Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет1/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз








ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ
АУРУЛАРЫ БАР
НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ
ӘДІСТЕРІ
Сұрастыру.
Негізгі шағымдар:

  1. кеудедегі шаншу

  2. жөтел

  3. қақырық тастау

  4. қан қақыру

  5. ентігу

  6. қызу көтерілуі

Кеудедегі шаншу. Кеудедегі болатын шаншудың негізгі себептері :



  • дем алу мүшелерінің аурулары;

  • кеуде сарайы қабырғасының аурулары;

  • жүрек – тамыр жүйесінің аурулары;

  • рефлекторлы аурулар .

Бұл шағымды жіктегенде оның орнына (локализациясына), ұзақтығына, сипатына және себебіне көңіл аудару керек.Ауырғандықтың сипаты, көрсетілгендей шаншу түрінде болады. Шаншу дем алғанда, жөтелгенде күшейеді (үйкеліс күшейеді), адам ауыратын жағына жатқанда шаншу азаяды, шаншу жалпы кеуденің кез келген жерінде болуы мүмкін.


Шаншу туғызатын негізгі тыныс алу органдарының аурулары :



  • Құрғақ плеврит, сирегірек экссудативті плеврит;

  • Крупозды (плевро) пневмония;

  • Өкпе туберкулезі;

  • Өкпе инфарктісі;

  • Пневмоторакс;

  • Басқа аурулар (өкпе іріңдігі, өкпе шірімесі, өкпе ісігі);

  • Миозит;

  • Қабырғаның жарақаттануы (сыңу, периостит, қабырға ісігі).

Жөтел– рефлекторлы – сақтану акті.
Жөтелдің себептері :

  • Тыныс жолдарындағы бөтен денелер (шаң, қан, құсық, т.б.);

  • Тыныс алу мүшелерінің қабынуы (ларингит, трахеит, бронхит, пневмония);

  • Плевра аурулары (рефлекторлы).

Жөтелдің пайда болу механизмі : қақырықтың, бөтен дененің әсерінен трахеядағы,бронхтағы және көмейдегі кезбе нервтің тарамдары(n.laryngeus superior) қозады. Бұл қозудан туатын импульс сопақша мида орналасқан жөтел орталығын тітіркендіреді,сондықтан жөтел пайда болады.




Жөтелдің түрлері :



  1. Тұрақты жөтел – созылмалы бронхитте, көмей мен кеңірдектің созылмалы ауруларында және созылмалы жүрек шамасыздығында кездеседі.

  2. Ұстамалы жөтел – көкжөтелде, жоғарғы тыныс жолдарына бөтен дене түскенде, тыныс демікпесінде, ішінде сұйықтық бар қуыс пайда болатын ауруларында (өкпе іріңдігі, бронхоэктазия ауруы, туберкулез кавернасы) кездеседі.

  3. Қысқа жәй жөтел құрғақ плеврит пен крупозды пневмонияда болады (шаншудан сақтанып, науқас жәй жөтеледі).

  4. Қатты «үріп жөтелу» – көмей жарақаттанғанда, кеңірдек қысылып қалған жағдайда (ісік, жемсау), жалған дауыс желбезегі ісінгенде және истерияда кездеседі.

  5. Қарлыққан жөтел дауыс желбезектері қабынғанда (ларингит)

байқалады.

  1. Ертеңгі жөтел – қуыс синдромы болатын ауруларда кездеседі (өкпе

абсцесі, бронхоэктаз ауруы). Бұл ауруларда жөтелдің ертеңгілік күшеюі
«бронхтың ертеңгі туалеті» деп аталады.

  1. Кешкі жөтел – бронхит пен пневмонияда кездеседі.

  2. Түнгі жөтел – туберкулезде, лимфагранулематозда және ісіктерде байқалады.

Қақырық тастау. Қақырық – тыныс жолдары арқылы сыртқа шығатын патологиялық сұйық зат. Дені сау адамда қақырық болмайды. Бұл шағымды жіктей отырып, қақырықтың қай мезгілде көп бөлінетінін, қақырықтың мөлшерін, түсін, иісін және түрін анықтау керек.
Қақырықтың мөлшері ауруға қарай әр түрлі болады. Бронхит пен пневмонияда қақырық онша көп емес. Өкпеде патологиялық қуыс болатын ауруларда (өкпе абсцесі, өкпе гангренасы, бронхоэктазия ауруы) қақырық өте көп түседі.
Қақырықтың түсі де әртүрлі болады:

  • түссіз қақырық – бронхит пен бронхопневмонияда,

  • көк түсті қақырық - іріңдік ауруларда,

  • қан аралас қақырық - өкпе рагі, өкпе туберкулезінде кездеседі.

Қақырықтың иісі :

  • көп ауруларда қақырықтың иісі жоқ.

  • сасық иіс - өкпе абсцесінде ,

  • шірік иіс - өкпе гангренасында кездеседі.

Қақырық түрі :

  • кілегей қақырық – бронхит пен пневмонияға тән;

  • қанда қақырық - өкпе туберкулезі, өкпенің қатерлі ісігінде кездеседі.

Қақырыққа қан араласуды қан қақыру деп атайды. Оның себептері :

  1. өкпе туберкулезі;

  2. бронхоэктазия ауруы;

  3. өкпенің қатерлі ісіктері;

  4. өкпе абсцесі мен гангренасы;

  5. крупозды пневмония;

  6. өкпе инфарктісі;

  7. жүрек шамасыздығы .

Өкпеден қан кетудің белгілері : қан қақыру жөтелмен байланысты, қанның түсі алқызыл және көпіріп тұрады. Крупозды пневмонияда қақырық «темір тотығы» түсті, өкпенің қатерлі ісігінде, пневмонияда қақырық «таңқұрай (малина)» түсті, өкпе инфрактісінде қақырық кейде қара түсті болады. Қызғылт түсті көпіршікті қақырық өкпе ісінуінде байқалады.


Демікпе дегеніміз ауа жетпей кеуденің қысылуы. Демікпе


кезінде демді алу жиілігі мен тереңдігі өзгереді.
Демікпенің себептері :
1. бөтен дене;
2. бронхтың ішіне өсетін ісік;
3. бронхтың спазмы (түйілуі);
4. кеңірдек пен бронхтың сырттан басылуы (ісікпен, жемсаумен т.б.);
5. өкпенің қабынуы (жедел және созылмалы);
6. өкпе эмфиземасы, пневмосклерозы, инфарктісі;
7. өкпенің компресті ателектазы (пневмоторакс, гидроторакс).

Көрсетілген аурулардың әсерінен өкпеде оттегінің қанға сіңуі нашарлайды. Соның себебінен қанда оттегі концентрациясы азаяды да, көміртегі қышқылының концентрациясы көбейеді. Бұл сопақша мида орналасқан тыныс алу орталығын тітіркендіреді, одан демікпе пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет