Пайдаланатын әдебиет тізімі
Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – Б. 123-165.
Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению. - Семипалатинск, 2008. – Б. 172-193.
-
Зертханалық жұмыс
Өсімдіктердің өнімі және топырақтың түсі бойынша топырақтың құнарлығын, гумус мөлшерін анықтау
Мақсаты: зертханалық жағдайда топырақтың құнарлығын және оның құрамында гумус мөлшерін өскіндердің өнімі және топырақтың түсі бойынша анықтауды үйрену.
Орындалу формасы: зертханалық жұмыс.
Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.
Кіріспе. 1) Құнарлы топырақтың негізгі қасиеттерінің бірі оның құрамында гумус заттарының болуы, олар қара, қою-сүр және сүр түсін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа темір тотықтарының қосылыстары топыраққа қызыл және құба, темір шала тотықтары көгілдір - жасыл түстерді қалыптастырады; кремнезем, көмір қышқыл кальций, каолинит, гипс және жеңіл ерігіш тұздар топырақта болуы ақ және ақшыл түсті қамтамасыз етеді.
Топырақты гумус мөлшері және түсі бойынша келесі құнарлық категирияларына шартты бөлуге болады (№ 1 кесте):
Топырақтың түсі
|
Гумустың мөлшері, %
|
Категориялары
|
Қою қара
|
10 - 15
|
Жоғары гумусты, өте құнарлы
|
Қара
|
7 - 10
|
Гумусты, құнарлы
|
Қою - сүр
|
4 - 7
|
Орташа гумусты, орташа құнарлы
|
Сүр
|
2 - 4
|
Аз гумусты, орташа құнарлы
|
Ашық - сүр
|
1 - 2
|
Аз гумусты, аз құнарлы
|
Ақшыл
|
0,5 - 1
|
Өте аз гумусты, өте аз құнарлы
|
2) Топырақтың құнарлығын сонымен бірге өсімдіктердің өнімділігі бойынша анықталады (биотест әдісімен). Топырақтың құнарлығын объективті бағалау үшін тестерді әр түрлі өсімдіктермен (үштен төмен емес) қолдану керек. Әр бір тест үш қайтарлықта жүргізіледі. Тест объектілері – сұлы, бидай, вика, бұршақ, шалғам және т.б. тұқымдары.
Құралдар мен реактивтер: 100 – 150 мл көлемі пластмассалық немесе шыны стақандары, 0,8 см диаметірі шыны түтікшелері, фольга, әр түрлі орынынан және түсті топырақ үлгілері, әр түрлі өсімдіктердің тұқымдары, таза жуылған және қыздырылған құм, гумустың белгілі пайыздық мөлшері бар (мысалы, 10 %) жоғары гумусты топырақ үлгісі.
Зертханалық жұмыстың орындалу барысы:
Әр түрлі гумус мөлшері бар топырақ үлгілері әр түрлі жарықта қаралады және эталон үлгісімен салыстырылады, жоғары келтірілген кесте бойынша категориялары анықталады. Содан кейін осы үлгілер пластмассалық немесе шыны стақандарға үш қайтарлықта салынады. Бақылау үлгісі - таза жуылған және қыздырылған өзеңдік құм. Алдын ала әр бір стақанның түбіне перпендикулярлы шыны немесе пластмассалық түтікше тығылады, ол арқылы топырақтың тәжірибе және бақылау үшін судын бірдей мөлшерімен суаруы жүргізіледі. Әр бір ыдыста топырақ үлгілерінің көлемі 100 – 150 г төмен болмау керек.
Тәжірибеге дейін 2 – 3 күн бұрын (өсіп шығу мерзімін алдын ала ескертіп алады) бидай және басқа мәдениеттердің тұқымдарын суға 1 тәулікке салады, одан кейін пинцетпен ұрықты жоғары қаратып кюветаға гигроскопиялық мақта қабатына орналастырады, мақта үстіне екі қабат фильтр қағазын салады. Жүйені толығымен ылғалдылық сыйымдылығына дейін құбырғадағы сумен ылғалдайды. Ол үшін суды мақта астына құяды, сіңірілгеннен кейін артығын ағызады. Кюветаны пленкамен жабады, шеттерін кювета астына бүгеді, жүйені термостатқа ұрықтары солтүстікке қарай орналастырады (бұл жұмыла күшпен және бірдей өсуді қамтамасыз етеді).
Өсіп шығуы 26 – 27 оС температурада, өскіндердің негізгі массасы 5 – 6 мм мөлшеріне дейін жүргізіледі. Содан кейін арасынан бірдей өскіндерді таңдап алады (калеоптиль ұзындығы бойынша), ол үшін алдын ала өскіндерді үстіне заттық шыны салынған миллиметрлық қағаздың бөлігінде өлшеп алады. Таңдалып алынған бірдей ұзындығы өскіндерді стақандағы топыраққа 12 – 13 штектен бірдей тереңдікке, алдын ала таяқшамен жасалған тесіктерге орнатады. Бір неше күннен кейін өскіндерді реттейді, әр бір стақанда 10 штуктан қалтырады. Топырақты тұнған құбырғадағы судың бірдей мөлшерімен түтікше арқылы суарады. Суды қую воронкаларын фольгадан жасайды.
Өскіндер 8 – 12 см мөлшеріне дейін өскенде, оларды топырақтан қазып алады, сумен жуады және фильтр қағазымен құрғатады. Содан кейін түтікше жапырағы мен тамыр жүйесінің ұзындығын, массасын таразда бөлек өлшейді.
Топырақтың құнарлығын өскіндердің биіктігі мен массасы бойынша (100 % бақылау сынамасына қатысты) анықтайды. Ол үшін бағалардың шкаласы құрастырылады:
-
Өте кедей, аз құнарлы – құм (шартт бағасы - 100 %);
-
Кедей, аз гумусты, аз құнарлы;
-
Орташа гумусты, орташа құнарлы;
-
Гумусты, құнарлы;
-
Берілген жергілікке өте құнарлы (мысалы, жоғары гумусты кәдімгі қара шірік, «А» горизонты).
Тәжірибе нәтижерлерін көрсету:
Мысалы, құмда өскіндердің орташа мөлшері – 5 см (100 %), ал өте құнарлы топырақта – 10 см (200 %). Арасындағы градациялары: 1) өскіндердің мөлшері – 6 см (125 %), 2) – 7,5 см (150 %), 3) – шамамен 9 см (175 %).
Бақылау сұрақтары
-
Топырақ органикалық заттарының маңызы.
-
Топырақ органикалық затының ғылыми зерттеленуінің тарихы.
-
Биосферада және топырақта органикалық заттың көздері және түзілу үрдісі.
-
Топырақ органикалық заттының фракциялық-топтық құрамы.
-
Гумус заттарының құрамы және құрылысы.
-
Әртүрлі типті топырақтарда органикалық заттың мөлшері.
-
Гумус түзілі концепциялары.
-
Гумус топырақ түзілуінде, топырақ құнарлығында және өсімдіктердің қоректенуінде маңызы.
-
Топырақ құнарлығының түсінігі.
-
Топырақ құнарлығының түрлері.
-
Топырақ құнарлығын қалпына келтіру.
Пайдаланатын әдебиет тізімі
Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.
Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.
Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.
Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.
Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. - М.,1988.
Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. - М.,1999.
Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению. - Семипалатинск, 2008.
3. Практикалық жұмыс
Қазақстанның зоналық топырақтарын суреттеу,
картаға түсіру
Мақсаты: Қазақстанның топырақ картасын зерттеу негізінде зоналық топырақтарын суреттеу, картаға түсіру .
Орындалу формасы: зертханалық жұмыс.
Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі, контурлық карталарды тапсыру.
Тапсырма сұрақтары
-
Топырақтарды далалық және зертханалық зерттеу әдістері.
-
Топырақты зерттеуге дайындық кезеңі.
-
Топырақты далалық зерттеу кезеңі. Топырақ монолитін алу.
-
Топырақты камералдық дайындау кезеңі.
-
Топырақ картмасын құрастыру.
-
Картограмма құрастыру.
ТОПЫРАҚТАРДЫ ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Топырақтың далалық зерттеулері ауыл шаруашылығына арналған жерлер мен мемлекеттік орман қорының топырақ жамылғысын, табиғи жайылымдар мен шабындықтарды зерттеу, топырақты бонитеттеу, екпе ағаштардың өciп-өну орындары жағдайының сипаттамасын беру, олардың құрамын, өндіpy қабілетін, төзімділігін, өсу аймағына байланысты типтердің қалыптасу заңдылықтарын анықтау мақсатында icкe асырылады.
Топырақты зерттеудің нәтижелері халық шаруашылығын жоспарлау және ұйымдастыруда, әртүрлі малазықтық алқаптардың өнімділігін арттыру шараларын ойлап табуда, топырақтың өнімділігін тыңайтқыштарды қолдану, әктеу, мелиорациялау шараларын белгілеуге бағытталады.
Жұмысты орындау барысында жерді толық және ішінapa зерттеу жүргізіледі. Толық зерттеулерді үлкен шаруашылықтарда бip уақытта топырақ картасын жасау арқылы жүргізеді. Ішінара зерттеулер рекультивацияны қажет ететін аумақтарда, зерттеу нүктелерінде, сонымен қатар плантацияларды, бақтарды, питомниктердi, құмдарды, эрозияға ұшыраған аумақтарды зерттегенде жүргізіледі.
Ішiнapa зерттеулер кезінде топырақ картасы әрқашан жасалына бермейді. Үлескі көлеміне, оның шаруашылық маңызына және топырақ зерттеу мақсаттарына байланысты түрлі масштабтағы топырақ карталары құрастырылады. Шартты түрде карта құрастыруға арналған барлық жұмыстар мен карталардың өзi кіші, орта және үлкен масштабқа бөлінеді, сонымен қатар топырақтың нақты картасы және арнайы картограммалар жасалады.
Kiші масштабты (масштабы 1:300000-ден жоғары) карталар облыстың, республиканың, мемлекеттің топырак жамылғысын сипаттайды.
Орта масштабты карталар (масштабы 1:300000-ден 100000-ге дейін) жеке аудандардың топырақ жамылғысын сипаттайды және кіші масштабты карталарға тән мақсаттарда пайдаланылады. Ipi масштабты карталар (масштабы 1: 5000 - нан 1:10000 -ге дейін) жеке шаруашылықтардың, шаруа қожалықтарының, орман шаруа-шылықтарының және т.б. топырақ жамылғысын сипаттайды.
Топырақтың нақты картасы (масштабы 1:5000-нан 1:200-ге дейін) ерекше массивтер, бағалы аумақтар, ормандар, питомниктер, плантациялар, орманның тұқымдық үлecкiлepi, бау-бақшалар үшін құрастырылады.
Картограммалар дегеніміз маңызды агрономиялық, орманшылық немесе топырақ жамылғысының өзіндік ерекшеліктерін көрсететін арнаулы карталар. Топырақ құрамындағы қapaшipiк, азот, фосфор, калий мөлшерлерін, қышқылдықты, грунт суларының тереңдігін, механикалық құрамын, шымтезектің қалыңдығын, эрозияға ұшырау дәрежесін көрсететін картограммалар нeгiзгi топырақ картасын толықтырады және нақтылайды.
Барлық топырақты картографиялау жұмыстары үш кезеңнен: дайындық, далалық және камералдық кезеңдерден тұрады.
Дайындық кезең
Дайындық кезеңнің негізгі мақсаты топырақ түзілу факторларын сипаттайтын барлық қажетті материалдармен алдын ала танысу, оларға жер бедері, климат, өсімдік жамылғысы, аналық жыныстар және кәсіпорынның шаруашылық жұмыстарына қатысты материалдар жатады.
Қолда бар мәліметтер негізінде, карта құрастыру мүмкіндігін белгілейді, масштаб таңдалады, нормаға сәйкес жұмыс көлемі есептеліп, оның орындалу мepзімi белгіленеді.
Орман шаруашылығында топырақты картографиялау орман құрылымының планшеті масштабында және келісім бойынша, орман отырғызу жоспары негізінде жүргізіледі.
Картографиялық нeгiз ретінде қызмет ететіндер:
а) жер бедері горизонталдары сипатталган үлескілері, тұрақты жолдары, сүрлеулері, зерттелетін аумақтың шекаралары, ауыспалы егістік алқаптары, өзендер, жыралар, сайлар және де басқа топырақ кескідісіне бағдар бола алатын нысандары көрсетілген жоспар; б) екпе ағаштары және жер пайдалану жоспарлары көрсетілген планшеттер; в) сол масштабтағы топографиялық карталар; г) төрттік шөгінділер карталары; д) гидрологиялық карталар; е) дешифрленген аэрофотосуреттер.
Алдын ала жоспарды құру. Жиналған мәліметтер бойынша топырақ кесінділерін алатын нүктелердің бастапқы жоспары құрастырылады. Бастапқы жоспар құрастырылуынын ceбeбi, орманда керу аумағы өте шeктeyлi және жер бедері мен өсімдік қауымдастықтарының ауысуы байқалмай қалуы мүмкін, ал ашық далада көру аумағы кең болған күннің өзінде, ол жер бедеріне тәуелді. Мұндай жоспар алдын ала жер бедері мен өсімдік жамылғысының сипатын ескеруге, сонымен қатар топырақ пен егістіктердің арақатынасы туралы мәліметтер жинауға мүмкіндік береді. Сосын, планшетте, алынатын топырақ кесінділерін, жартылай кeciндiлepiн, шұқыршаларын мүмкіндігінше жол немесе сүрлеу бойында орналасатындай eтіп белгілейді.
Топырақ кесіндісі топырақты жан-жақты зерттеуге, үcтіңгi, аналық жыныстағы топырақ түзілуіне байланысты өзгермеген қабатты зерттеу үшін қажет. Жалпы, топырақ кесіндісінің тереңдігі 2 м-ден аспайды. Толық топырақ кесіндісі арқылы оның қалындығын, топырақ кескінінің толық құрылысын анықтайды, аналық жыныстардың жазбасын жазады және түрін анықтайды. Топырақтың жартылай кесіндісі аналық жыныстарға дейін қазылып сипатталады, оның тереңдігі 1-1,2 м-ден аспауы тиіс.
50-70 см тереңдікке дейін қазылатын шұқыршаларды топырақ шекараларын анықтау үшін қазады. Кесінділер мен жартылай кесінділер саны топырақ зерттеу масштабына байланысты ( кесте).
Алдын ала құрастырылған жоспарға сәйкес (таксациялық жазбаны пайдалану арқылы) кесінділер мен жартылай кесінділерді алдымен 60 немесе одан да көп жылдық екпелерде белгілейді. Екпелер толықтығы 0,6 -дан кем болмауы тиіс.
Кесінділер мен жартылай кесінділер жер бедері мен өсімдік жамылғысының барлық элементтерін қамтып, топырақ жамылғысын сипаттауға оңтайлы орналасуы тиіс. Кесінділер, жартылай кесінділер және шұқыршалар егістіктерде, бақылау аландарында, өртенген, ағаш кескен және батпақтанған жерлерде де белгіленуі тиіc. Keciнді алатын нүктелер мүмкіндігінше сүрлеулер мен жолдар бойында орналасуы тиіс.
Далалық зерттеулер жүргізетін әpбip топырақ зерттеушісінің қолында топырақ кесінділерін түcipy жоспары, таза таксациялық планшеттің көшipмeci, топырақтың далалық жазбасьша арналған бланкici, түрлi-түстi қарындашы, қаламы, өшіргішi, сантиметрі, компасы немесе JPS-i, күpeгi, пышағы, үлгілерді салатын кағазы, дайындалған этикеткасы, жібі, рюкзағы және дала дорбасы болуы тиіс. Бұдан басқа топырақ құрамындағы карбонаттардың шымырлау тереңдігін аньщтау үшін тұз қышқылының 10 %-тік ерітіндісі бар тамызғыш; топырақтың глейлігін анықтау үшін қызыл тұз epiтіндіci; хлор туздарының зиянды концентрациясын анықтау үшін хлорлы барий; дистилденген су; бірнешe пробирка және зиянды күкіртқышқылды тұздар мен хлорлы тұздардың концентрациясын анықтау үшін сулы сүзбе алуға қажетті кағаз сүзгі болуы керек. Химиялық реактивтердің жиынтығы зерттеу жүргізілетін топырақтық-климаттық зонаға байланысты әрқалай болады. Сонымен қатар топырақтардың номенклатуралық және классификациялық тiзiмi дайындалады.
Далалық кезең
Топырақ зерттеулері рекогносцировкалық жұмыстардан басталады. Кең таралған топырақтармен танысу кезінде топырақтар, аналық жыныстар, олардың қасиеттері, жер бедері және өсімдік өнімділігі арасындағы байланыстар анықталып, нақты топырақтар тiзiмi жасалады.
Топырақ кесінділерін орналастыру техникасы. Топырақ кесінділерін алатын жерлерді таңдау барысында жер беті мен айналадағы өсімдік қауымдастықтары азды-көпті біркелкі болуы, сонымен бipre жер бедері және топырағының да біртекті болуы шарт. Күмәндәнған жағдайларда толық кесінді алмас бұрын бірнеше шұқыршалар қазып, таңдалған жердің біртектілігіне көз жеткізу керек. Кесінділерді алатын нүктелерді жолдан, сүрлеуден, тоғайдағы алаңшалардан 20 м-ден алыс қашықтықта орналастырады. Ормандар питомниктері мен дақылдар арасында кесінділерді кесе-көлденең орналастырады.
Кесінділер мөлшері мынадай болады: eнi 60-80 см, ұзындығы тереңдігіне тең, тар бетінің бipeyi қазғаннан кейін күн жақсы түсетіндей болуы керек, бұл бет кейін бүкіл тереңдігі бойынша толық суреттеліп жазылатын бет болады. Бұл беттің жатында жүруге, ол жаққа топырақ тастауға болмайды, ондағы жер беті төсенішін және топырақ қабаттарының табиғи орналасу қалпын сақтап қалу керек. Қазған кезде топырактың беткі горизонттарынан алынған топырақты бip жағына, ал төменгі горизонттарынан алынған топырақты екінші жағына тастау керек. Кесіндіде биіктігі 20-25 см (күректің басының бойындай) баспалдақтар жасайды. Кесіндінің алдыңғы беті ғана толық тереңдікке дейін кетеді. Кесінді жазбасын жазу кезінде, әcipece топырақты горизонттарға бөлген кезде, кесіндінің барлық қабырғаларын қарап шығып, топырақ горизонттарының орташа шекараларын белгілеп, сосын оның әрқайсысының жазбасын топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты реакцияларын анықтау арқылы (тотыққан тeміp, карбонаттар, суда еритін тұздарды анықтау) жазу керек.
Орман төсенішінің әр генетикалық горизонтынан, қapaшipiк горизонтының үстіңгі, ортаңғы беліктерінен және әр келесі горизонттардың ортасынан үлгілер алынады да, оларды алған тереңдік жазба бланкысында белгіленеді. Салмағы 0,5 кг-нан тұратын әpбip үлгіні кағазға орайды немесе шүберек дорбаларға салады, сонымен бipre алынған жері, кесінді номері, горизонттың генетикалық индексі, алыну тереңдігі және алынған күні жазылған этикетка да салынады. Барлық кесінділер және жартылай кесінділер үлгілерінің 10 %-ы талдауға өткізу үшін іріктеліп алынады. Оқу тәжірибесі кезінде алынатын кесінділер санын оқытушы белгілейді. Жұмыстың аяғында топырақтың толық атауы жазылады, ал кесінді қай жерде алынғанын кейін табуға қолайлы болу үшін, оның орнын тұрақты нысанға байланысты белгілейді. Топырақтың толық атауы мен нысан орнын топырақ жазбасы бланкасының тиicтi графаларына жазады. Планшеттің таза көшірмесінде кесінділерді топырақ атының индексін және нысан орнымен арақашықтығын белгілейді. Жұмыстың аяғында кесінді алған жерді көміп тастайды.
Топырақ қартасын түcipy кезінде, әр кесінді алған орындар арасында бірнеше шұқыршалар қазылады. Шекаралас шұқыршаларды нысандармен белгілеп, жазбасын жазады.
Планшетке түсірілген кесінділер, жартылай кесінділер және шұқыршалар бойынша топырақтар шекарасын арнайы белгілермен белгілейді, сол арқылы топырақ индекін, кесінділер номepi, нысандары белгіленген далалық топырақ картасы дайындалады.
Топырақ монолитін алу. Оқу, көрсету және зерттеу жүргізу кезіне үлгі алу мен топырақ картасын құрастырудан басқа топырақ монолиті де алынады. Топырақ монолиті дегеніміз топырақтың бұзылмаған табиғи күйінде кeciн алынған вертикал үлгіci. Монолитті алу үшін ұзындығы 1м, еңі 0,2 - 0,3 м және биіктігі 0,5 - 0,12 м жәшік пайдаланылады. Жәшік рамка мен астыңғы және үстіңгі қақпақтан тұрады. Монолиттің қабырғалары тік болуы үшін оларды тегістейді. Белгіленген жердегі орман төсенішін тазалап, рамканы қойып, рамканың ішкі жағынан алынатын монолит контурын пышақпен сызады. Рамканы алып, 12-16 см тереңдік бойымен монолита пышақпен кeciп алады, рамканы қайта кигізіп, қақпақты бекітеді.
Жәшікті ұстап тұрып пышақпен монолиттің бүкіл контурын кeciп алады. Жәшік ішіне газет немесе кағаз салынады, астыңғы қақпақ бекітіледі. Устіңгі қақпаққа топырақ типі, шаруашылық атауы, кесінді номepi және үлгі алынған күн жазылады.
Далалық топырақ түcipyлepi нәтижесінде жиналатын материалдар: топырақ кесінділерінің, жартылай кесінділерінің, шұқыршалардыц жазбалары, далалық топырақ картасы, үлгілер мен монолиттер, топырақтардың физикалық және химиялық анықтамаларының далалық түсіндірмесі. Ескере кететін жағдай, кесінділердің бip бөлігін далалық кезеңде қарап шығады, ал кейбіреулерін зертханалық талдауға алып кетеді.
Камералдық кезең
Бұл дайындық және далалық кезеңдерде жиналған материалдарды өндеу кезеңі. Yлгiлepдi химиялық талдауға таңдап ipiктeп алу камералдық кезеңде жүргізіледі. Химиялық талдауға ipiктeп алудың мақсаты, аттары бірдей топырақтардың морфологиялық белгілері де, қасиеттері де бірдей болуын қамтамасыз ету. Талдауға ең алдымен жиі кездесетін топырақ үлгілері алынады және әр негізгі топырақ түрінің е аз дегенде үш үлгісі болуы шарт. Химиялық талдау нәтижелері бойынша тексеру жүргізіліп, топырақтардың классификациялық атаулары нақты анықталады да топырақ картасының түпнұсқасы құрастырыла бастайды.
Топырақ картасын құрастыру. Топырақ картасының түпнұсқасын құрастырудаты негізгі құжат далалық топырақ картасы. Әр топырақ индекспен (әріптік немесе сандық) белгіленеді. Белгіленеген нысандар орны, топырақ кесінділері, шұқыршалар нүктелері бойынша және жер бедеріне, гидрографиялық тор мен өсімдіктер жамылғысына сәйкес топырақтар шекаралары белгіленеді. Топырақ түpлepi индекспен белгіленіп, арнаулы түске боялады. Топырақ картасының жоғарғы бөлігінің сол жақ бұрышына ".. .шаруа қожалығының топырақ картасы" деп жазылады. Тақырыбы астында масштаб, одан төмен карта құрастырылған жыл, номepi жазылады. Солтүстік пен оңтүстік те белгіленеді. Картаның астынғы бөлігінің оң жақ бұрышында "Шартты белгілер" жазылады және ол белгілер топтарға бөлінеді: топырақтар түрлері, топырақтардың механикалық құрамы, аналық жыныстары және де басқа шартты белгілер. Одан да төменінде кәсіпорын, құрастырушы және карта авторы жазылады. Бұл авторлық картаның түп нұсқасы деп аталады. Бұл картадан горизонталдары көрсетілмеген топырақ картасының көшірмесі жасалады.
Картограмма құрастыру. Картограммаларды топырақ кесінділері үлгілерін талдау мен арнайы зерттеулердің нәтижесі арқылы құрастырады. Топырақ картасын құрастырған кездегідей кесінді алынған нүктелер белгіленіп, олардың жанына топырақтың ерекшеліктері мен мен қасиеттерін санмен көрсететін арнаулы белгілер қойылады. Градациялары бойынша болатын өзгерістер интерполяция әдісімен анықталады.
Камералдық кезең топырақ картасы мен картограммаға түсініктеме есеп (очерк) жазумен аяқталады. Очерк немесе түсініктеме есеп келесі жолмен құрастырылады: алғашқы (титулдық) бет толтырылады. Кіріспеде топырақ түcipyлepi қандай мақсатта жүргізілгені, масштабы, қолданылған картографиялық материалдар, жұмыс көлемі жазылады.
Бірінші бөлімінде табиғи жағдайлары, климатының басты ерекшеліктері, аналық жыныстары, жер бедері және өсімдік жамылғысының ең басты ерекшеліктері беріледі. Топырақтарына арналған екінші бөлімінде зерттелген аумактың топырақ зонасы, негізгі топырақ типтері мен тип тармақтары және топырақ түрлері (гектар және % бойынша) сипатталады. Топырақ түрлеріне толық сипаттама беріледі. Үшіннші бөлімінде топырақтар мен өсімдік жамылғысының өнімділігі арасындағы байланыс жазылса, төртінші бөлімінде өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, ал бесіншісінде - өсімдік құрамын жақсартуға, топырақты тиімді пайдалануға, тыңайтқыш қолдануға және мелиорацияға байланысты ұсыныстар беріледі.
Пайдаланатын әдебиет тізімі
Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – Б. 166-173.
6. СӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
1. «ТМД топырақтары және олардың қалыптасуы.» ТМД топырақ зоналары және олардың қалыптасуы.
Мақсаты: пән бойынша әдебиетт қолданып келесі сұрақтарға жауап беру: Арктикалық және тундралық зоналарының криогенді топырақтары. Тайгалы-орманды, батпақты, су қоймалы топырақтары.
Орындалу формасы: реферат жазу.
Тапсыру формасы: рефератты қорғау.
2. ТМД топырақтары.
Мақсаты: пән бойынша әдебиетт қолданып келесі сұрақтарға жауап беру: Жалпақ жапырақ ормандарының құба топырағы. Орманды дала зонасының сұр-орманды топырағы..
Орындалу формасы: коллоквиум, конспект жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |