Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий



бет1/11
Дата02.10.2023
өлшемі62.93 Kb.
#479495
түріТворческая работа
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жоба

Ғылыми жоба


Авторы:
Сыныбы: 4 «Г»


Жұмыстың тақырыбы: Киіз басу техникасы арқылы жүннен бұйымдар жасау.
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Этномәдениеттану
Ғылыми жобаның жетекшісі: Алипбаева Айгуль Айтуовна

Мазмұны

Кіріспе
І тарау. Сәндік-қолданбалы өнерінің даму жолдары
1.1. Халық өнерінің қалыптасуы
1.2. Өнер көзі – халықта
1.3. Жүн және жүннен жасалатын бұйымдар
ІІ тарау. Жүн өңдеу және киіз басу техникасы
2.1. Жүн өңдеу және киіз басу техникасы
2.2. Жүннен жасалған бұйымдарға күтім жасау
2.3. Жүннің қасиеттері
2.4. Жүннен бұйым жасауда қолданылатын құрал-жабдықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Аннотация


Ғылыми жобаға шығармашылық жұмыс киіз басу техникасында жүннен бұйымдар жасалған. Бұйымдар жақсы деңгейде көрсетілген, жүннен жасалынған жұмыстың теориялық түсініктеме бөлімінде жүннен жасалған бұйымдар түрі, сол тақырыпқа көрсетілген ісмерлердің туындылары көрсетілген. Олардың эстетикалық мәні оқушыларға әсер етер тәрбиелік маңызы айтылды. Ғылыми жобада жұмыстың шығармашылық тұрғыда орындалған әдіс тәсілдері тиянақты. Иллюстрация негізінде көрсетіліп, түсіндіріледі. Түсіндірілмелі бөлімі: кіріспе, негізгі екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Барлығы 26 бет.

Аннотация

Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий, представленные на ту же тему. Их эстетическое значение сказалось на воспитательном значении, которое оказало влияние на учащихся. Творчески выполненные приемы работы над научным проектом исчерпывающие. Показано и объяснено на основе иллюстрации. Пояснительная часть: введение, состоящий из двух основных глав, заключительной части и использованной литературы. Всего 26 страниц.

Annotation

Creative work on a scientific project is carried out in the felting technique. The products are presented at a good level, in the section of theoretical explanations of wool work, the type of wool products, derivatives of products presented on the same topic are presented. Their aesthetic significance affected the educational significance, which influenced the students. Creatively executed methods of work on a scientific project are exhaustive. Shown and explained based on the illustration. Explanatory part: introduction, consisting of two main chapters, the final part and the literature used. There are 26 pages in total.




Кіріспе

«Өткен тарихымызды білмей – ел болмаймыз» деп Елбасының Н.Назарбаевтың сөзі айтқандай. Еліміздің егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектептегі қазіргі кездегі дағдарыстан мектептегі қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талаптарға жол ашты.


Жалпы, киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата - бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Ұмыт болып бара жатқан ескі дәстүрді жаңғыртуға, бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар екен. Киіз басу қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген. Киіз басу дәстүрі бізде үш бағыт бойынша дамып келе жатыр. Біріншіден, киізден түрлі кәдесыйлар, ойыншықтар, сөмкелер, әшекей бұйымдарын жасауға болады. Оның өзіндік технологиясы бар. Бұл - бірінші бағыт. Екінші бағыты әжелеріміздің киіз басу технологиясын меңгере отырып, ежелгі киіз үлгілерін жаңғырту. Бұл біздің келешек ұрпаққа қажет. Кейінгі жастар ата-бабаларының он саусағынан өнер тамған шебер болғанын, заманауи технологиядан еш хабары жоқ ежелгі адамдардың керемет туынды тудыра білгенін мақтан тұтуы керек. Ал, үшінші бағыт өзім айналысып жүрген сурет салу бағыты. Яғни киізге ойыңды түсіруге, одан үлкен әрі әдемі туынды жасауға болады. Табиғи түстердің үйлесімдік табуы үшін жүннің сапасы жақсы болуы керек. Өкінішке орай, бүгінгі күні жүннің күтімі нашарлаған. Негізі, қазақ халқы жүнге үлкен мән беріп, киіз баспас бұрын жүнді әбден тазалайтын болған. Тіпті қойдың жүнін қырқылмай жатып-ақ күтімілдейтін. Қыстан шыққан қойдың жүнін «өлі жүн» деп көп менсіне бермеген олар, қойдың күзгі жүнін пайдаланатын. Қырыспас бұрын қойды өзенге түсіріп, біраз тоғытып алатын болған. Ал қазір өкінішке қарай, жүнге сондай мән беріліп жатқан жоқ. Оған жүнді сатып алатын кезде көз жеткіздік. Далада жүрген мал болғандықтан, жүннің таза тұруы мүмкін емес шығар. Білектеу, алақандау, қарпу сынды әдістердің кейбіреуі ғана қолданыстан шығып қалғаны болмаса, жасалу процесі сол күйінде екен. Сондай-ақ бұрындары киіз басуға шымши пайдаланылса, қазір оның орнын бедерлі целлофан басқан. Әжелеріміз пайдаланған сыпырғыш та бүгінгі күні қолданыстан шығып қалыпты. Қазір оның орнына су себетін құрылғылар пайдаланылады. Қазір түрлі құралдар пайда болып, кейбір әдістер қолданыстан шығып қалған. Жалпы, киіз басу технологиясын әр өңірге бөліп қарастыруға болады. Өйткені әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Батыс Қазақстанда киіздің оюлары мен өрнектері ұсақтау болып келеді. Сонымен қатар ол жақтағылар өрнекті төсемнің астына қояды, ал оңтүстіктегілер бірінші төсемін қойып, содан соң өрнегін салады. Сондықтан да біз «мына әдіс қолданыстан шығып қалған» деп нақты айта алмаймыз. Өйткені әр өңір бұл орайда түрлі әдістерді қолданады. Ал, ұмыт болған дәстүрімізді ұлттық өнер арқылы кеңінен насихаттауға мүмкіндігіміз жетеді. Менің ойымша, шығармашылық арқылы сол дәуірі алыстаған кезеңді суреттеуге, осылайша ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға болады.

І тарау. Сәндік-қолданбалы өнерінің даму жолдары






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет