Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет20/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Учебник Теор. этнология

Неоэволюционизм. ХХ ғасырдың 40-жылдары этнологияның дамуы 
эволюционистік 
идеяға 
қайта 
қызығушылықты 
туғызды. 
Жаңарған 
эволюционистер өкілі тарихи заңдылықтың универсалдылығын мойындамау 
олардың ойынша эволюция түсінігі белгісіз себептермен болатын даму. 
Мәдениеттің бірсызықты дамуынан эволюцияның бірнеше теориясын жасады: 
дамудың жалпы және жекелей, микро және микропроцесс теориясын, мәдени 
доминант заңын, даму потенциалы заңын және т.б. Өздерінің зерттеулерінде 
адамзат қоғамы тарихын көп сызықты тұйықталған даму жүйесі және бұл көп 
сызықты даму адамзаттың әртүрлі экологиялық ортаға бейімдеу қабілеті 
делінеді. 
Неоэволюционистік идеяның АҚШ-та зор ықпалы болды. Оны 
американ этнологы және мәдениеттанушы Л.Э. Уайт «Наука о культуре» 
(1949), «Эволюция культуры» (1959) және «Понятие культурных систем: ключ 
и понимание племен и наций» (1975) еңбектерде жариялады. 
Уайттың көз-қарасы бойынша әлеуметтік мәдени көріністермен 
үдерістерді зерттеу тәсілдері тарихи және функционалды. Біріншісінде 
қоғамдық маңызы бар көріністерге талдау, ал екіншісінде хронологиялық 
кезектілігіне қарамастан мәдениеттің өзіндік көріністерімен үдерістеріне талдау 
жасау. Сонымен бірге американ ғалымы мәдениеттегі 3 түрлі үрдісті, оны 
интерпретациялаудың 3 тәсілін көрсетеді: уақытша үдерістер, ерекше 
оқиғалардың хронологиялық кезектілігін көрсететін, тарих арқылы зерттеу; 
мәдени структуралық және функционалды аспектісі – функциональды талдау 
шеңберінде жүзеге асыру; ең соңында формальды уақытша үдеріс, мұнда 
мәдениет уақытша кезекті формада эволюциялық әдіспен қаралады. 


Уайттың пікірінше, эволюция ақиқаттың негізгі үш түрлі формасының 
даму бірлігі. Әрбір форма өз кезегінде әртүрлі мәдени элементті құрайды. Ал 
мәдениет – тәуелсіз жүйе, оның мақсаты мен қызметі адам өмірін қауіпсіз және 
жарамды ету. Қағидалармен заңдарға бағынатын мәдениеттің өзіндік өмірі бар. 
Ғасырлар бойы тұлғаны туылғаннан бастап қоршап, оған сенім, мінез-құлық 
тәртібін, сезім мен қарым-қатынасты қалыптастыра отырып адамдар тобына 
айналдырады.
Неоэволюцизмнің басқа өкілі Дж.Стюард (1902-1972) «Теория 
культурных изменений» (1955) еңбегінде көп жолды эволюция теориясын 
баяндайды. Еңбекте Стюард әрбір мәдениетті ерекше жүйе ретінде қарастырып, 
эволюция әрбір мәдениеттің табиғи жағдайы үшін ерекшелікке бейімделу 
қажеттігімен анықталады деп көрсетеді. Оның пікірінше, эволюцияның 
табиғаты қоғамның ұқсас табиғи жағдайда және технологиялық дамудың 
бірыңғай деңгейінде болғанына қарамастан әртүрлі жолдармен жүреді. 
Мәдениеттің даму заңдылығын зерттеу Стюардтың пікірінше, үш жолмен : 
барлық халықтар мәдениетінің даму заңдылығының бірлігі мен дамудың
кезеңдеріндегі ерекшеліктерін мойындайтын бірсызықты эволюция теориясын 
қабылдау 
жолы; 
әртүрлі 
халықтар 
мәдениеті 
арасындағы 
сапалы 
айырмашылыққа басымдық беретін мәдени релятивизм теориясын қабылдау;
көпсызықты эволюция теориясын қабылдау, мұнда жекелей мәдениеттің дамуы 
қоршаған орта жағдайына әр түрлі бейімделумен байланысты әртүрлі жолмен 
жүру жағдайымен байланысты. Қоршаған ортаның әртүрлілігі бейімделудің 
әртүрлілігін талап етеді. Сондықтан мәдениеттің дамуы әртүрлі бағытта жүреді, 
ал ол өз кезегінде мәдени эволюция мен оның көп факторлылығын қарау 
қажеттегіні тудырады.
Стюардтың мәдени экология концепциясының мақсаты – эволюциялық 
сипаттағы ішкі әлеуметтік қатынастар өз соңынан бейімделуді ерте 
алатындығын түсіндіру. Мәдени адаптация оның пікірінше, –бірде-бір 
мәдениет қоршаған ортаға толықтай бейімделе алмайтын үздіксіз үдеріс. 
Стюард теориясының маңызды ролі, мәдениеттің ядросын құрайтын 
белгілердің жиынтығы «мәдениет үлгісін» анықтайды деген тұжырымдамасы.
Мәдениеттің эволюциясындағы қоршаған орта ролін зерттей келе, Стюард, 
оның екі жақты сипат алатындығын: шығармашылық күш бола отырып, тек 
шектеулі факторларға қызмет етеді. Екінші сипаты, әрбір жүйе белгілі бір 
жүйеде ғана өзгере алады. Сонымен бірге дамыған технологиядағы қоғамның 
шектеулі қоршаған ортаға қарағанда үлкен мүмкіншілікке ие болып, кең 
мәдени диапозонды қамтиды.
Неоэвоюционизмнің көрнекті өкілдерінің бірі Марвин Харрис өзін Уайт 
пен Стюардтың ізін жалғастырушы, деп санады. Ол өзінің «Культурный 
материализм» (1979), деген еңбегінде мәдениеттің ұқсастығы мен ерекшелігі 
сол кезеңнің уақытына сай қоршаған ортаға сәйкес технологияның көмегімен 
адамдардың қажетін қанағаттандыру, деп түсіндіреді. Харрис әртүрлі 
мәдениетке мысал келтіре отырып, көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің 
артында экономикалық есеп тұр. Мысалы, ежелгі үнділік веддаларда ірі қара 
малды құрбандыққа шалса, қазіргі кезде үнділерде сиырды өлтіруге тиым 


салынған. Харристің пікірінше, қазіргі Индиядағы сиыр малын құрметтеу 
экономикалық, экологиялық, демографиялық және техникалық факторлардың 
белгіленген өзара әсеріндегі ұзақ тарихи үдерістің нәтижесі. 
Сонымен бірге зерттеуші мәдениет пен қоршаған орта бір-біріне ықпал 
етеді, деген қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет