Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер


Баяндауыш. Қожа Ахмет Яссауи



бет24/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Баяндауыш. Қожа Ахмет Яссауи


Сөйлемде бастауыштың ісін, қимылын, жай-күйін білдіріп, ойды аяқтап тұратын мүшені баяндауыш дейміз.
Мысалы: Зәуре хабарды естісімен көңілденіп кетті деген сөйлемде Зәуре қайтті? – көңілденіп кетті деген тіркес күрделі баяндауыш болып, Зәуренің ісін, қимылын білдіріп тұр.
Баяндауыш көбінесе сөйлем соңында тұрады.
Баяндауыш не істеді? не істемек? қайтті? қайтеді? не істепті? қандай? кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.


Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Сөйлемдерді оқып шығыңдар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Баяндауыштарды бастауыштармен тіркестіріп көшіріңдер.
қайттім?
Үлгі: Мен қуанып қалдым.
1.Мен бұған қуанып қалдым. Маған қарындаш қатты ұнады. 2. Айнаштың әкесі шопан болатын. 3. Ермек апасымен екеуі туыстарына қыдырып кетсе керек. 4.Бұл ойын көпке созылды. Қызық ойын болды. 5. Ол әдеби кітаптарды оқуды әдетке айналдыра бастаған. 6. Арша –биіктігі төрт метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік.Жапырақтары өткір,ине тәрізді қатты,үш-үштен қосақталып тұрады.Арша жемісінен дәрі жасалады.
Қожа Ахмет Яссауи
Ахмет Яссауи – түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, қазақ әдебиеті мен тілі тарихында ерекше орын алатын, есімі ислам әлеміне белгілі болған ойшыл қайраткері. Сол кезде кең тараған суфизм оқуының атақты ұстазы, насихаттаушысы болған. Ол жазбаларын өзінің ана тілі – түрікше жазған. Оның «Диуани хикмет» атты еңбегі түркі тілді халықтарға ортақ әдеби мұра.
Түркістандағы Ахмет Яссауиге салынған сағана – Ақсақ Темір заманынан қалған көне ескерткіш. Бұл – ең көлемді, теңдесі жоқ сәулет кешені. Ол Темірдің бұйрығымен, сол кезде Йасы деп аталған, қазіргі Түркістан қаласында 1396-1398 жылдары салына бастап, ХҮ ғасырдың бас кезінде аяқталған.
Ахмет Яссауи ескерткішінің ені 46,5 метр. Ұзындығы 62,5 метр. Кешенде отыз бес түрлі бөлме бар. Нақ ортасындағы басты бөлме «Қазандық» деп аталады. Ол бөлмеде алпыс шелек су сиятын салмағы екі тонна, диаметрі 2,4 метр үлкен қазан орнатылған. Аңыздардың айтуынша қазан жеті металдың қоспасынан құйылған.
Сөздік
Ерекше – особое
Ойшыл – мыслитель
Қайраткер – деятель
Кең тараған – широко распространенный
Насихаттаушы – пропагандист
әдеби мұра – литературное наследие
ортақ – общее
сағана – мавзолей
көне – древний
сәулет – архитектура
кешен – комплекс
бұйрық – приказ
нақ ортасында – в самом центре
теңдес – равный
қоспа - смесь




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет