1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


Сұлтанмахмұт. «Шәкірт ойы», «Бір адамға»



бет8/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Шығармалар

11. Сұлтанмахмұт. «Шәкірт ойы», «Бір адамға»
Шәкірт ойы: Идеясы - Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру. Қараңғы боп артта қалған халықтың төбесіне Күн сияқты шығып оларды білім арқылы тура жолға шақырады.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
НЕГІЗГІ ОЙЫ: Бұл надан елді ұйқысынан оятамын. Қазақ елі сол жылдары қалың ұйқыда еді. Білімсіздік ұйқысында. Ал көп ақындар өз халқын білімді де, зиялы болғанын қалады. Соның ішінде әрине елі үшін аянбаған, өмірін берген ТОРАЙҒЫРОВта бар.
Бір адамға: идеясы-Ел ішіндегі байлығына мастанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді.
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!
12. Б.Майлин. «Күлпаш»
Бейімбеттің «Күлпаш» әңгімесінде ауылдың жүдеу жағдайы кейіпкерлердің портреттері арқылы өрбіп отырады. Ішуге тамақ іздеген отағасы Мақтымның мойнына дорба асынып, ауыл-ауылды кезіп жүруі – халықтың қайыршылыққа ұрынғандығының белгісі. «Бұл ауылда отырғандардың бірсыпырасы – ақ өлмелі кедей, бәрі де “шықпа, жаным, шықпа” деп отырған секілді» — деп жазушы суреттеуі арқылы ауылдың тұрмыс тіршілігінің қандай екенін көрсетеді. Күлпаштың отбасын құтқару үшін өз басын құрбандыққа шалуының өзі тағы сол кезеңнің ащы шындығы деп ойлаймын. Өйткені жан жары мен жан дегенде жалғызы Қалиын тастап, осы ауылдың байы Жұмағазыға тұрмысқа шығуы – бір қараған адамға желөкпе адамға саяды. Алайда мәселенің төркініне қарасақ, ет жақындарын аштық ажалынан құтқару үшін осылай істегенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет