13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері


Математиканы оқытудағы ауызша баяндау әдісі



бет8/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
13-18 билет

2.Математиканы оқытудағы ауызша баяндау әдісі.

3.Оқыту құрал-жабдықтары.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда математика пәнінен жалпы білім беретін мектептерде мынадай оқулықтармае оқытылады: Бастауыш мектепте «Математика» оқулыгы, негізгі мектептің У-УІ сыгыптарында «Математик», УП-ІХ сыныптарында «Алгебра», «Геометрия»; жоғарғы сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» .
Математиканы оқыту барысында модельдер мен макеттер, таблицалар диопозитивтер, слайдтар, кодаграммалар және проекциялауға арналған дидактикалық материалдар, диафильмдер, кинофильмдер және кинофрагменттер сияқты көрнекі құралдарды пайдалануға болады.
Мектепте дәстүрлі көрнекі құралдардың бірі таблицалар олар өздерінің дидактикалық функциясы жағынан 1) анықтама таблицалар; 2) жұмыс таблицалар болып бөлінеді.
Анықтама таблицалар оқушылар жұмыс үстінде еске түсіруге тиісті материалдарды класс жұмысы кезінде қажет болатын мағлұматтарды қамтуы мүмкін. Мұндағы маңызды мәселе оқушыларды анықтама таблицалармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Соңғы кезде мектеп практикасында диафильмдер, диапозитивтер, кинофильмдер сияқты оқытудың экрандық құрамы берік орын алуда. Бұл құралдарды математика сабақтарында пайдалану, сабақтың пәрменділігін арттыруға уақыт үнемдеуге білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік туғызып отырған тәжірибе көрсетіп отыр. Диафильмдер мен диапозитивтерді, таблица мен кинофильмдерді арасындағы аралық буын деп есептеуге болады. Таблицаға тән қасиеттерді сақтай отырып диафильммен диапозитивтер теорияның даму желісін ұғымдардың өрістеу бағдарламасын және фигура элементтерінің өзара қатынастарын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады. Математиканы оқыту барысында оқу киносы және телехабарлар кеңінен пайдаланылады. Оларды пайдалану әдістемесі барынша әр алуан. Әрбір оқу жылының басында диамографиялық әдебиеттің көмегі мен оқу киносының қорымен танысып, уақытысында сұраныс беріп оқу процесіне ұдайы енгізіп отыру, әр киноның мазмұнын жақсы білетін мұғалім оларды тиімді пайдалана алады. Математика сабақтарында оқу киносы мен телехабарлар мұғалімнің араласуынсыз материалдың бір бөлігін түсіндіреді. Оқу материалына қосымша мағлұматтар береді, экскурсияны алмастырады, тақырыпты қорытынды қайталауға көмектеседі. Соңғы жылдары «геометрия тарихы», «функциялар мен графиктер», «функцияларды зерттеу», «шек және үзіліссіздік», «интегралдың стереометрияда қолданылуы» деген фильмдер оқу ісіне енгізіліп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет