Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

2-кезең: киіз үй жобасын ұсыну. Аудиовизуалды дереккөзбен 
жұмыс: киіз үйлерді салыстыру. Еуропадағы киіз үйдің қандай 
ерекшелігін байқадың? Киіз үйді қандай мақсатта қолданады екен? 
Заманауи киіз үйлерді қандай материалдардан жасайды? Киіз үйді қалай 
жетілдіруге болады? Киіз үйді жылытудың қандай жолдарын ұсынар 
едің? т.с.с. Балаларға неліктен киіз үйде сабақ оқу ұнайды? Ал сен киіз 
үйде сабақ оқығың келе ме? Неліктен? 
Еуропада киіз үйге сұраныс жоғары: 
 
https://www.youtube.com/watch?v=7Y0u9l-N7Wo
 
Бельгияда оқушылар сабақты киіз үйде оқып жүр: 
https://www.youtube.com/watch?v=UedykaiqfU0  
Шығармашылық жұмыс. Қазіргі кезде киіз үйде тұратын болсақ
оның қандай жобасын ұсынар едің?
Математика сабағында киіз үй нобайын әзірлеу керек. Киіз үйдің 
қандай геометриялық фигуралардан тұратынын зерттеу. Киіз үй 
моделінің жазбасын әзірлеу үшін АКТ мүмкіндіктерін қолдану 
ұсынылады. Мысалы, 
https://www.tinkercad.com/
 
Фигураның ауданы мен көлеміне, диаметрге қатысты практикалық 
есептеулер: Сен ұсынған киіз үйдің өлшемі қандай болады? Киіз үйдің 
сыртын қаптау үшін киіздің ауданы/өлшемі қандай болу керек? Киіз үй 
ішіне төсейтін кілем немесе киіздің өлшемін анықтау.
3-кезең: «Киіз үй» макетін әзірлеу. «Дүниетану» сабағында отбасылық 
бизнесті дамытуды жоспарлау «Киіз үй – қонақ үй» жобасын әзірлеп
таныстыру. Еңбекке баулу және бейнелеу өнері сабағында киіз үй 


71 
макетін безендіру: симметриялы оюлар, бисерлер т.б. материалдар 
қолдану. Үдерісті видеоға түсіру. Таныстырылымдар бойынша репортаж 
жасау.
4-кезең: «Этноауыл» көрмесін ұйымдастыру. Оқушылар «Киіз үй» 
жобасы аясында жасаған шығармашылық жұмыстарын таныстырады. 
Жоба туралы бейнематериалмен таныстыру ұсынылады. Өзара 
жұмыстарын бағалап, кері байланыс жасайды. Мектептің ресми сайтына 
«Киіз үй» жобасы аясында жасалған жұмыстарды жариялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет