З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық



бет1/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал


"БАИШЕВ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" ЖШС


З.Б.Молдашева

Латын тілі және медициналық


терминология негіздері
(анатомиялық терминология)
оқу құрал

Ақтөбе 2023


УДК 61:001.4807(075)
БКК 81:2
М75


Пікір жазғандар:
Марат Оспанов Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативті хирургия кафедрасының жетекшісі К.Е.Жарылқасынов.
К.Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты С.К.Мухамбетова.
Оқу құрал қазақ тілінде медициналық колледж білім алушыларға арналған. Оқу құрал мазмұны "Латын тілі"(анатомиялық терминология) типтік бағдарламасы бойынша құралған. Оқу қүралында кіріспе, латын тілі фонетика бойынша сабақтар, латын грамматикасы негізінде анатомиялық терминдер бойынша материалдардан тұрады. Оқу құралында сабақтын мақсатына жету үшін теориялық және практикалық материалдар еңгізілген.
ISBN 9965 - 02 - 199 -6
З.Б.Молдашева
МАЗМҰНЫ



  1. Кіріспе .......... . .. . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .4

  2. Фонетика . . . . .. . . 6

  3. Екпін ережелері . . . . . 9

  4. Анатомиялық терминдер. Зат есім. . . . 11

  5. Сын есім

1 тақырып: Сын есім. Сын есімнің грамматикалық категориялары 15
2 тақырып: Сын есімнің салыстырмалы шырайы . . . . . . . . . . . . . . 19
3. ақырып: Сын есімнің күшейтпелі шырайы . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . 22
6. 3-ші септеу зат есімдері.
1. тақырып 3-ші септеу masculinum род тірінің зат есімдері . . . . . . . . . 25
2. тақырып 3-ші септеу femininum род тірінің зат есімдері . . . . . . . . . . 29
3. тақырып 3-ші септеу neutrum род тірінің зат есімдері . . . . . . . . . . .. .31
7. Көпше түрі
1 тақырып: Зат есімдер мен сын есімдердің Атау септігінің көпше түрі 32
(Nominativus pluralis)
2 тақырып Зат есімдер мен сын есімдердің Ілік септігінің көпше түрі. . 35
(Genetivus pluralis)
8. Латын тілі пәнінен тест . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 38
9. Латынша - қазақша сөздік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .40
10. Қазақша - латынша сөздік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50
11. Әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . .58

Кіріспе
Латын тілі және медициналық терминология негіздері - сіздер үшін жаңа пән. Сондықтан алдымен оның мақсатын, жалпы көлемі мен мазмұның, неліктен латын тілі жүздеген жылдар бойы медицина мен биологияның ғылыми тілінде қолданылатының анықтап алған жөн.
Термин туралы ғылыми түсінік.
Ғылымның, техника мен өндірістің қай саласында болмасын, арнайы лексиканы немесе терминологияны дұрыс түсініп, қолдана білу қажет. Терминнің негізгі қызметі, (лат. terminus - шек, шекара) ғылыми түсінікті дәл білдіруде, атауда. Термин бір сөзден (ауру, кардиография) және сөз тіркесінен (желке сүйегі, гипертониялық ауру, санитарлық өндеу) турады. Терминдердің әдеби тілмен айырмашылығы ғылыми техникалық ұғымды білдіреді. Ғылыми ұғымның жәй ұғымнан ерекшелігі ол ғылыми теориялық жалпыламаның қорытындысы, белгілі ғылыми теорияның фрагменті, ғылым жүйесінің атауы,
Терминология, Терминология жүйесі.
Білім саласының, ғылымның терминологиясы - өз ара байланысты, белгілі бір ғылыми түсінікті білдіретін сөз немесе сөз тіркесінен тұратын атаулар жүйесі. Сөздіктің басқа түрлеріне қарағанда, терминология күн сайын жүйелеп отырады, талап етеді. Терминология үнемі қозғалыста болады: кейбір атаулар өзгереді, қосылады, қолданыстан шығады, немесе алынып тастылынады. Көптеген атаулар жаңа мағынаға ие болады. Терминология - ғылым тілінің ғылыми әдебиеттің үлкен бөлігі.
Латын тілі тарихынан.
Латын тілі (Lingua Latina) индоевропалық тілдердің италийлық тобына жатады. Оның пайда болу тарихы тереңде жатыр. Әуелі бұл тіл Италияның орталығында орналасқан. Лация облысында тұрған латын (Latin) тайпысы мен Апеннин мүсінде ораласқан біздің жыл санауымыздың 1 ғасырында Римнің қол астында болған көне Рим тұрғындары - италиялық тайпалар сөйлеген. Біздің жыл санауымыздың Ш ғасырдың ортасынан бастап латын тілі римдік легиондармен бірге мәдениеті дамыған. Греция, Карфаген, Египет, Сирия және т.б. Европаның аз дамыған мәдениеті тайпаларына ене бастайды. Бірте -бірте латын тілі қазіргі Португалия аралығын алып жатқан Ұлы Рим империясының негізгі тіліне айналады. Латын тілі Европаның батысында еш кедергісіз тараса, Жерорта теңізі бассейні - Греция, Кіші Азия, Египетте жазба дәстүрі қалыптасқан жоғары дамыған тілдердің кедергісіне тап болды. Өйткені ол бұл аймақтарда грек немесе эллин білімділігі кең тараған еді. Римляндар гректерммен қарым-қатынас жасай бастағаннан-ақ жақсара дамыған. греция мәдениетінің әсерін сезе бастаған. Сөйтіп көне дәуірден бастап терминология екі тілде - грек-латын тілдеріңін негізінде қалыптаса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет