Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет99/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Terapia

Диагностикасы. Қанда : ЭТЖ ұлғаяды, С – реактивті белок пайда болады және ремиссия кезінде де ұзақ уақыт болуы мүмкін. Аурудың ауыр түрінде анемия дамиды.
Рентгенде бұындар әртүрлі өзгерген. Бастапқы кезеңде қуысы ғана тарылған; кейін, сүйек үлпасы өзгереді /остеопороз/. Сонымен қатар бұынның сүйегі шетке өсе бастайды. Науқасқа әр түрлі инфекция қосылып өлімге үшырайды.
Емдеу: Комплексті ем тағайындау - қабыну процессімен күресіп бұынды қалпына келтіру. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды тағайындайды: индометацин, вольтарен, ортофен, бруфен, диклофенак және т.б. Науқастар бұл емді жылдап қолданады, сондықтан кейін пайда болатын жағымсыз әсерлерді білу керек: диспепсиялық белгілер, гастрит, асқазан ойық жаралары. Ең соңында бұл дәрілердің күші келмегенде цитостатикалық препараттарды тағайындайды: азатиоприн, циклофосфан, хлорбутин. Бүл препараттар лейкопенияны туындайды, сондықтан стационарда ғана тағайындайды.
Өте белсенді артритте бұындағы қабыну процессін жою үшін бұын ішіне гидрокортизон еңгізеді: 4-5 инъекция, 5-7 күн үзіліспен жеткілікті. Өте ұзақ эффект кеналог береді: бір-екі аптада бір рет енгізіледі. Жергілікті қабыну процессіне демексид аппликациясын қолданады.
Физиотерапиялық процедуралар: парафиноаппликациялар, ультракүлгін сәулелері, родон ванналары, гидрокортизон фонофорезы.
Емдік жаттығулар, массаж, хирургиялық емдеу арқылы буындардың қызметін қалпына келтіру. Санаторлық –курорттық ем өте көп қолдану.
Алдын – алу: Бұл аурудың алғашқы алдын – алуы белгісіз. Ауруың белгілері байқалса онда науқас емханадағы ревматолог кабинетінде емделіп, диспансерлік тіркеуге алынады. Науқастың дәрілерге берілетін реакциясын бақылайды, рецидивке қарсы ем, ЛФК, ошақты инфекцияның санациясы жүргізіледі.
Деформациялық остеоартроз.
Деформациялық остеоартроз – бұындардың дегенеративті - дистрофиялық ауруы. Бұл ауру бұын шеміршегінің дегенерациясымен, кейіннен бұынның үстінің өзгеруі және сүйектің шетке өсуімен (остеофит) мінезделеді, бұл бұынның деформациясына және оның қозғалысының бұзылуына әкеледі.
Дефформациялық остеоартроз адамның және жануарлардың ежелгі ауруларына жатады. Палеонтологиялық зерттеулердің көрсеткіші бойынша, тас дәуірінде өмір сүрген адамның қанқаларынан осы дефформациялық остеоартрозды байқаған.
Бұл ауру бұын ауруларының ішінде ең кең таралған түрі: тексерілген халықтың барлық жастағы 10-12% осы аурумен ауырады. Науқастардың толық мүгедек болып қалуы өте сирек, тек жанбас бұындары зақымданғандарда кездеседі. Бірақ бұл ауру уақытша жұмысқа жармсыздыққа себеп болады, ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады, бірақ 60 жастан кейін біраз тенеледі.
Бұл аурудың клиникалық белгілері 40-45 жаста, ал әйелдерде менопауза кезінде байқалады.
Этиологиясы. Бұл аурудың себебі толық анықталмаған. Бірақ дефформациялық остеоартрозда шеміршектің дегенерациясы байқалған, оның гидрофильдігі азаяды, кейіннен дәнекер улпамен ауысады. Шеміршек тармақтары тарамдалады оның ұсақ бөліктері бұынның синовальды қабықшасын тітіркендіреді де, қабыңу процессін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет