1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


С.Сейфуллин «Сыр сандық», «Біздің жақта», «Көкшетау» (поэма)



бет9/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Шығармалар

13. С.Сейфуллин «Сыр сандық», «Біздің жақта», «Көкшетау» (поэма)
«Сыр сандық»:Өлең басында ақын айтқандай ол сыр сандық кез-келгенге ашылуға тиіс емес. Адам көңілінің нәзік қылын шерте білген өлең десек те болады. Әсіресе соңғы тұсы:
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көніл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы.
Ақын «Сыр сандық» өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Адалдық пен арамдық,талант пен күншілдік,мансап пен ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды. Ақын тек қана өз жайын,өз басының мұңын,өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ,жалпы адамзатты ғана толғандыратын,жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.
Біздің жақта (1919) өлеңі - туған ел, туған жер тақырыбында жазылған эстетикалық деңгейі биік, тілі көркем өлеңдерінің бірі. Бұл өлеңде елден алыстап, оқу-білім қуып, жастай қалаға кеткен жасөспірімнің туған елді, жерді аңсаған сағынышын, ауыл-тұрмысын, табиғатын, туған жерге деген махаббатын жақсы көрсеткен. Әдемі, бейнелі тілмен өрнектелген бұл туынды оқырманды көркемдік деңгейдің биіктігінен баурап алады. Сыршыл да, ойшыл ақын табиғатты, онда мекендеген адамның көңіл-күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра, табиғатқа жан бітірте суреттейді: Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар. Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай. Каздай қатар мыңғырып, Тізіліп көшкен елдер-ай.

"Көкшетау" - бір ырғақпен, ұзын-сонар баяндауға құрылған шығарма емес, ол әр түрлі көлемдегі, әрқайсысына жеке- жеке ат берілген негізгі төрт бөлімнен - "Көкшетау", "Қалмақ қызы", "Әнші ақындар", "Қазіргі Көкшетауда" қырық жеті тараудан тұрады. Поэма сюжеті Абылай хан бастаған қазақ қосының бейбіт жатқан қалмақ елін шабу оқиғасына құрылған. Ақын өңіріндегі тау, тас Жұмбақтас, Жекебатыр, шың Оқжетпес, көл Бурабай атаулары жайлы ел аңыздарын негізге ала отырып, оқиғаны шынайы да әсерлі, көркем баяндап береді. Шын мәніндегі жамандық пен ізгіліктің, озбырлық пен күш пен ақылдылықтың арасындағы тартыс қалмақ қызына байланысты басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет