектейді. «Либерасьон» ірі индустриалдық топтың иелігіне өтеді. «Шаржер» «Жеррома Сейду» ұжымы мен «Либерасьон» тобының арасындағы қол қойылған пакт бойынша басылым стратегиясы жөніндегі маңызды мәселелерде «Либерасьон» журналистерінде «вето» құқығы, статусты өзгерту, акцияларды сату және бас директорды таңдау құқығы беріледі. 1999 жылы «Либерасьон» таралымы тұрақты болып қала береді (170 000 данаға жуық). Газет өзінің Интернеттегі сайтын жақсы қолдана білді. «Либерасьон» басылымдардың арасынан алғашқылардың бірі болып 1995 жылы көктемде Интернетте сайт ашады. Журналистердің айтуы бойынша «Либерасьон» сайтындағы тегін кеңестер газеттің қағаз пішініндегі үлгісін сатып алуына кедергі келтіреді, алайда, «Либерасьон» дағдарысқа тап болды, оның жарнамадан түсетін пайдасының үлесі 45%-дан 35%-ға дейін төмендеп, таралымы азаяды. Газет жетекшілері ашықтан ашық серіктес іздестіруі туралы жария етеді. «Либерасьонның» талабы - газет бетін және тәуелсіздікті сақтау еді.

«Котидьен де пари». 1974 жылы бұл басылымның негізін Филипп Тессон қалаған. Талдамалы хрониканың тереңдігі мен қызғылықтылығын және мәдениетке шолуды бағалайтын аудитория үшін шығарылған басылым. Оның алғашқы таралымы - 20 000 дана болған. 1977 жылы Парижде «Матен» пайда болған кезде «Котидьен» жағдайы күрт төмендеп кетеді. 1978 жылдың ортасынан бастап шығуды уақытша тоқтатады, ал 1979 жылы қайтадан басылып, сол бұрынғы таблоидтық пішіндегі ғұмырын жалғастырады. 1980 жылдың басында басылым тобын құрастыруға мүмкіндік туады. Бұл топқа «Котидьен де Пари», "Котидьен де Медсен» және «Журнал Нувель Питеерер» кірген. Газеттің экономикалық тепе-теңдігі топтың басқа басылымдары арқасында ғана орнап, газет провинцияларда өз таралымын көбейтеді, ел саясатын тиімді пайдалана біледі. Алайда экономикалық қиындықтар газеттің шығуын тоқтатуға мәжбүр етеді, 1995 жылы ол қайтадан аяғынан тұрып, сапалы газет болып қала береді.

«Партизьен». Алғаш «Партизьен Либире» 1944 жылы тамызда шықты. Оның шығарушылары – Эмильен Амури және Клод Беланже. Газеттің айналасында басылым тобын біріктіруге мүмкіндік туады. «Партизьен Либире» бұқаралық газет болатын. 1950 жылдардың ортасында ол таралымы жағынан бірінші орынға шығып және сол біріншілікті қатарынан жиырма жыл бойы сақтайды. «Партизьен Либире» «Иль де Франс» департаментінің аумақтық басылымы. Газет ұлттық көлемде өз таралымын азайта бастайды. «Партизьен Либиренің» шарықтау шегіне жете алмаған себебі, редакциядағы ішінара әлеуметтік қайшылықтар болды. 1986 жылы Амури жұмысының нәтижесінде провинциялық газеттердің бір бөлігі жаңартылды, алайда таралымы екі есе азайды. 1977 жылы Амури қайтыс болған соң, газетте қайтадан ішкі қайшылықтар туындап, басылым өз позициясын жоғалтады. Газеттің негізгі капиталы заң бойынша Амуридің баласы - Филипке өтеді. Газеттің жаңа пішіні жасалады. Жаңа кезеңнен бастап ақпарат қатал сарапқа салынатын болды. «Партизьен Либиренің» жаңа оқырманы пайда болды және газет күннен-күнге сапалы үлгідегі басылымға айналады. Газет таралымы 1989 жылы 40 000 данаға дейін жетті. 1993 жылы тарату мақсатында жаңа «Ожурдюи» басылымы туралы жариялады. Бірақ 1996 жылдың желтоқсанынан бастап «Партизьен», «Ожурдюи» газеттерінің бағасы көтеріліп, үлкен аудиториясы бар бұл газеттер суреттерді сапалы етіп басуға көп көңіл бөліп, негізгі мазмұны үлкен саясат пен мәдениетке қатысты сапалы ақпараттарды қамтиды.

«Юманите» ФКП газеті. Француз қоғамы мен зерттеушілері арасында «Инфо-матэн» газетінің пайда болуы көп талқыланады. 1994 жылдың қаңтарында пайда болған «Инфо-матэн» газеті тез оқуға арналған, ұлттық газеттерден бағасы екі есе төмен, құны үш франк болатын алғашқы газет болды. Көркем суреттермен безендірілген кіші форматтағы (таблоидтың жартысы) 24-желілі газет жастарға, күнделікті баспасөзді оқып үйренбеген қала халқына арналған болатын. Ол жоғары сапалы қағазда басылды, әртүрлі түстерді кеңінен қолдануымен ерекшеленеді. Шағын ақпаратпен қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып отырды. Бұл кішкентай газет француз баспасөзінің ең күрделі дағдарыс кезінде нарықта екі жылдан астам уақыт өмір сүреді. Оны жасаушылар күнделікті ұлттық газеттердің қымбат, оқырманның күнделікті мәселелерінен алыс және қызықсыздығын есепке алып, әулетті аудиторияны қамту идеясын тиянақты ойлап шығарды. Газет тіпті бұрын күнделікті газеттерге қызықпаған жаңа оқырмандарды тарта білді. Бірақ, баспаханалық қызметтерге және Париж маңына тасымалдауға кеткен шығыннан, «Инфо-матэн-медсен» ақысыз қосымшаға жазылу жөніндегі дұрыс шешімді қабылдамауынан алты миллион франк шығынға ұшырап, 1995 жылдың желтоқсанындағы ұзақ ереуілдің нәтижесінде қоғамдық көліктің тығыны кесірінен (газеттің негізгі аудиториясы – бұл метро, автобус, қала маңындағы поездың жолаушылары болатын) газетті жабуға тура келеді. «Инфо-матэннен» кейін 1998 жылы күнделікті газет шығарудың әрекеті жасалды – бұл социалистік партия көсемдерінің бірі «Котидьен де ля Републик» газеті еді, ол да ұзақ өмір сүрмеді.

«Юманите» 1904 жылы Жұмыс интернационалының Француз секциясының органы (ІІ интернационал) ретінде Жан Жорес негізін қалаған жалғыз партиялық күнделікті газет болды. Француз социалистерінің ыдырауы, 1920 жылғы Коминтернге (ІІІ интернационал) қосылған Француз коммунистік партиясын құрғаннан кейін оның органы болып табылды. «Юманите» ХХ ғасырдағы саяси тарих басынан кешкен маңызды өзгерістерді өз басынан кешті. Газетте жұмыс қозғалыстарының өзгерістері, тарихи оқиғалар, француз баспасөзіндегі өзгерістер көрініс тапты. Техникалық үдерістен қалыспау үшін 1970 жылдары «Юманите» өз өндірісінің модернизациясын бастады. 1982 жылы газеттің барлық шығарылымы компьютерленіп, 1989 жылы жаңа баспаханалық және редакциялық кешен қолданысқа берілді. Бұл газетке жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік жасады. Ақша қаражаты ескі ғимараттар мен ерікті салымшылардан алынды. 1991 жылы дирекция үнемдеу мақсатында 60 жұмыс орынын қысқартып редакцияның қайта ұйымдастырылуын өткізді. «Юманите» табыс көзі ретінде таралым және жарнамадан басқа, оқырмандар салымы, еріктілермен жексенбілік шығарылымды таратуды ұйымдастырды. Ол 1990 жылы суретпен безендірілген апталық газетке айналып, оның таралымын 108 мың данаға дейін жеткізді. Оның таралымын (80%) өз еркімен тасымалдаушылар қамтамасыз етіп, бұл шығынды қысқартып, оқырманмен байланыс орнатты. Шығыс Еуропадағы коммунистік партиялардың ыдырауы Француз компартиясының басылым таралымын біраз қысқартты. 1989 жылдан бастап «Юманите» таралуы жыл сайын 5-10 пайызға төмендеп отырды (1992 жылы 66 мың дана, 1997 жылы 58 мың дана), таралудың төмендеуін тоқтату үшін газет өз саясатын бірнеше рет өзгертті. 1997 жылы оның жексенбілік басылымы өзгертіліп «Юманите эбдо» деген атпен шыға бастады. Бірақ газеттің қаржылық жағдайы жақсармаған соң, оған көмектесу үшін 2011 жылдың басында «Юманите» капиталының құрылымы өзгертілді. Инвесторларды біріктірген қоғам құрылды. Бұл инвестормен «Ашетт» тобы мен «ТФ-1» телеарнасы болды. Газеттің қазіргі капиталының 20 пайызы инвесторлардың иелігінде, 40 пайызы газет басшыларында, ФКП өкілдерінде, 20 пайызы «Юманите» оқырмандар қоғамында», 10 пайыздан «Юманите» достары» бірлестігінде және редакция қызметкерлерінде. Оқырмандар аудиториясын кеңейту мақсатында газет ФКП органынан шықты. «Енді біз партиядан толығымен тәуелсізбіз»,- деді оның директоры Патрик Йарик. «Юманите» бүгінгі күні антиглобалистер секілді жаңа қозғалыстарды тарта алды.

«Франс-суар» көпшілік газеті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет