1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет27/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Лекция - Даурен А.

Аудиториямен қарым-қатынастың ең тиімді сенімдісі де «кері байланыс» болып табылады. Ол-түрлі жағдайлардағы аудиторияның әсері мен рекциясы. БАҚ пен бұқара үнемі тығыз байланыста. Ал, журалист үшін аудиториямен тікелей жанды байланысқа түсу аса маңызды. Кері байланыстың төмендегідей түрлерін атауға болады.
Эпистолярлық (хат жазысу) түрлі редакция, теледидармен қарым-қатынас жасау. Деректердегі байланыс сол оқиға болып жатқан мезетте, радио, тікелей эфирдегі хабар арқылы байланыс жасау. Ал газет тәжірибесінде оқырманмен әңгіме-сҰхбат арқылы оны іске асыруға болады. Авторлар тобы – басылым немесе қандай да бір бағдарламаны шығарғанда бірнеше авторларды тарту.
Сараптама - БАҚ жҰмысын меңгеру журналист тәжірибесі туралы ғылыми, сыни материалдарды зерделеу. МҰнда түрлі сараптаушы мамандардың пікірі қажет.
Зерттеу жүргізу–редакцияның арнайы тапсырысымен аудиторияны мҰқият зерттеу.
Жоғарыда сараланған кері байланыс түрлерінің бірде-бірін шатастыруға боламайды. Оларды кешенді түрде қолданғанда ғана аудитория мен БАҚ қарым-қатынасы анықталады.


11- ТАҚЫРЫП. Журналистік мамандықтар


Дәріс жоспары:
1. Журналисттің қасиеттері
2. Журналистік мамандықтарға қарай журналистердің арнайы кәсіби қабілеттері

Осы уақытқа дейін курсымыздың мазмұны, ең алдымен, сіз таңдаған мамандық туралы, оның жаһандық сипаттамалары, журналистік жұмыстың нәтижелері және оларға қол жеткізу жолдары туралы әңгіме болса, енді осы мамандықтың тасымалдаушылары – журналистер туралы сөзге орын берейік.


А.С. Пушкин: "Журналистер ошағы –мемлекеттік адамдарды өсіретін орын -олар мұны біледі және қоғамдық пікірді игергісі келгенде, өздерін арамдықпен, өзімшілдікпен, құбылушылықпен немесе өрескелдікпен көпшілік алдында түсіруден қорқады", - деген.
Пушкиннің анықтамасын тураласақ бұл біздің билік болып жүргеніміз шамалы -біз мемлекеттік адамдармыз, тіпті жеке басылымда немесе тәуелсіз телекомпанияда да біз мемлекеттік қызметте боламыз, қоғамға, замандастарымызға қызмет етеміз – және бұл жұмыстың жауапкершілігі орасан!
Мемлекеттік адамдардың ошағы-бүгінде бұл төртінші билік деп аталады. Бірақ Пушкиннің анықтамасы дәлірек те шығар?.. Біздің билік болып жүргеніміз шамалы -біз мемлекеттік адамдармыз, тіпті жеке басылымда немесе тәуелсіз телекомпанияда да біз мемлекеттік қызметте боламыз, қоғамға, замандастарымызға қызмет етеміз – және бұл жұмыстың жауапкершілігі орасан! Біз тарататын ақпаратпен, қызметімізбен, сөзімізбен баяқаусызда зиян келтіріп алмай, текпайда әкелу қаншалықты маңызды десеңізші!
Егер сіз журналистік мамандық өкілінің қасиеттерін объективті түрде жіктеуге тырыссаңыз, оларды төрт деңгейге бөлуге болады: табиғи қабілеттер, дүниетанымдық ұстанымдар, білім деңгейі және арнайы кәсіби талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет