1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні


 Жауырынға тұру, бас пен қолға тұру, қолға тұру оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет42/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

 
3. Жауырынға тұру, бас пен қолға тұру, қолға тұру оқыту әдістемесі. 
 
Тұрулар жауырында, баспен пен қолда, басы пен білекте, білекте, қолда, 
кеудеде, иықта, бір қолда орындалуы мүмкін. 
Жауырында тұру (59 сурет.) 
Техника. Артқа шайқалуды аяқтай отырып, арқаға алақанмен тірелу, 
шынтақты кең ашпау, жазыла денені мен аяқты бір сызық етіп түзету. 
Оқыту реті: 
1.Отырудан артқа шайқалып бүгіліп жату, қолдарды еденге тигзіп
жамбасты жоғары ұстап тұру қажет. Баяу және тез орындау. 
2. Бастапқы қалыпта немесе отыруда алақанмен арқағам сүйену, шынтақ 
артқа. 
3. Отырудан артқа шайқалып бүгіліп жату, алақанмен арқағам сүйену. 
4. Сол сияқты, бірақ жазыла көмекпен жауырынға тұру. 
5. Қол артқа, алақанға тіреусіз жауырынға тіреу. 
Сақтандыру және көмек. Жанында тұрып, сырақтан ұстап денені жоғары 
қөтеру.
59 сурет. 
Баспен қолға тұру 
Техника. Баспен пен қолға тұру түрлі бастапқы қалыптардан және әр 
түрлі тәсілдермен (аяқпен итеріп, күшпен, бір аяқпен сермеп және екінші 
аяқпен итерілп) орындалады. 
Орындау кезінде басты маңдайшаның жоғарғы бөлігіне қойып, баспен 
қолға аяқтарын бүгіп тұру, сонан сон жазыла денені тік ұстауды орындау 
керек. 
Бас қолдың алдында үш бұрыш қылып қойылады . Дененің ауырлығы 
тіректің барлық нүктелеріне біркелкі бөлінеді. Қолдар иықтың еніне 
қойылады, бүгілген қолдардың шынтақтары артқа қарай, саусақтары алға-
сыртқа қарай ашылған. 


Оқыту реті. 
1.Аяқты бүгіп қол иық молшерінде саусақтарды ашып басты тіреу.
2.Аяқты бүгіп колмен басқа треп аяқты жазу, аяқтың ұшын көтермеу. 
3. Аяқты бүгіп треп отырудан, сырақпен табаннан төмен ұстап көмектесп 
баспен қолға тұру. 
4. Баспен қолға көмекпен тұру. 
Сақтандыру және көмек. Сақтандыру жанында тұрып, сырақ және 
табанынан ұстап комектесу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет