Тақырып Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде



бет1/12
Дата11.09.2022
өлшемі57.98 Kb.
#460548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Лекция 1


Тақырып 1. Мемлекеттік басқару ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде.
Экономика мен саясат арасындағы қарым-қатынас. Саяси императивтер. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы көзқарастар эволюциясы. Нарықтық экономика концепциясы және қоғамдық жағдайдың алғашқы негіздері. Мемлекеттің экономикалық ролінің артуы. Мемлекеттің функциялары. Кейнс теориясы және мемлекеттік-монополиялық саясат. Мемлекеттің экономикаға әсер ету формалары мен әдістері. Директивті және көмекші реттеу. Үкімет пен жергілікті билік орындарының функцияларын шектеу. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарындағы реформалар.
Қазіргі жағдайда «экономика» анықтамасы келесі аспектілерді қарастырады:
1. қоғамның экономикалық базисы, құқықтық қарым-қатынас жиынтығы;
2. мемлекеттің халық шаруашылығын;
3. экономика саласындағы қарым-қатынас ерекшелігін.
Экономика – бұл өз өмірлерінің материалдық шарттарын қамтамасыз етумен байланысты адамдардың барлық қызметі. Экономика дегеніміз қоғам санасындағы формаларын анықтайтын саяси қондырмасы бар нақты базис.
Саясат – бұл мемлекеттік істерді жүргізу, әлеуметтік топтар, ұлттар арасындағы қарым-қатынас, ол мемлекеттік билікті атқаратын орталық бөлім.
Экономика мен саясат келесі қарым-қатынасты білдіреді:

  1. саясат дегеніміз бұл экономиканың байытталған көрінісі;

  2. саясат экономикадан озық болуы мүмкін емес;

Экономикалық саясат – бұл жалпы саясаттың негізгі бөлігі, мемлекет шешетін экономикалық шаралардың жиынтығы.


Экономикалық саясат қоғамдағы экономикалық стратегия мен экономикалық тактикадан тұрады. Экономикалық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік экономикалық қызметіне ерекше маңыз береді.
2. Мемлекет – бұл қоғамды басқару қызметін атқаратын саяси институт.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік рөлі келесі функциялар арқылы белгіленеді:
1)Құқықтық негіз құру. Мемлекет меншік құқығын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын анықтайтын және т.б. белгілейтін заңдар дайындайды және қабылдайды.
2)Ұлттық қауіпсіздік және мемлекет ішінде тәртіп сақтау. Мемлекет қоғамның, нарықтық экономика субъектілерінің, жеке адамдардың қорғау және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
3)Экономиканың тұрақтануы. Тұрақтылық – бұл экономиканың тұрақты дамуының кепілдігі. Тұрақтылыққа жету үшін фискалдық саясат, қаржы-несиелік, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттарын жүргізу жолдарын жақсарту.
4)Әлеуметтік қорғау және кепілдік беруді қамтамасыз ету. Мемлекет әлеуметтік саясат жүргізу арқылы өз тұрғындарына қартайғандарға зейнетақы, жұмыссыздар пенсия, жұмысшыларға еңбек ақы минимумы, мүгедектерге зейнетақы. Мемлекет мұндай саясат жүргізе тұра, өз мемлекеті ішінде барлық азаматтарына өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етеді.
5)Бәсекелестікті қорғау. Бәсекелестік – нарықтық шаруашылықтың негізгі реттеушілерінің бірі. Ол экономиканың барлық сферасында дамудың негізі болып табылады, себебі ол тауар өндірушілерді және қызмет көрсетуде өнімнің сапасын жоғарылатуға, жаңашылдықтар енгіздіреді. Мемлекет барлық күшімен бәсекелестікті қолдауға тиіс.
6)Шаруашылық заңдылықты дайындау, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру, яғни кәсіпкерлік, салық салу, банктік жүйенің құқықтық негізі. Осы қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет өзінде бар барлық ресурстар мен рычагтарды қолданады.
Қазіргі кезде дамыған нарықтық экономика мемлекеттің әсерінсіз өмір сүре алмайтынын қоғам түсінген.
3. Экономикалық реттеу – мемлекеттің экономикалық ролінің бір жағы ғана. Мемлекет өзінің өмір сүруімен (әскерімен, полиция, түрме, басшылығымен) мықты экономикалық фактор бола алады. Мемлекеттің экономикаға белсенді әсер етуі – жаңа экономика дамуының экономикалық факторы.
Мемлекет экономикалық дамудың барлық моделінің қызметі сәтті болу үшін жағдай жасауы тиіс. Әр мемлекеттің ең басты міндеті нарықтық механизм қызметін жеңілдету және қолдау көрсету, кемшіліктерінің орнын толтыру, нарықтың апаттарына табиғи реттеу жасау болып табылады. Мемлекеттік реттеу осы міндеттерді атқарады.
Экономиканың мемлекеттік секторы ХХ ғасырда өзіне базалық салалардың біраз бөлігін қоғамдық мазмұны бар кәсіпорындар ғылыми кәсіпорындарды қосады. Мемлекеттің қаржылық жүйесі өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеудің келесідей мақсаттарын анықтайды:

  • өндірістің экономикалық дамуын қамтамасыз ету

  • экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

  • экономикалық және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет