«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет12/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Алдар көсе (Мирхан): Ой, мына сиқырлы тесіктен Жаңа Жыл мерекесі қалай өтіп жатқанын көріп тұрмын.
Мыстан(Айнұр): Ей, Алдаке, мені Жаңа Жылға ешкім шақырған жоқ, берші маған, мен де көрейін!
Алдар көсе (Мирхан): Ал жарайды, көрсең көр.
(Алдар мыстанға тесікті көрсетеді, мыстан тесікке қарап тұрғанда Алдар сыпыртқысына мініп ұшып кетеді)
Мыстан(Айнұр): Ей, Алдар, мені алдап кеттің ғой! Мен саған көрсетейін Жаңа Жылды! (Ашуланып кетіп қалады.)


ІІ бөлім


(Қарақшылар билеп, айқайлап шығады)
Атаман(Олжас): Еее... Бауырларым, ақша табу қиынға түсіп баратыр. Оңай ақшаны қайдан табамыз екен?
1-қарақшы (Ақылбек): Оу, бұл ауылда кімді тонаймыз? Бәрі өздеріміз сияқты.
2-қарақшы (Батырбек): Ей, тоқтаңдар! Осы ауылда бір джипті көрдім. Сол джиптің иесі бай шығар. Соны тонайық.
Барлығы: Жүріңдер, кеттік.
(Сол кезде мыстан келеді.)

Мыстан(Айнұр): Оңай ақша тапқыңыз келе ме?
1-қарақшы (Ақылбек): Мыстан, бізге бір жұмыс тауып бергін келіп тұр-ау деймін?
Мыстан(Айнұр): Иә, сендерге бір жұмыс бар. Егер сол жұмысты келістірсеңдер көп ақша беремін.
2-қарақшы (Батырбек): Ол қандай жұмыс?
Мыстан(Айнұр): Сендер қандай мейрам болып жатқанын білесіңдер ме?
Қарақшылар: Жоқ...
Мыстан(Айнұр): Жаңа Жыл мейрамы. Бәрі де Жаңа Жыл шыршасына жиналып Аяз ата мен Ақшақарды күтеді. Барлығы қуанышты мейрам өткізеді. Ал біздерді шақырған жоқ! Сол себептен Жаңа Жыл мейрамын болғызбайық. Сендер Аяз ата мен Ақшақарды ұрлап алып кетіңдер.
Қарақшылар: Кеттік.... кеттік....


ІІІ бөлім
1-жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу жыр –әні. Мынау әсем шыршаға Қош келдіңдер, оқушылар, -дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды шақырайық.
Залға «Қыс ханзадасы» (Наушагүл апай) оқушыларды бастап кіріп шыршаны айнала тұрады. (Музыка орындалады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет