Топырақтану оқулық


Қазақстанның таулы аймақтарының тік белдеулілігі



бет127/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140
Топырақтану

Қазақстанның таулы аймақтарының тік белдеулілігі


Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулар бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгейінен алғанда, биіктіктің өзгеруіне байланысты, топырақтар да өзгеріп отырады. Ол жерлер климаттың, топырақтың жəне өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай 27-кестеде Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Сауыр-Тарғабатай жəне Оңтүстік Батыс Алтай топырақ про- винцияларына бөлінеді.



376
27-кесте


Қазақстанның таулы облыстарына экологиялық сипаттама





Тік-биіктік табиғи белдеу- лер (зоналар)

Топырақ жарала- тын жыныс

Өсімдік жамыл- ғысы

Климат элементтері

Орта жыл-дық t°

Кезең ұзақтығы
(күндер)

10°-тан жоғары t° жинағы

Жауын-шашын мөл-шері, мм

аязсыз

10°-тан жоғары

жылда

Жылы кезде>10°

Тау етегіндегі шөл дала

Лөс, лөсті құмбал- шық

Эфемерлі- жусанды

7÷12

140-215

170-215

2700-4300

200-400

115-250

Аласа таулы дала

Лөс, лөсті құмбалшық, делю- вий, пролювий

Астық тұқымд ас аралас шөптер

7÷8

140-180

160-180

2500-3100

460-780

250-550

Орташа таулы шалғынды орман

Лөсті балшық, элювий, делювий

Астық тұқымд ас аралас шөптер, Жапырақты мен бүрілі орман, бұталар, арша

2,5÷7

105-145

115-150

860-2000

840-900

430-530

Биік таулы шалғын жəне алғынды дала

элювий, делювий, морендік (мұзарттық)

Аласа шөпті альпілі шалғын, биік шөпті субальпілі шалғынды далалық көгал.

0.8

50-80

57

-

730-750

170-230

Батыс Тянь-Шань провинциясында (Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы) мынадай топырақ өңірлері бар: тау етегіндегі шөлейт жазықтықта құба топырақ; таудың орта шеніндегі шөбі молорманның күрең топырағы, биік таулыжерлердешалғындық субальпілік жəне альпілік топырақтар тараған.
Солтүстік Тянь-Шань провинциясында (Қырғыз Іле Ала- тау жоталары жəне Кетмень) мынадай топырақ өңірлері бар: тау етегі жазықтығындағы шамалы карбонатты (солтүстік) құба топырақпен ашық қара-қоңыр топырақ; аласа таудың күңгірт қара- қоңыр топырағы жəне таулы жердің қара топырағы; таулы жердің сілтісізденген қара топырағы; орташа таулы жердің шалғындық- ормандық жəне таудың күңгірт түсті ормандық сұр топырағы, биік таулы жердің шалғындық субальпілік жəне алпілік топырағы тараған. Бұдан жоғары жерде мұзарттармен мəңгі қарлар жатады. Сауыр-Тарғабатай жəне Оңтүстік Батыс Алтай провинцияла- рында тау етегімен аласа тауларда қара-қоңыр топырақпен қара топырақтың бір ғана өңірі бөлініп шығады. Алғашқы жазықтықтағы қуаң даланың нағыз қара қоңыр топырағының тікелей жалғасы бо- лып табылады. Бұдан жоғары таудың орта шенінде шалғындық қара топырақ жəне орманды-даланың сұр топырақты өңірі, сондай-ақ тау- шалғындық субальпілік жəне алпілік топырақтар өңірі орналасқан. Сонымен қатар, Оңтүстік Батыс Алтай провинцияларында қайың жəне көктеректі орманның күлгін топырағы, сол сияқты балқараңай, майқарағай, самырсын орманының қоңыр топырағы басым; ожан жоғары тасты тундраның мүк, қына өсетін биік таулық топырақ
өңірі орналасқан.
Тау бөктеріндегі облыстар жерінің аумағы 17,4 млн. га, яғни 6,6
пайыз. Ал тау етегіндегі өңір (Батыс жəне Солтүстік Тянь-Шаньдық)
-16 млн. га, яғни республикамыздың жер аумағының 6 пайызына жуық. Бұл өңірдің топырағы биік тік белдеудің төменгі сатысы бо- лып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет