Тақырыбы: «Ертегі терапиясын қолдану жолдары» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ерболатова А. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар



бет1/7
Дата09.10.2024
өлшемі101 Kb.
#504471
  1   2   3   4   5   6   7

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

«Педагогика, психология кафедрасы»




Тақырыбы:
«Ертегі терапиясын қолдану жолдары»


Дайындаған: 3сВО тобының студенті
Ерболатова А.
Жетекшісі: Ғалымова Р.М.

Орал-2014 жыл
Жоспар


І.Кіріспе.............................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ертегі терапиясының бағыттары мен қолдану жолдары...........4
2. Оқу – тәрбие процесінде ертегі мәтінімен танысуда қолданылатын
әдіс – тәсілдер....................................................................................6
3. Балалардың жас кезеңдеріне сай ертегі терапиясын қолдану
техникасын үйрету.............................................................................9
ІІІ.Қорытынды бөлім........................................................................11
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................12

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде ертегі терапиясы тек қана балаларға ғана емес ересектерге де кеңінен қолданылуда. Ертегі терапиясының дамуына, эмоциясын реттеуде маңызды екендігін В.И.Лубовский, Н.М.Назарова, В.В.Егорычев, В.Г.Петрова, М.Н.Перова, Е.А.Стребелевой, Е.Васина, А.Барыбина, Т.Д.Зинченков, қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Сонымен, оқу-тәрбие процесінде ертегі терапиясы дамытушы - түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып қолданылса, баланың тұлғалық үйлесімділігінің дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені ертегі терапиясы – психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет атқарады. Ертегі терапиясы бұл бүгінгі балаларға дұрыс тәрбие берудің бір жолы – деп осындай тұжырымға келіп отырмын. Ертегі балалық шағымыздан бастап біздің өмірімізге сән беріп келеді. Сірә, қызықты, сиқырлы да таңғажайып оқиғалар қызықтырмайтын бір де бір бала жоқ шығар. Ертегілерді қолдану тарихтың тереңінен халық ауыз әдебиетінен алғаш бастау алған. Бүкіл әлемде ертегі оқу сәбилер мен үлкен адамдар арасындағы қарым-қатнастың ерекше түрі бола отырып, білім беретін әрі адамгершілік тәрбие беру түріндегі салт - дәстүр болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет