«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Құқықтық қатынастардың түсінігі, айрықша белгілері мен түрлер



бет49/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықтық қатынастардың түсінігі, айрықша белгілері мен түрлер Құқықт қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тəн. 1) Құқықты қатынас — бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас жəне олардың іс-əрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. 2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма əсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. 3) Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға жəне міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. 4) Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады). 5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тəртібінің негізі болып саналады. Құқықтық қатынастардың түрлері: 1.Реттейтін құқықтық қатынастар субъектілердің заңға сəйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде жəне соған сəйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тəртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек, т.б. құқықтық қатынастар. 2. Қорғайтын құқықтық қатынастар — субъектілердің заңсыз əрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты — қоғамдық тəртіпті қорғау, кінəліні жазалау, сөйтіп əділдік орнату. 3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.4.Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді. Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз — субъектілердің арасындағы ерекше құқықтық байланыс. Осы байланыстың нəтижесінде тараптардың өзара субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты мемлекет қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет