Тақырыбы: ҒылымғА Қадам



бет1/27
Дата24.04.2024
өлшемі0.86 Mb.
#499683
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Ғылым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШҚО ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ

Тақырыбы: ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ
Аптасына: 1сағат.
Сағат саны: 34 сағат

Сыныптар: 5 «а», 5 «б»


Жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл
Дайындаған: Жоғары санатты
тарих пәні мұғалімі, педагог шебер,
тарих ғылымдарының кандидаты
Р.С.Чекетаева
«Қ.Нұрғалиев атындағы
№43 мектеп-лицейі» КММ
Өскемен, 2020 жыл

МАЗМҰНЫ



Түсінік хат






3 б

  1. Бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі







6 б

  1. Үйірме бағдарламасының мазмұны







10 б

  1. Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру







13 б

  1. Жоба







16 б

    1. Жоба әдісі







16 б

    1. Жобалардың әртүрлілігі мен жіктелуі







17 б

    1. Жоба әдісін қолдануға қойылатын негізгі талаптар







19 б

    1. Жоба бойынша жұмыс жүргізудің кезеңдері







19 б

  1. Оқушылардың өздік жұмыстары







20 б

Әдебиеттер тізімі






21 б

Дидактикалық материалдар






23 б


ТҮСІНІК ХАТ
Өзектілігі.ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын ұсынған ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта:«Сабақтан тыс уақытта балалардың жұмыспен толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Пән мұғалімдері үйірмелер, секциялар жүргізе алады. Қосымша мектептен тыс іс-шараларды, үйірмелер мен секцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты - баланың дарындылығын ерте анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның жан-жақты қызығушылықтарының шеңберін қалыптастыру, кәсіби өзін-өзі анықтауға жәрдемдесу» [1, 407 б] дегендіктен бұл үйірме жұмысының бағдарламасы өзекті мәселеге арналған.
«Ғылымға қадам» үйірме жұмысыныңБағдарламасы әдістемелік нұсқау хаттағы «білім алушылардың қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің жобалық зерттеулер және басқа бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі»[1, 399 б]ұсынымын ескере отырып әзірленді, Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары негізінде жұмыс бағдарламасы құрылған.
Үйірме жұмысындаоқушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген, сондықтан да дарындылығы бар оқушыларға бағытталған. Авторлық бағдарламада үйірме жұмысын жүргізуде қолданылатын әдістер, қағидалар мен зерттеу жұмысы, жобалар жайлы мағлұматтар, сабақ жоспарлары жинақталған.Үйірмеде тұлғаны қалыптастыру, оқушының танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды. Өйткені бүгінгі таңда оқушылар мектептен тек пәндік білім, білік, дағды мен тәрбие ғана емес, заман сұранысына қарай ХХІ ғасырдың кең ауқымды дағдыларына да ие болулары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет