Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Н.Р. Күнхожаев. Қазақстанның экономикасы: қазіргі жағдайы мен



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Н.Р. Күнхожаев. Қазақстанның экономикасы: қазіргі жағдайы мен 
болашағы. Жоғары сынып оқушылары мен абитуриенттерге арналған 
қосымша оқу құралы. Алматы: Рауан. 1998 ж. –117 бет. 
Қосымша оқу құралында Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы 
мен болашағы, алыс және жақын шет елдермен байланысына қысқа әрі 
тұжырымды талдау жасалады. Еңбекте «Қазақстан-2030» стратегиялық 
бағдарламасы да қарастырылады. 
Оқулық география пәні бойынша өз білімін тереңдетуге талпынған жоғары 
сынып оқушылары мен абитуриенттерге арналған. 
Сыни-пікір - белгілі бір еңбекке (монография, диссертация, ғылыми 
мақала) сыни бағытта жазылады. Сыни-пікір (рецензия) әдетте жарыққа 
шығатын еңбектің кемшіліктерін болдырмау мақсатында, кемшін, жетімсіз, 
қате пікір айтылған тұстары көрсетіле жазылады. Сыни-пікірде еңбекте 
көтерілген мәселеге байланысты әділ сын айтылады. Мұнда зерттеу 


70 
нысанының дәлдігі, зерттеу әдісі, фактілердің топтастырылуы, статистикалық 
мәліметтердің дәлдігі мен сәйкестілігі, зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы 
баса көрсетіледі. Сыни-пікір ең алдымен ғылыми негізде, сол саланың 
мамандарына түсінікті тілде, салалық және сала аралық терминдерді негізді 
қолдана отырып жазылуы тиіс. 
Сыни-пікірді сала мамандарына, шығарма авторына және оқырмандарына 
пайда келтіретіндей етіп, сол саланы терең білетін, жан-жақты білімді маман
жазуы тиіс. Рецензент еңбектің дәлелдей отырып, ойландырғысы келген 
тұстарын тезис-антитезис арқылы баяндайды. Еңбектің ғылым саласында 
алатын орны мен маңызына, еңбектің көлеміне, рецензент - автордың нақты 
тұжырымдарына байланысты сыни-пікір ғылыми мақалаға ұласуы мүмкін. 
Сыни-пікір соңында автор нақты тұжырымдар негізінде ғылыми-сауатты 
қорытынды жасайды. Ғылыми еңбекке жазылған сыни-пікір обьективті болу 
керек, себебі ғылым жолы аса жауапкершілікті қажет етеді. Мұның өзі 
ғылым саласының дағдарысқа ұшырап, тұйықталмай, еркін дамуына септігін 
тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет