Тақырып 7 Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар
Пара беру
Дәріс мақсаты: Пара беру процесімен танысу және оның ізділігін саралау.
Сұрақтар:
1. Қылмыс объектісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
1. Мемлекетгік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік)
жасағаны үшін немесе әлденеше рет пара беру немесе ұйымдасқан топтың пара беруі - жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
-
Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған заңды іс-әрекеті (әрекетсіздій) үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аспай-тын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру, егер мемлекеттік қызметтер атқа-руға уәкілетті адам не оған теңесгірілген адам жасаған іс-әрекет (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
-
Егер лауазымды адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылыктан босатылады.
312-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.
1. Пара берудің объектісі немесе оның қылмыс заты, ҚК 311-бапта көзделген қылмыс қүрамымен (пара алумен) толық түрде үқсас болып келеді. ҚК 312-бабы 1-ескертуінде белгіленгендей, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бүрьш жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін екі айльгқ есептік көрсеткіштен аспайтын сомада немесе қүны сондай алғаш рет сый лық беру, егер лауазымды адам жасаған іс-әрекет (әрекетсіздік) алдын ала уағда-ластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайды.
2. Қылмыстың объективтік жағы болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беруі танылады. Аталған қылмыс құрамы - формальды. Пара беру, лауазымды адамның параны толық немесе жарым-жартылай алғанына қарамастан немесе сол пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде орындауына байланысты болмаса да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс аяқталған болып саналады.
Егер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестіріл-ген адамның пара берушімен пара алуы туралы келісімі жоқ болса немесе параны қабыл алмаса, мұндай жағдайда пара беруге оқталу, не параға немесе сатып алуға арандату болып табылады (ҚК 349-бабын қараңыз).
Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 қаулысында «Мемлекеттік, қоғамдық немесе үйымдардың басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға басқа лауазымды адамға пара беру жолымен ойланған әрекетке немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма берсе, ондай адамдар пара беруші ретінде жауапқа тартылады». Пара үшін ойла-ған әрекеттерді орындауға келісімге келген және параны табыс еткен қызметкер параны беруге қатысушы ретінде жауапқа тартылуы тиіс. Егер аталған адам жүктелген істің сипатын біле түрып, тек параны апарып берсе, оның әрекеті па-рақорлыққа делдал ретінде сараланды деп түсіндірілген.
3. Параны беруде қылмыстың субъективтік жағы болып тікелей қасақаналық табылады. Субъект пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей пара беруді үйымдастырып лауазымды немесе басқа адамға пара бергендігі туралы білуі немесе тілеуі қажет. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулы-сында қүнды нәрселерді алудың немесе қызмет көрсетудің шарттары арнайы келі-сілмеген, бірақ қылмысқа қатысушылар параны берушінің мүддесін қанағаттанды-ру мақсатьшда табыс еткенін түсінген жағдайда айыпты адамдардың әрекеттері пара беру және пара алу деп дәрежеленуге жатады. Басқа мақсатпен қымбат заттарды (мысалы, мемлекеттік қызметші өзінің қызмет бойынша бастьпы қызының қолын сүрауы үпгін бағалы сыйлық үсынуы) беру осы қылмыс қүрамын қүрамайды.
-
Пара берудің субъектісі болып - 16 жасқа толған қандай да болмасын адам танылады.
-
Аталған қылмыс қүрамының екінші бөлігі дәрежеленген қүрамды; көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін лауазымды адамға пара беру, сол сияқты әлденеше рет; үйымдасқан топтың пара беруін белгілейді.
Көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) әр түрлі сипатта болуы мүмкін; көрінеу заңсыз жүргізуші куәлігін, пәтер беру, қылмыстық жауаптылықтан босату т. б.
6. Пара беруші адам пара алушы адамның жасаған әрекеттерін заңсыз екендігін үғыну маңызды болып табылады. Егер, пара лауазымды адамға қылмыстық әрекеттерді жасауы үшін берілген болса, пара беруші адам ҚК 312-бабы 2-бөлігі бойынша және қылмысқа айдап салушы ретінде, қылмыстың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстың әлденеше рет жасалуы ҚК 11-бабында белгіленгендей, яғни осы пара беру бойынша да қолдана аламыз. Осыған сәйкес жоғарьща аталған Казакстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 7-тармағында, жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпеген жағдайда параны алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу қылмыстары кемі екі рет жасалынса, онда аталған қылмыстар әлде-неше рет жасалған деп есептелінеді.
Егер әрбір пара берушінің мүддесі үшін жеке-жеке әрекет жасалып, бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса, онда пара әлденеше рет алынды деп сарала-нуы керек деп белгіленген.
Пара берушінің қажет еткен нәтижесін қамтамасыз ететінін орьшдағаны немесе орындамағаны үшін параны әлденеше рет беру немесе алу, сол сиякты өзара аддын ала келісіп қылмыс жасаған лауазымды адамдар тобына пара беру немесе аталған жағдайларда делдал болу, бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды.
Үйымдасқан топтың пара беруі, пара алудағы қылмыстың қүрамы түсінігімен үқсас болып келеді (311-баптың талдануын қараңыз). Аталған баптың 2-ескертуінде, егер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға - қүқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп марапаттаушы норма белгіленген.
Параны қорқытып алудың түсінігі ҚК 311-бабында анықталған. Пара беруі туралы өз еркімен хабарлауы, ешқандай мәжбүрлеусіз белгілі бір органға өз ер-кімен хабар беруін ерікті түрде деп айтуға болады.
Пара бергендігі туралы белгілі бір органға мәлім болғандығы туралы сезіп, оның артынан хабарлауы, ерікті түрде хабарлау деп танылмайды. Пара беру туралы арыз-ды кьілмыстық іс қозғауға құқығы бар органға, яғни прокуратураға, үлттық кдуіпсіздік комитеті, ІІМ, салық полициясына берілуін заң талап етеді. Алдын ала пара бере-тіндігі туралы хабар берген адам алдына мақсат қоюы мүмкін: пара алушыны үстап беру. Мүндай жағдайда пара беруші ретінде мүндай адамдар ҚК 312-бабының ескер-туі 2-бөлігімен байланысты емес, керісінше ҚР Қылмыстық Іс жүргізу кодексі 37-бабы бірінші бөлігі, екінші тармағы бойынша қылмыстьщ қудаланудан босатылуы тиіс. Сондыктан олар қүқықгық шарттарға сәйкес жәбірленуші деп танылуы мүмкін.
Өзін-өзібақылаусұрақтары:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмыстың диспозициясы?
Парақорлыққа делдал болу
Дәріс мақсаты: Парақорлыққа делдал болу квалификацияладың жалпы сипаттамасын беру және квалификация тәртібін қарастыру.
Сұрақтар:
1. Қылмыс объектісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
1.Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен
беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу - жүзден үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не торт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.
2.Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан бір жылға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не терт жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Парақорлыққа делдал болудың объектісі және оның қылмыстың заты толық түрде пара алудың объектісі мен қылмыс затымен үқсас болып келеді (ҚК 311-бабының талдануын қараңыз).
2. Парақорлыққа делдал болудың объективтік жағы екі нысанымен сипатталынады:
а) пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуі;
б) пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруді іске асуға жәрдемдесуі.
Парақорлыққа делдал болу осы екі нысанның белгілерімен не болмаса беруінің болуымен де сипатталады.
Пара алушы мен пара берушінің параны беруі және оның алынуы туралы келісімге келуі белгілі бір сөз байласу, кездесулер, келісімдік сөз алысуы, осы дел-дал арқылы жүзеге асырылады.
Парақорлыққа делдал болудың нысандары, қылмыстың аяқталуы белгілері-не байланысты айырмашылықтарға ие болып отыр. Делдал болудың бірінші нысаны бойынша, пара алушыға және пара берушіге пара алу мен пара беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізген сәтінен қылмыс аяқталынған деп есептелінеді. Сонымен қатар, пара беруші, пара алушыға пара бергендігі не болмаса бермегендігінің маңыздылығы ескерілмейді.
Парақорлыққа делдал болудың екінші нысаны бойынша - пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруін іске асыруға жәрдемдескен сәтінен, яғни параны алғаннан бастап қылмыс аяқталған болып ескерілінеді.
-
Парақорлыққа делдал болуда, параны алуға немесе беруге қатысушыдан ай-ырмашылығын білуіміз қажет. «Делдал» яғни сөздің мазмүны бойынша пара бе-руші немесе пара алушымен тікелей қарым-қатынасқа түсіп өзара келесімге келті-руші ретінде көрінеді. Қатысушы, пара беруші немесе пара алушының жағынан шығатын адам. «Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі зандарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы», Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 қаулысында параны беруді немесе алуды үйымдасты-рып, бұған біреуді итермелеген немесе параны алуға, беруге көмектесуші болған әрі бір мезгілде делдал міндетін атқарған лауазымды немесе басқа адам параны беруге немесе алуға қатысқаны үшін жауапқа тартылады. Мұндай қатысушының әрекетін саралау жөніндегі мәселе оның пиғылына, пара берушінің немесе пара алушының қайсысының мүддесі үшін, кімнің жағында болғанына қарай шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда оның әрекетін парақорлыққа делдал болу үшін жауапкершілік бергіленген бап бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ деп белгілеген.
-
Парақорлыққа делдал болудың субъективтік жағы тікелей қасақаналық: яғни кінәлі адам пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасьгадағы келісімге қол жеткізуді немесе іске асыруға жәрдемдесуді ұғынады және соны жасауды тілейді.
-
Қылмыстың субъектісі болып - қандай да болмасын он алты жасқа толған адам танылады.
-
Аталған баптың екінші бөлігі - парақорлыққа делдал болудың дәрежеленген түрін қамтиды. Әлденеше рет немесе үйымдасқан топ немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған әрекеттері.
Әлденеше рет немесе үйымдасқан топтың түсінігі туралы ҚК 11,31 және 311, 312-баптарын талдауын қараңыз. Парақорлыққа делдал болуда адам өзінің қыз-мет жағдайын пайдалана отырып жасауы, субъектінің парақорлыққа делдал бо-лудағы өзінің қызметтегі қүзіреті мен өкілеттігімен жасалды деп танылады. Па рақорлыққа делдал болуда, адамның өзінің қызмет бабымен үиымдағы не басқа да орындардағы басқару қызметтерімен байланыссыз болуы, қызмет жағдайына пайдалана отырып жасалды деп танылмайды.
7. Тәжірибеде жасалған парақорлыққа делдал болудың белгілерін кездестіруімі-зге болады. Егер адам пара берушіден ақша немесе басқа қүнды заттарды лауазымды адамға пара ретінде беру үшін алып, бірақ апарып беру оның ойында болмай өзі пайдаланса оның жасаған әрекеті алаяқтық ретінде саралануы тиіс деп белгіленген (жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулысын қараңыз). Жалпы алаяктық өзінің әлеуметтік мәні бойынша жасалған парақорлыкқа делдал болудан елеулі айырмашылықтарға ие. Жалған парақорлыққа делдал болу кезінде субъекті мүлікке алаяқгық ретіңде ие бола алмайды, керісінше, басқа адам-ды пара беруге тартады немесе пара беруге көмектеседі. Осыған байланысты жал-ған парақорлыққа деддал болушы пара берудегі айдап салушы немесе көмектесуші ретінде саралануы қажет. Жалған парақорлыққа делдал болушыға параның затын берген адамның әрекетін пара беруге оқгалғандық деп айтамыз.
Өзін-өзі бақылау сұрақтар:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмысты аурлататын санкциясы.
Тақырып 8 Мемлекеттік билікке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстар
Лауазымды адамның екілеттігін иемдену
Дәріс мақсаты: Лауазымды адамның екілеттігін иемдену түсініктеме беру
Сұрақтар:
1. Қылмыс объетісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі және соған байланысты оның жасаған әрекеті азаматтардың немесе уйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, - елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
-
Мемлекет, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланушылармен немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланушылармен күресе отырып, сонымен қатар басқа да, яғни лауазымды адамның өкілеттігін иемденушілермен де бір түрғыда күрес жүргізіп отырады. Өйткені, лауазымды адамның өкілеттігін иемдену азаматтар-дың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделеріне немесе мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруына нүқсан келтіреді. Осы мән-жайларды ескере отырып лауазымды түлға емес, мемлекеттік қызметшілердің лауазымды адамның өкілеттігін иемденгені үшін, Қазақстан Республикасы ҚК 309-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты белгілейді.
-
Осы аталған қылмыс қүрамының объектісі болып- мемлекеттік аппарат-тың кейбір қүрьшымдарының қалыпты қызметі болып танылады.
Қылмыстың объективтік жағы - лауазымды адам болып табылмайтын мем-лекеттік қызметшінің, лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі және соған бай ланысты оның жасаған әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуы.
4. Қылмыс белсенді түрдегі әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі, мемлекеттік қызметші, лауазымды адамның өкілеттігін өздігінше иемдене отырып, заңсыз түрде олардың өкілеттігін жүзеге асырады. Иемденіп алудың нысаны заңца белгіленбегендіктен олар әр түрлі түрғыда болуы мүмкін.
Мысалы, аудандық әкімнің қатардағы қызметкер - референті адамдарды қабылдап, олардың сүрақтарын шешіп, маңыздылығы бар құжаттарға бастығы-ның атынан қол қоюы; қатардағы полиция қызметкері өзін ІІБ жедел-іздестіру қызметкері ретінде көрсетіп азаматтарға заңсыз талаптар қоюы.
Лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі салдарынан, оның жасаған қоғам-ға қауіпті әрекетімен бірге азаматтардың үйымдардың қүқықтары мен занды мүд-делерін елеулі түрде бүзуы - қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып танылады.
-
Қылмыс құрамы құрылымына қарай - материалды болып саналады. Осыған байланысты келесі міндетті белгілерінің бірі болып кінәлі адамның заңсыз әрекеті мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс танылады.
-
Қылмыс аяқталған болып үйымға немесе мекемелерге не болмаса азамат-тардың мүдделеріне елеулі түрде зардап түскен сәттен бастап саналады.
-
Лауазымды адамның өкілеттігін иемденудің, субъективті жағы - тікелей қасақаналықпен жасалынады.
-
Қылмыстың субъектісі болып, тек лауазымдық қызметке ие болмаған, мем-лекеттік қызметші танылады. Егер осы аталған қылмыс қүрамы бойынша қыл-мыстың субъектісі, мемлекеттік қызметші болып табылмаса, осы бап бойынша дәрежеленбейді.
Бірақ мән-жайларға байланысты осы кодекстің басқа да баптарымен мысалы; алаяқтық, қорқытып алушылық, түрғын үйдің қол сүғушылығының бүзы-луы т. б. баптарымен дәрежеленуі мүмкін.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда (ҚК 307-бабы) қылмыс субъектісі лауазымды адам болып танылса, лауазымды адамның өкілеттігін иемденуде (ҚК 309-бабы) қьшмыс субъектісінің айырмашылығы, яғни заңмен лауазымды түлға деп белгіленбеген, мемлекеттік қызмет иесі болып танылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмысты аурлататын түрлері.
Тақырып 9 Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу жеке ержелерінін мазмұның ашу.
Сұрақтар:
1. Қылмыс объетісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
1. Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай үйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл сала отырып, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппүл сала отырып, он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан аиыруға не екі жылға деиігі мерзімге бас бостандығыиан айыруға жазаланады.
3. Лауазымды адамдардың мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілетгігін беруге әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасауы, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. 310-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.10 № 283; 2003.09.25 № 484 Заңымен.
-
Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамньщ не оған теңестірілген адам-ның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын үйым қүруы, не мүндай үйымды басқа-руға тікелей өзі немесе заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мүндай үйымға жеңілдіктер және артықшылыктар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршыльщқа байланысты болуы осы қылмыс қүрамының объективтік жағы болып табылады.
-
Кінәлі мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам өзінің, қызмет бабын пайдаланып, өз мүддесі үнгін үйым қүрады немесе мүндай үйымды басқаруға тікелей өзі не болмаса сенім білдірген адам арқылы қатысады.
Кінәлі адамның осы немесе өзге де нысандағы әрекеттері заңмен белгіленген уәкілеттігін пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заң күші бар 23 шілдеде 1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында, педагогтік, ғылыми және де өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде коммерциялық үйымда, оны басқаруға, тікелей қатысуы Қазақстан Республикасының заңцарына сәйкес оның қызметтік
міндетіне кірмейтін болса, үйымдық-қүқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық үйымды басқаруға, қатысуға қүқығы жоқ деп тіке белгіленген.
-
Қылмыс қүрамы бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті шартта-рының бірі болып, кінәлі адаммен кәсіпкерлік үйымның арасындағы себептік байланыстың болуы саналады.
-
Аталған қылмыс қүрамы формальді болып табылатындықтан қылмыс, яғни ҚК 310-бабындағы әрекеттердің басталуы, яғни кәсіпкерлік қызметке заңсыз қаты-су сәтінен аяқталынған деп ескерілінеді.
-
Қылмыс субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам-дар не оған теңестірілген адамдар танылады (ҚК 307-бабының талдануын қара-ңыз). Аталған баптың 2-бөлігі лауазымды адам лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін жауаптылық көздейді. Аталған баптың 3-бөлігі «Лауазымды адам-дардың мемлекеттік емес үйымдарға, соның ішінде қоғамдық лицензиялау жөніндегі өкілеттігін беруге әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасағаны үшін қьшмыстық жауаптыльқты белгілеген. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу объективтік белгілері бойынша билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланумен үқсастықтарға ие. Олардың айырмашылығы сол, лауазымды адамның мемлекеттік емес үйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау өкілеттігін беруі қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудан жеке түрғыда жасалатындығымен айрықшаланады.
7. Қылмыстың субъектісі мемлекеттік органның лауазымды түлғасы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмысты аурлататын диспозициясы.
Тақырып 10 мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстардың ерекшелігі
Қылмыстық өкілетті теріс пайдаланау
Дәріс мақсаты: Қылмыстық өкілетті теріс пайдаланау құрамының жағымсыз белгілерін анықтау
Сұрақтар:
1. Қылмыс объетісі.
2. Қылмыстық объективтік жағы.
3. Қылмыс субъектісі.
4. Қылмыстық субъективтік жағы.
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметгік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құкықгары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекетгің занмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бруға әкеп соқса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыруға, не терт жылға дейінгі мерзімге бас бостанды-ғынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айьфып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айьфуға жазаланады. Ескертулер.
Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
-
Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамдарға:
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне каңдидаттар ретінде тіркелген азаматтар;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарындатұракты немесе уақытша жүмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметшілер;
мемлекеттік үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын үйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі. Түрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери қүралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
Мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орын-дау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасыныңконституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқгы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі.
307-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.23 № 454; 2000.05.05 № 47; 2003.09.25 № 484 Заңымен.
-
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану - қызмет бабын пайдаланып жасалы-натын қылмыстардың ішіндегі кең тараған түрі болып табылады. Бұл қылмыс мемлекеттік аппараттың қандай да болмасын саласында жасалынуы мүмкін. Мұның қауіптілігі сол, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған % теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, азаматтардың немесе үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мем-лекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне және де мемлекеттік аппараттың қалып-ты қызмет атқаруына нүқсан келтіруімен сипатталынады. Қызметтік өкілеттікті пайдакүнемдік мақсатта кереғар пайдалану, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, парақорлық сияқты қылмыс түрлері осы қызмет өкілеттігін теріс пайдала-нумен біртекті, үқсаса отырып жүзеге асырылады.
-
Аталған қылмыстың объектісі - мемлекеттік органдардьщ және үйымдар-дың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының занды түрғьщағы қалыпты қызмет атқаруы болып саналады. Қосымша объектісі болып азаматтардың заң-мен қорғалатын мүдделері мен ар-ожданы, бостандығы, денсаулығы табылады.
-
Коммерциялық немесе өзге үйымда басқару қызметтерін атқаратын адам-ның өз өкілеттіктерін осы үйымның занды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа адамдар не үйымдар үшін артықшылық алу, пайда түсіру не басқа адам-дарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы болса - ҚК 228-бабымен жауаптылық көзделінеді.
-
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдар-ға зиян келтіруі табылады.
-
Азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамға немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға әкеп соқтыруы, ең алдымен, қүқықпен қорғалатын объектілерге елеулі түрде материалды зардап келтіреді.
Материалды зардап - мүліктік, жеке адамға қарсы, топтасқан болып бөлінеді.
Мүліктік зардап, қылмыс жасаған сйтте, Қазақстан Республикасы заңымен бел-гіленген айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінен бастап белгіленеді. Жеке адамға қарсы зардап, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа ауыр-лықтағы, ауыр зиян келтірген жағдайда анықталады.
Топтасқан зардап, жалпы қоршаған ортаға, яғни үйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындардың қызмет атқаруына нүқсан келтірілуін айтамыз. Мүліктік және адамға қарсы, топтасқан зардап өздеріне тән баға беруге бола-тындығымен сипатталынады, ал моральды зардап болса - қаржылай баға берілмейтіндігімен көрінеді.
6. Аталған қылмыс қүармы материалды болып табылады. Қылмыстың аяқталуы үшін азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуы.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәлінің қасақаналық нысанымен айқын-далады. Кінәлі адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пай-далануы, егер бұл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасауын қоғамға қауіпті екенін ұғып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенің немесе болмай қоймайтынын алдын ала біліп және оның зардаптарының болуын тілейді.
Жоғарыда аталған, қызметтік қылмыстардың түрлері бойынша жаңа Қылмыстық кодексте, қылмыс құрамының міндетті белгілері болып мақсаты, ниет (мотив), түрткісі танылады.
Пайдакүнемдікпен жасалған қылмыстар ниеттің, мақсаттың болуы, аталған түлғаның заңсыз сыйақы, мүлік, ақша, көлденең табыс, я бодмаса материалды түрдегі басқа да жеке басының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар жасалу-ымен сипатталады.
Өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалған әрекеттер деп, мүліктік емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм, жағымпаздық т. б. осы сияқты белгілермен үштасқан әрекеттерді айтамыз.
Заңға сәйкес аталған қылмыс қүрамының субъектісі болып, біріншіден, мем-лекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдар; екіншіден, оған теңестірілген адамдар танылады.
Қылмыстық кодекс бойынша осы аталған мемлекеттік қызметшілерге жатады:
-
мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адамдар;
-
Парламент пен маслихаттардың депутаттары;
-
судьялар; '
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы зандарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер.
Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарға:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
-
занда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен маслихат депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидат-тар ретінде тіркелген азаматтар;
-
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында түрақты немесе уақытша жүмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаража-тынан төленетін қызметшілер;
-
мемлекеттік үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекетгің үлесі кемін-де 35 % болатын үйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі.
9. Аталған баптың 2-бөлігі «Лауазымды адам» жасаған нақ сол әрекеттер үшін
жауаптылық көзделген.
Лауазымды адамдар болып - түрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы-ның Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери қүралымдарында үйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік шару-ашылық қызметтерді орьгадаушы адамдар танылады.
10. Қарастырылып отырған баптың 2-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазым
атқаратын адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін қатаң жауаптылық көзделген.
Осы баптың ескертуінің 2-бөлігіне сәйкес, мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Кон-ституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және де өзге заң-дарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік қыз-мет атқаратын адамдар деп түсініледі. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып, ҚР Президенте ҚР Басқару өкіметінің председателе парламент, палата председатель министрлер, Жоғарғы сот председателе бас прокурор немесе т. б. ҚР жоғарғы лауазым иелері табылады.
11. Аталған баптың 4-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайларға байланысты ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерді көздейді. Қызмет өкілеттігін теріс пай-далану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандық жасалғаны үшін сот тәжірибесін қолдану туралы 30 наурыз 1990 жылғы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында аса ірі мөлшердегі материал-дық зардаптың немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірілуі қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың салдарынан пайда болса ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет-терге жатқызылады деп көрсетілген.
Егер лауазымды адамның теріс әрекеттері пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қор-ғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға әкеп соқтырмаса, қылмыстық жауапты-лық пайда болмайды, керісінше тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтыруы мүмкін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады?
2.Қылмысты аурлататын түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |