Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


Емі: тыныштық сақтау, ауырғанды басатын дәрілер, антибиотиктер, Потен плевроаспиратор арқылы ауаны сыртқа шығару. Өкпе инфарктысы –



бет28/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Емі: тыныштық сақтау, ауырғанды басатын дәрілер, антибиотиктер, Потен плевроаспиратор арқылы ауаны сыртқа шығару.
Өкпе инфарктысы – өкпе артериясы бұтақтарының эмболиясы мен тромбозының нәтижесінде пайда болатын өкпе тінінің некрозы (өліеттенуі).
Этиологиясы: хирургиялық операциялар, жүрек ақаулары, миокард инфарктысы, аяқ көк тамырының тромбофлебиттері, қан ұю процесінің бұзылуы.
Клиникасы: Шағымы – аяқ астынан ауа жетіспеуінен науқас өліп кетуі мүмкін.
Өкпе артерияның майда бұтақтары толық бітелмесе науқаста ентікпе, тос артының ауырсынуы, қан қысымының төмендеуі, салқын тер, қан қақыру пайда болады.
Тексергенде тұйық перкуторлы дыбыс, ылғалды сырыл, крепитация, плевраның үйкеліс шуы байқалады.
Рентгенографияда - сына тәрізді көлеңке
Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды.
Емі: ауырсынуды басу үшін – морфин, пантопон; ентікпе болғанда - эуфиллин; коллапста – тері астына мезатон, норадреналин енгізіледі. Антикоагулянттар – гепарин, фибринолизин 20мың Б (бірлік -ЕД) көк тамырға, сосын 6 сағат сайын 2-3күн бойы 10 мың Б(ЕД- дан) бұлшық етке, содан кейін тікелей емес антикоагулянттарға ауысады және антибиотиктерді қосу қажет.

Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары – этиологиясы туберкулез емес (арнайы емес) аурулардың бір тобы. Осы топқа бронхиалдық астма, созылмалы обструктивтік бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, бронхоэктаз ауруы, муковисцедоз кіреді.
ӨСОА дың бейімдеуші факторлары - шылым шегу, өнеркәсіптік зиянды факторлар ( кадмий, кремний), қоршаған ауаның ластануы, әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмен болуы, пассивті шылымшегуші (балалар), шала туылған балалар, Е-иммуноглобулиннің жоғары болуы, иіске жоғары сезімталдық, жанұя сипаты, аденовирусты инфекция, С витаминнің жетіспеушілігі, генетикалық бейімдеушілік (альфа1-антитрипсин ферменттің жетіспеушілігі), А(II) қан тобы, А-иммуноглобулиннің жоқтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет