Тасымалдаушы, жүккөтергіш машиналар


Мұнаралы крандарды орналастыру тәсілдері



бет3/6
Дата09.12.2022
өлшемі199.85 Kb.
#466960
1   2   3   4   5   6
Турехан Ғалымжан ТиГМ курсовой

Мұнаралы крандарды орналастыру тәсілдері
Жебе кранның негізгі жұмысшы мәрімі, құрылымына қарай көтерілмелі, маневрлі, ілгектің шығымы жебенің рауалы бұрышқа бұрылуына байланысты өзгеретін немесе бойымен жүктік арбашық жылжитын горизонталь арқалықты, жүктік полиспаст орналастырылған болып жасалады. Көтерілмелі аспалы жебелердің полистпасы жебенің басына бекітіліп, жебені тек ұстап тұрмай, жұмыс барысында оның шығымын өзгертеді.
Мұнаралы крандардың жебелері
Арқалықты жебелер мұнараға негізінен қатаң бекітіледі де, жұмыс күйінде оларды үлкен диаметрлі арқаннан немесе металдан жасалған тартқыштан тұратын жебенің бір немесе бірнеше жоғарғы жақтағы нүктесімен қосылысқан бір немесе бірнеше аспа ұстап тұрады. Негізгі параметрлері (жебе шығымы, көтеру биіктігі, жүккөтергіштігі) бірдей, көтерілмелі жебелі крандардың арқалықты жебелі крандарға қарағанда салмағы 15...20%-ға жеңіл, сонымен қатар жүк көтергіштігі жоғары, жебе шырымын азайтқанда көтеру биіктігін арттыру мүмкіншілігі бар, тар құрылыс алаңында жақсы маневрлі, жасау технологиясы жоғары, жинақтау мен тасымалдауға ыңғайлы. Арқалықты крандарға қарағанда көтерілмелі жебелі крандардың кемшіліктері: жүкті горизонталь бағытта тасымалдауы дәлме-дәл емес; жебе шығымын өзгерту мен жүк көтеруді қабаттастырғанда қуат шығыны көп; жүкті шайқалтатын қозғалу үдеуі едәуір; кранға жүкті тым жақын жинақтауға болмайтындықтан, оның бір орындағы қызмет ауқымы шамалы.
Мұнарасы бұрылмалы мобильді крандарда көтерілмелі жебелер көп тараған. Арқалықты жебелердің биіктігі айтарлықтай және олар мұнарасы бұрылмайтын крандарда көп қолданылады. Жүкті көтеру биіктігін өсіру мақсатында сынық пішінді, әртүрлі құрастырылған жебелер пайдаланылады.
Мұнаралар тірек - бұрылу құрылғысының орналасу орнына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады. Мұнараның екі түрі де металл қаңылтырынан тұтас қабырғалы және бұрыштықтардан, кіші диаметрлі түтіктерден тор тәрізді және әртүрлі металл профильдерінен құрастырылмалы болып жасалады. Көлденең қимасы шеңбер, үш-төртбұрышты болып орындалады. Ең көп тарағаны квадрат - қималы түтіктерден тор тәрізділер. Бекітілуіне қарай мұнаралар кранның тірек бөліміне қатаң және топсалы орналастырылады.
Бұрылатын да, бұрылмайтын да мұнаралардың тұрақты биіктігін өзгертуге болады. Мұнара биіктігі тұрақты крандар оның бірден толық биіктігіне арнаулы діңгек және тартқыш полиспасты мен меншікті жүкшығыры арқылы жинақталады. Биіктігі өзгерілмелі крандар мұнарасы «өзіне» салынатын және бір-бірінен суырылатын болып бөлінеді. Қазіргі кездегі көпшілік крандардың мұнарасының биіктігі астынан немесе үстінен тұтастыру арқылы арттырылады. Мұндайда мұнараның биіктігі әртүрлі крандарда әртүрлі, 2,5 м-ден 7,5 м-ге дейінгі бөлікті қосу арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет