1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


Мағжан. «Мен жастарға сенемін», «Сағындым», «Батыр Баян»



бет6/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Шығармалар

8. Мағжан. «Мен жастарға сенемін», «Сағындым», «Батыр Баян»
«Мен жастарға сенемін»:Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Идеясы жастарға рух беру, жігерлендіру.
Сағындым-Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Батыр баян-Бұл поэмада Баян есімді батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызын тұтқынға алды. Басты кейіпкер қалмақ қызына ғашық болды, алайда қыздың жағынан мұндай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болып табылады. Құралай Баянның інісі Батыр Ноянды сүйгендіктен, ол екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған елді сату деп есептегендіктен, олардың артынан қуды. Оларды қуып жеткеннен соң Баян туған інісін оқпен атып, сүйген қызын да аттан құлатты. Ал кейін, оларды өлтіргеннен соң Баян мұны олардың ісін сатқындық ретінде санағандықтан емес, махаббаттың кесірінен істегендігін түсінеді. Ол өз кінәсін түсінгеннен соң жылап, Құралай мен Ноян екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды және сол шайқас нәтижесінде Батыр Баян қайтыс болды.
9. Ж. Аймауытұлы». «Елес»
Жүсіпбек Аймауытов Елес шығармасында өзінің ішкі күйін және қоғамда орын алып жатқан мәселелерді кейіпкерді елеспен бетпе-бет әңгімелестіру арқылы көрсеткісі келген. Өзіне жүктелген тапсырманы жаза алмай отырған басты кейіпкерге портфель қолтықтап кіріп келген елес әртүрлі сұрақтар қойып, тергеуге алады. Мәселен, елестің төңкеріс жазушыларының содан бері қандай мәселе жайлы қалам тартып жүргендерін сұрағандағы басты кейіпкердің жауабы оны ашуландырып жібереді. Арада жеті жылдай үлкен уақыт өтсе де, төңкерістің берген бостандығын, теңдігін, ортақшылдар жолын, кеңес үкіметін жақтап жүрген төңкеріс жазушыларына: Құрғақ сөзден жалықсаңдаршы! Енді бір өмірге, тұрмысқа келетін сөз жазсаңдаршы! Біздер-жастар көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жаншып таптап кетеміз, жанып тұрған отпыз, жалынбыз, біз қоймаймыз, біз кенелтеміз, біз қарық қыламыз… дей бергеннен не тамады? Мұның бәрі ет пен терінің арасындағы жел емес пе? Төңкерісті жазғанда осылай жаза ма екен?,-дейді.
Әңгімеде жазушы өзінің шынайы ойын, көзқарасын елес символдық образы арқылы көрсеткісі келген, яғни елесті жазушының өзі деп қарауға болады. Бұл тұста адам жанының, санасының екіге жарылып, бір адамның ішіндегі қарама-қайшы көзқарасты сарапқа салғандығын байқаймыз. Демек, Жүсіпбек Аймауытов осы уақыт ішінде қазақ әдебиетінде ақын-жазушылардың бір арнаға түсіп, нақты ұстанымдары болмағандықтан, әдебиетке айтарлықтай үлес қоса алмағандығын елестің сөзі арқылы жеткізген. Сондай-ақ, сол кезеңдегі жазушылардың тек қана құр айғай мен құрғақ сөзге салынып, шындықтың басын ашып жаза алмай жүргендігін сынайды. Ал жазушының өзінің көзқарасын тікелей емес, елес символдық образы арқылы астармен жеткізуіне сол кездегі саясаттың себеп болғаны айтпаса да түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет