Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады



бет4/4
Дата17.10.2022
өлшемі39.45 Kb.
#462843
1   2   3   4
Дидактикалық материалдар 8 сынып 18 ғ. Қазақ хандығы Қазақ-орыс қарым-қатынастары Сабақ 1

3- ақпараттық мәтін


XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717 жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты.
1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған елшілік Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін жіберілді. 1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван Чередов деген орыс елшісі барды. Ал 1722 жылы — Унковский бастаған елшілік келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерін басып өтті.
Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар болып жатты.
Ресей мен Кіші жүз қазақтары арасында шекаралық жер дауының шиеленісуі
Қазақ хандығы мен Ресейдің дипломатиялық қатынастар орнатуға тырысқан әрекеттеріне қарамай, шекара аймақтарында едәуір шиеленісті оқиғалар орын алды. Патша үкіметінің Еділ-Жайық аймағында өзінің жағдайын жақсартып, нығайта түсуі Қазақ елі билеушілерінің белгілі дәрежедеп қарама-қарсы іс-әрекеттерін туғызды. Ондай шиеленісті оқиғалардың орын алуына негізінен мынадай жағдайлар себеп болды: біріншіден, мал жайылымы үшін күрес күшейді, екіншіден, өзара мал барымтасы орын алды, үішіншіден, қазақтар өз жерінде орыстардың әскери бекіністер шебін салуға қарсы болды, төртіншіден, қазақтар башқұрттардың патша үкіметіне қарсы күресіне жиі-жиі қатысып жүрді.
Сондықтан бейбіт жолмен байланыс жасау кезеңдерін кей-кейде өзара қарама-карсы шапқыншылықтар бүзып кетіп отырды. Мәселен, 1708 жылы башқұрттардың кезекті көтерілісі кезінде Тәуке хан өзінің қазақтар мен қаракалпақтардан тұратын 20 мың әскерімен Уфаның түбіне дейін барып, сол аймақтағы орыс әскерлерінің үрейін ұшырды. 1709 жылы қазақтар Жайықтың ішкі бекіністер шебінде Ресейдің Сызрань қаласына бара жатқан Қазақтардың жүк тиелген керуеніне шабуыл жасап, ту-талақай тонап кетті. 1711 жылы қазақтардың құрамында 16 мың жауынгері бар жасағы Жайық қаласына бара жатқан астық керуенін тас-талқанын шығарып, тонап алды. 300 казакты тұтқынға алып, Хиуа хандығына құлдыққа сатып жіберді. Ресейдің ішкі жағына терең еніп жорықтар жасауға көбінесе Кіші жүздің атақты ханы Әбілқайырдың өзі бастама көтеріп отырды. Мысалы, 1717 жылы оның қол астындағылар Қазан губерниясының аумағына басып кіріп, Навошемшинск қаласына дейін жетті. Алайда оларды «патша әскерлері едәуір шығынга ұшырата отырып, кері қуып шықты».
1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың құрамында 20 мың жауынгері бар жасағы Жайық қалашыгын бір ай бойы қоршауда ұстады. Қаланы біржолата күшпен басып алуға жасалған әрекет сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр хаң қоршаудағы қаланы тастап, Еділ бойындағы құба қалмақтарға шабуыл жасауға көшті. 1723—1724 жылдары Әбілқайырдың әскерлері Жайық пен Еділдің екі ортасындағы бүкіл аумақты басып алды. Қазақтардың Жайық өзенінің бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді түрде қорғаған Әбілқайыр ханның мына сөздері қазақ халқының есінде ұмытылмастай қалды: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанына қазақтар оның бойынан кетпейді». Патша үкіметі қазақтардың тарапынан шекара шебіне шабуыл жасалуын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдаумен болды. Ол үшін бекініс қорғандар салуға кірісті, шекарадағы күзет әскерлерінің саны арттырылды, қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасалып тұрды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет