Тәуелсіз қазақстандағЫ Қандастар: миграциялық Үдерістер барысы (1991-2020ЖЖ)


Кесте 3.1. Жергілікті тұрғындардың оралмандарға қатысты пікірлері (пайыз)



бет12/14
Дата16.11.2023
өлшемі0.51 Mb.
#483450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАНДАСТАР МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР БАРЫСЫ (1991-2020ЖЖ)

Кесте 3.1. Жергілікті тұрғындардың оралмандарға қатысты пікірлері (пайыз) [90].

Аймақтар

жақсы

шыдамды

немқұрайлы

нашар

Солтүстік Қазақстан

28,8

34,6

24,2

5,6

Оңтүстік Қазақстан

42,5

19,7

15,4

7,4

Батыс Қазақстан

46,4

13,7

23,6

4,8

Шығыс Қазақстан

26,6

18,4

24,6

17,2

Орталық Қазақстан

31,0

28,4

29,0

10,6

Алматы қаласы

28,2

33,4

18,1

16,1

Қазақстан Республикасы

34,0

25,0

22,5

10,1

Кестеден көргеніміздей оралмандар үшін ең қолайлы аймақ – батыс және оңтүстік өңірлер болып отыр. Бұл жерде атап айтар бір жағдай Батыс және Оңтүстік Қазақстан облысына қоныстанушы оралмандар негізінен Өзбекстан Республикасынан келушілер. Олар кезінде тарихи-географиялық шегараның дұрыс межеленбеуінен басқа мемлекеттің территориясында қалып қойған қандастарымыз. Және шығу тегі жағынан ру-тайпалық, туысқандық байланыстары тығыз дамып жатқан бауырларымыз. Жергілікті респонденттердің оралмандарға мінездеме беріп қандай сипаттама біліретіндігіне де көңіл аудара кету өте маңызды. Аталған зерттеулер көрсеткендей оралмандардың әлеуметтік статусына респонденттер түрліше ой білдірген (кесте 3.2).


Кесте 3.2 Жергілікті тұрғындардың оралмандары сипаттауы [90].



Сипаттамалар

%

Олар өз отанының шынайы патриоттары

11,8

Олар қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін ұстанушылар

13,7

Олар жағдайын жақсартқысы келгендер

25

Олар республиканың толық құқылы азаматтығын алған аамдар

8,3

Олар тек мемлекеттің көмек күтетін адамдар

14,8

Олар Қазақстанда үміті ақталмағандар

5,7

Олар экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан адаптация өте алмайтындар

4,8

Кестеден көріп отырғанымыздай қазақстандықтардың төрттен бір бөлігінің қоғамдық санасында сырттан келген қазақ ағайындардың «жағдайын жақсартқысы келгенер» қатарына жатқызғаны көңлге кірбің оятары ақиқат. Бұндай пікірді өзгерту үшін жергілікті халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі көрініп тұрғандай.


Қазіргі таңда әлемде тұратын қазақтардың 7-8 пайызы ғана елімізге көшіп келді [91].
Қоныстандыру туралы мемлекеттің нақты стратегиясы мен бағдарламасының болмауының нәтижесінде көптеген оралмандар зардап шекті. Материалдық және моральдық тұрғыда қиыншылықтарға ұшырады. Мемлекеттік көші-қон саясатының немқұрайлы жүргізілу салдары бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда репатриант қазақтардың тарихи отанына оралуы халқымыздың сан жағынан өсуіне әсер етіп, демографиялық жағдайды жақсарта түсуде. Егеменді еліне оралып, азаматы атану, ата-жұрт топырағын түлету, елін көркейту оралмандардың басты арманы. Шетелден этникалық қазақтарың иммиграциясы халық санының артуына және жалпы сандағы байырғы халық үлесінің артуына септігін тигізері анық. Сонымен қатар қай жерге қоныс ауарса да сол этникалық топ басқа ұлт өкілерімен тығыз қарым-қатынасқа бара отырып, рухани және материалдық құндылықтармен алмасаы, басқа ортаның кейбір этникалық мәдениет ерекшеліктерін қабылдайды. Олай болса, тарихи Отанына оралған қандастарымыздың өзіндік мәдени ерекшеліктеріне үрке қарамай, олардың мәдени өзгерістеріне де түсіністікпен қарауымыз керек. Ал кей жағдайда оларың бір тобы қаймағы бұзылмаған халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша қасиеттерін тірілтуге, өткеннің өнегесінен үйретуге баулыйтын қоғам қайраткерлері, ақын жыршылары, кәсіпкерлері де оқ емес. Сондықтан, елге оралған отандастарымызды бауырмалдылықпен қарсы алып, олардың өз елінде өгейсімей, ортамыздан орын тауып, елге сіңісті болып кетуіне жағдай жасауымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет