«стоматология» мамандығЫ Үшін силабус


Тәбеттің біртектес бүліністері



бет8/16
Дата09.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Тәбеттің біртектес бүліністері


Біртектес түрлері

Клиникалық мысалдар

  1. Анорексия – тәбеттің болмауы

  2. Гипорексия – тәбеттің төмендеуі

  • зат алмасуларының ауыр бұзылыстарын және организмнің арықтауын дамытады.

  • Асқазан-ішек жолы шырышты қабаттарының қабынуы;

  • қызбамен қабаттасқан жұқпалы аурулар;

  • әртүрлі ағзалардағы қатерлі өспелер;

  • кейбір эндокринопатияларда;

  • психоз, невроз.

  1. Гиперорексия – тәбеттің жоғарылауы

Семіру, қантты диабет, атеросклероз, жұқпалы ауруларға қарсы тұруының төмендеуін тудырады.

  • Қантты диабетте және басқа зндокринопатияларда;

  • Орталық жүйке жүйесінің ағзалық және қызметтік бүліністерінде.

  1. Булимия – шектен тыс күшейген тәбет

  • нервно-психические расстройства

  1. Парорексия – бұрмаланған тәбет

  • теміртапшылықты анемия;

  • психикалық бұзылыстар;

  • жүктілік токсикозы.

Сілекей бездері қызметі бұзылыстары


Біртектес түрлері және олардың организм үшін маңызы

Клиникалық мысалдар

  1. Гиперсаливация

  • Асқазан сөлін бейтараптайды, асқазандағы асқортыуды бұзады, асқазандағы қойыртпақтың ішекке өтуін жеделдетеді, асқазан сөлінің бактерицидтік әсерін төмендетеді, организмнің сусыздануын тудырады.

  • стоматит;

  • уланы (никотин);

  • токсикоз;

  • гельминтоз;

  • ОЖЖ зақымдануы (невроз);

  • рефлекстік (үшкіл жүйкенің зақымдануы).




  1. Гипосаливация

  • Ауыз қуысының шырышты қабатын құрғатады, онда жұқпалы қабынулық аурулар дамуына қолайлы жағдай жасайды, көптеген тіс жегілер дамуымен қабаттасады.




  • Сілекей бездерінің сүлде аурулары;

  • Жұқпалы аурулар;

  • дәрілер (атропин);

  • организмнің сусыздануы;

  • гипертиреоз ж.б.

Өңеш қызметінің бұзылыстары


Өңеш арқылы тағам өтуінің қиындауын дисфагия деп аталады (грекше dys қызметі бұзылуы, phagein – тамақ жеу).

Дисфагияның түрлері

Даму тетіктері

Негізгі себептері

1. Орофарингеалды

  • мый бағанының зақымдануы;

  • жүйке-бұлшықет түйіспелік қызметтердің бұзылуы;

  • жұтқыншақ бұлшықеттерінің зақымдануы;

  • жұтқыншақ бұлшықеттерінің спазмы;

  • ксеростомия;

  • жұтынғанда ауыру сезімі.

  • инсульт, полиомиелит;

  • миастения;




  • дерматомиозит;

  • сіреспе, истерия;

  • сілекей бөлінуінің бұзылуы;

  • стоматит, ларингит.

  1. Өңеш денесінің қалыпты жиырылуының бұзылуы




  • Орталық жүйкелік реттелудің бұзылуы;

  • интрамуралды ганглийлерде нейрондардың бұзылуы;

  • бұлшықет талшықтарының дәнекер тіндерімен алмасуы

  • эзофагоспазм (өте жиі);

  • өңеш кеңістігінің тарылуы.

  • қатты эмоциялар;




  • жүйелі склеродермия;

  • невроздар;

  • күйіктік тарылулар, өспелер ж.б.




  1. кардияның және өңештің төменгі қысқышының ашылу тетігінің (механизмінің) бұзылуы

  • босаңсудың бұзылуы;

  • өңештің төменгі қысқышы межеқуатның төмендеуі.




  • кардияның ахалазиясы;

  • гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру.

Асқазан қызметінің бұзылуы

Асқазан сөлі сөлденісінің бұзылуы


Бұзылу түрлері және көріністері

Пайда болу тетіктері

  1. Гиперсекреция

  • Асқазан, ішек ауруларының дамуында маңызы жоғары (ойық жара ауруы, шырышты қабықтың жалағы, гипертрофиялық гастрит ж.көпт.б.).

  • төс астында жиі ауыру сезімімен, жүрек айну,қайталанған құсу, асқазаннан ішекке тағамның өтуі баяулауымен көрінеді, сөйтіп ішектік асқорытудың бұзылуын туындатады.

  • іргелік немесе энтерохромафиндік жасушалар массасының, тұқым қуалайтын, ұлғаюында.

  • кезбе жүйкесі межеқуаты жоғарылағанда.

  • асқазанның шыға беріс бөлігінің созылуында (босатылуының бұзылуы).

  • Золлингер-Эллисон синдромы кезінде.

  • қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, кортизон және б. әсері кезінде.

  1. Гипосекреция

  • асқазан сөлінің қышқылдығы және ыдырату күші төмендейді, бұл жеткіліксіз өңделген тағам жентегінің асқазаннан ішекке түсуінің жылдамдауына және іш өтуі дамуына әкеледі. Жұқпалық сипаттағы сыртқы жайттардың ішекке өтуіне жағдай жасалады, бұл дисбактериоз және ішек-қарын жолы ағзаларының жұқпалық-уыттық бүлінісін туындатады.

  • организмнің арып-тозуы жиі байқалады.

  • дизэритропоэздік анемиялар қалыптасады.

  • асқазанның бездік құралының айқын құрылымдық өзгерістері (атрофиялық гастрит, полипоз, асқазанның қатерлі өспесі).

  • тамақтану тәртібінің бұзылуы.

  • тағамда нәруыз, витаминдер жеткіліксіздігі.

  • жұқпалы аурулар кезінде.

  • қызба кезінде.

  • гипотиреоз кезінде.

  • ОЖЖ қызметінің бұзылуы кезінде.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы
2012 -> К. С. Тілеуқабылова стив джобс – Аpple корпорациясының негізін қалаушы Қарағанды 2014 алғы сөЗ
2012 -> 1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Б. Г. НҰҒман қожа ахмет яссауи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет