Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет142/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   222
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Аймауытов Ж.- Қазақ әдебиеті /Энциклопедиялық анықтамалық/.-Алматы: 
Аруна, 2005.- 18-19 беттер 
2.Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989.- 560 бет.
3.Әлімов А.Қ., «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану» оқу құралы / 
Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 
4.Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной 
школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с. 
 
 
НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУДЕ МҦҒАЛІМ
ҚҦЗІРЕТТІЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ
 
Артыкова Айсҧлу Суннатовна 
№87 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың 
бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды 
факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, 
әр адамның ӛзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға кӛмектесетіндей, сыртқы 
әлеммен 
әлеуметтік 
қарым-қатынастарда 
ӛз 
орнын 
табуға, 
ӛзін 
шығармашылықпен ӛзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі 
таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды 
талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім ӛз білімін 
үздіксіз кӛтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты кӛтеріп отыру - мұғалімдердің 
құқықтары әрі міндеттері. Білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, 
мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым 
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға 
және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайларды 
жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін 
дамыту, адамгершілік пен салауатты ӛмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ойӛрісін байыту» 
деп атап кӛрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі таңда 
оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді 
мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным болып отыр. 
Қазіргі таңда білім беруді жетілдіру мақсатында құзыреттілік жайында кӛбірек 
айтылып жүр. 
Сондықтан, білім берудің негізгі мақсаты - ӛзінің және қоғамның 
мүддесінде ӛзін-ӛзі белсенді етуге дайын, ӛзгермелі даму үстіндегі ортада ӛмір 
сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны 
дамыту және қалыптастыру болып табылады. Болашақ маман иесінің кәсіби 


құзырлылық деңгейі жайында айтпастан бұрын, алдымен құзіреттілік сӛзінің 
мәніне тоқталайық. 
Құзіреттілік - күнделікті ӛмірдің нақты жағдайларында пайда болатын 
мәселелер мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. 
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген 
американдық ғалым Н.Хомский. Оның ойынша, құзыреттілік термині 
грамматика білімдеріне негізделеді. Құзырлылықтың категориялық мәнін 
лингвистикалық тұрғыда түсіну үшін аударма сӛздіктердегі түсініктерге талдау 
жасаймыз. Қазақша-орысша сӛздікте құзыр «компетенция» деп аударылып, бұл 
іс сіздің құзырыңызда деген түсіндірме беріледі. С.И.Ожегов сӛздігінде бұл 
ұғымдар тӛмендегідей екі түрлі мағынада беріледі: 
1) Кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар тӛңірегі; 
2) Қандай-да біреулердің билігі, құқы, құзырлы:
1) Бір сұрақтар тӛңірегіне жинақтаушы; 
2) Бір нәрселерді шешу құқы бар. Методикалық терминдер сӛздігінде 
«Құзыреттілік» (латынның competentis – бейім сӛзінен шыққан) - қандай да бір 
оқу пәнін оқыту үрдісінде қалыптасқан білім, білік, дағдылар жиынтығы
сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі-делінген. 
Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз - жеке тұлғаның белгілі бір 
мәселені шешудегі ӛзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы 
және адамның жеке ӛзінің іс-әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді 
меңгеруі. Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқу пәніне деген 
мотивациясын дамыта отырып, оқушы әлемдегі ӛзгерістер мен жаңалықты 
қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей байланыс жасай алатын, 
ӛзінің жеке ойлау мүмкіншілігі бар дара тұлғаға айналады. Ал мұғалімнің 
негізгі мақсаты - осы қажеттіліктерді тұлғаның санасына жеткізе алуында.
Педагогика саласын зерттеуші Т.Г.Браже «Құзырлылық - тек кәсіби білім 
ғана емес, ол тұлғаның мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту 
қабілеті» деп тұжырымдаған. Мұндай пікірлерден кейін қазіргі білім талабын 
қанағаттандыру үшін, мұғалім жоғары мәдениетті, терең адамгершілікті, 
құндылық пен сенімділік жүйесінің қалыптастыратын, ӛз оқушыларының 
шығармашылық 
мүмкіндіктерін 
дамытатын, 
жаңалыққа 
іс-әрекетімен 
қабілеттілік танытатын, ӛзін-ӛзі үнемі жетілдіріп отыратын, кәсіби белсенді 
құзырлы мұғалім қалыптастыру қажет.
Болашақ мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейін кӛтеруде, Т.А. Горюнова 
және Н.Ш. Королева кәсіби құзырлылықтың 3 негізгі құрамдас бӛлігін атап 
кӛрсетеді:
1. Адамның ӛз жұмысына қарым-қатынасы, оның еңбекке бағыты, еңбекке 
деген қызығушылығы, жігері.
2. Кәсіпке деген қабілеті (туа біткен қабілеті, бейімділігі).
3. Кәсіби қызметі үшін қажетті білімді меңгере білуі. Зерттеуші ғалымдардың 
құзыреттілік жӛнінде айтқан ойларын, құзыреттілік ұғымын жан-жақты талдай 
келе, құзыреттілік - тәжірибелік ісәрекетті орындаудағы алғырлық пен жүйелі 
ойлануды талап етеді, алға қойған мәселе мен тапсырманы шапшаң шеше алу 
керек екен деп тұжырым жасаймыз. А.В.Хуторскойдің пікірі бойынша, 
құзыреттілік жеке тұлғаның ӛзара байланысты сапаларының үйлесімін құрайды 


десе, ал И.А.Зимняя құзыреттілік білім алу нәтижесінде тұрақталған, білім мен 
тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның әрекет жасауға дайындығы және осыған 
орай жалпы қабілеттері ретінде анықталған деп атап ӛтеді. 
Атап айтсақ, А.Т. Чакликова мен С.И.Ферхоның ғылыми еңбектерінде 
болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мәселелері 
қарастырылады. Зерттеуші ғалымдардың құзыреттілік жӛнінде айтқан ойларын 
құзыреттілік ұғымын жан-жақты талдай келе, құзыреттілік - тәжірибелік іс- 
әрекетті орындаудағы алғырлық пен жүйелі ойлануды талап етеді, алға қойған 
мәселе мен тапсырманы шапшаң шешу керектігі жайында айтылады. Ғалымдар 
кәсіби құзыреттіліктің келесідей түрлерін ажыратып кӛрсетеді: 
- арнайы құзыреттілік - ӛзінің кәсіби қызметін жеткілікті дәрежеде меңгеру, 
ӛзінің кәсіби дамуын жобалай білу;
- әлеуметтік құзыреттілік - бірлесе қызмет атқару, ынтымақтасу мен кәсіпке 
қатысты қарым-қатынасты меңгеру, кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін 
әлеуметтік жауапкершілік; жеке тұлға құзыреттілігі - ӛзін кӛрсете білу мен 
дамытудың амалдарын, құралдарын игеру және кәсіби еңбектегі даралық;
- дара құзыреттілік - ӛзінің қабілетін жүзеге асыру, кәсіп аясында ӛз даралығын 
дамыту қабілеттігі, кәсіби тұрғыдан ӛсуге деген дайындық, ӛзінің даралығын 
сақтау қабілеті, еңбегін ұтымды ұймдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, 
шаршаусыз, тіпті сергіту арқылы нәтижеге жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет