70
Мәзһаб туралы таным
Қорыта айтқанда Имам Ахмед бин Ханбал Ислам
әлемінде өте тақуа, әрі жомарт, үлкен мухаддис және
фақиһ ретінде танылды. Артында мүжтаһид дәрежесіне
жеткен шәкірттер қалдырды.
Өміріндегі көрген
қиындықтар мен азаптарға мойымай, ғылым жолында
еңбек етті. Нәтижеде үлкен төрт мәзһабтың бірі болған
Ханбали мәзһабы Ислам үмметіне қызмет етті.