Сүт безінің аурулары. Мастит – сүт безінің қабынуы.
Себебі: жас босанған шақта баланы дұрыс емізбеу, сирек емізу, емізіктің тілінуі, лактостаз, жүктілік кезінде емшекті емізуге дайындамау.
Қоздырғышы –стафилококк, стрептококк.
Дамуы бірнеше кезенде өтеді: 1 кезең үйыма кезеңі –Сүт безінің колемі ұлғайып, тығыз болып, қатты аурады, дене қызуы 37,5-380 С бағанасы бойынша көтеріледі.
2кезен- қатаю кезеңі емшектің белгілі бір бөлігінің тұсында ауратын инфильтрат пайда болады, улану белгілері: бастың ауруы, әлсіздік, ұйқының қашуы, тахикардия, дене қызуы 38-38,50С, қалтырау байқалады. Қатаюдың үсті қызарып, терісі жарқыраған тәрізді болады.
3кезең –іріңдіқ кезені- қатаюдың ортасы жұмсарып, флюктуация (бүлкілдеу) байқалады, улану белгілері өте айқын, дене температурасы 39-400С.
4кезең –дүңку кезені, іріндеу процестері бүкіл безге жайылады.
5гангренозды кезең емшек ұлпалары өліеттенеді, сепсис белгілері байқалады.
Диагностика: жалпы қарау, пальпация.
Емі 1 және 2 кезенде- консервативті – баланы дұрыс және жиі емізу, қалған сүтті сауып тастау, безді сылап сипау, компресс жасау, емшекті көтеріңкіреп қою. Сіңіру анестезиясы, физиоем, антибиотиктер, дисбактериоздың алдың алу, парацетамол.
3кезеңде –хирургиялық ем іріңдікті кесіп,іріңді ағызу, қуысты тазалап, керек болса дренаж қою, антибиотиктер, дисбактериоздың алдың алу, іріңді ағызғаннан кейін бала емізгенді жалғастыру.
4кезең массивті антибиотикотерапия, инфузиялық терапия, контрапертура жасап, іріңді сыртқа шығару.
5кезең –ампутация, массивті антибиотикотерапия, инфузиялық терапия симптомдық қарқынды ем.
Алдың алу шаралары: Жүктілік кезінде омрауды емізуге дайындау – ауа ваннасы, ареоланы емізікпен түкті орамалмен ысқылау, жалпақ емізікті созу (егер түсік түсу қауыбы болмаған жағдайда).
Баланы емізгенде емізікті бала ауызына ареоламен бірге енгізу. Бала сұраған сайын емізу.
Сүт безінің қатерсіз ісігі. Фиброаденома без және дәнекер ұлпадан пайда болатын, сыртқы қабығы (капсуласы) бар ісік. Қатерсіз болған соң баяу өседі. Жасы 20-25 жас әйелдерде жиі кездеседі. Көбінесе әйел киім кигенде немесе жуынғанда, ісіктің барын байқап қалады. Дұрыс диагнозды онколог маммография, сүт безінің УДЗ нен кейін қояды. Емі көбінесе хирургиялық ота.
Сүт безінде дермоид, папиллома, ангиома, фиброма, лимфоангиома деген қатерсіз ісіктер болады, емі тек ғана операция.