1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал»



бет7/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Шығармалар

10. М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал»
Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады.
Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады. Жиында бітімі де, сымбаты мен сәне де, сөзі де бөлек жігіт Ғали да болады. Жастар айтысып, көңіл көтеріп отырғанда Ғали мен Жамалдың бір-біріне көңілі түсіп, сөзі жарасады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Екеуінің артынан қуғыншылар түседі.
Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатқанда, аяқ асты Ғали ауырып, дүние салады. Ғали бақилық болғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешкен Жамал қыс ішінде үйінен қашып шығып, Ғалидың бейітнің басына барады. Тағдырына нала болған қыз сүйгенінің бейітінің басында жылап жатып көз жұмады.
тақырыбы: Шығармаға арқау болған оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы Қазанда басылып шықты. ЯҒНИ ӘЙЕЛ ТЕҢСІЗДІГІ. идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ қыздарының тағдырын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет