3. СПОРТ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1.
Адам спорттық іс-әрекеттің субъектісі ретінде төрт категория арқылы сипатталады: ерік-жігер – ойлау – аффект - қабылдау (аффект түсінігі жүйелік амалда «эмоция» және «сезімдер» түсініктеріне қатысты тектік түсінік).
Спорт іс-әрекетінің субъектісін осындай қызметтік тұрғыдан сипаттаған орынды, өйткені іс-әрекетте спортшы өзін саналы әрекет етуші, мақсаттарға жетуге бағытталған субъект ретінде көрсетеді.
«Адам» жүйесінде субъектіге күш-қуат категориясы сәйкес келеді. «Іс-әрекет субъектісі» деген түсінікке кіші жүйедегі «ерік» түсінігі сәйкес келеді. Сонымен, ерік-жігер спорттық әрекетке қатысты күш-қуат ықпалы ретінде анықталады. Жарыстардың қиын жағдайларында спортшының тұрақтылығы оның ерік-жігер қасиеттерінің даму деңгейіне тәуелді.
Ерік-жігер әрекеттерінің құрылымы күрделі. Ерік-жігер әрекеті еріктік әрекетке ұмтылыстан басталады, өзін қанағаттандыруды талап ететін қажеттілікті саналы түрде түсінуден және сондай қанағаттандыруда пайда болатын кедергілерді саналы түрде түсіну маңызды. Мұндай түсіну осы қажеттілікке сәйкес келетін эмоционалды күймен қатар жүреді.
Одан әрі әрекет мақсатын елестету маңызды болады. Мақсат жоқ болса, әрекет өзінің ырықтылығын жоғалтады, мақсатқа бағытталмаған болады. Содан кейін анықталған мақсатқа жетудің тәсілдері туралы түсінік болуы қажет. Тәсілдер туралы анық көзқарас болмаса, еріктік әрекет жүзеге аспайды. Осы негізде бұл әрекетті жүзеге асыруға ниет пайда болады. Ол жоқ болса, әрекет, мақсат пен тәсілдері анық болғанына қарамастан, орындалмай қалады. Еріктік әрекеттерге саналы түрде шешім қабылдау тән.
Одан кейін еріктік күш салу керек, ол екі жақты көрінеді: орындалып жатқан әрекетке толық зейін аудару және өзін әрекетке жұмылдыру немесе кедергілер пайда болатын болса, әрекеттен бас тарту. Кедергілерді жеңіп шығуға бағытталған еріктік күш салу үшін өмірлік сенімдер мен адамгершілік мінез-құлық ережелері маңызды.
Сонымен, ерік-жігердің күш-қуатының негізінде құндылықтар жатыр. Парыз сезімі, жауапкершілік, жағымсыз эмоцияларды бәсеңдете білу қабілеті, қорқыныш сезімін басу, бастаған істі аяғына дейін жеткізу әдеті және басқа еріктің көріністері тәрбиелеу барысында қалыптастырылады /1/.
Еріктік әрекет қабылданған шешімді орындаумен аяқталады. Ю.Я. Горбунов төрт түрлі спортшылардың еріктік белсенділігін зерттеген: боксышар, акробаттар, коньки тебушілер, жеңіл атлетшілер. Зерттелінушілер 18-25 жас аралығында 1 разряд спортшылары, СШК, спорт шеберлері болды, барлығы 114 адам. Спорт түріне тәуелсіз түрлі стильдегі дәл осы спорттық белсенділік адамның әр деңгейдегі сипаттамаларын біртұтас құрылымға келтіретіні анықталды /2/. Ақын айтқандай: «Сезімдер мен ақыл-ойына қажымас ерікпен кісен салған ғана жоғары шыңдарға жетеді». Зейін – бұл танымдық үрдістерді бақылау, ал ерік - бұл зейінді бақылау деп кездейсоқ айтылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |