§ 87. Д Е ЕТІСТІГІ
Де етістігі сөнлеу және ойлау етістіктері деп атала-тын топқа (сөйле, айт, болжа, ойла т б.) жатады да, олардыц ішінеи көбінесе айт, сөйле етістіктеріне снно-ним ретінде жұмсалады. Бірак семантикасы мен функ-циясыныи жан-жақтылығы жағынан болсьш, елгсзекті-гі мен колданылу кабілеті жағынан болсын езге сөйлеу етістіктерінің бірде-біреуі де етістігіне барабар бола ал-майды. Өйткені, айт, сөйле... етістіктері тек өздерінін. негізгі мағынааарыиың шеңберінде гана, негізгі кызмет-терінің аясында ғана колданылса, де етістігінін ерісі олардан гөрі әлдеқайда кең. Мысалы: не айтты? не ту-ралы сөйледі? ештеңе айтты ма? тәрізді сұраулардың орныиа не деді? еіитеңе деді ме? деп айтуға болатыны сияқты, әдеттегі карым-қатынас процесінде қажетіне карай жұмсала беретін сөз тіркестерін, жай және күр-малас сөйлемдерді, сондай-ақ, әлденеше сөз тізбектері мен бүтіндей тіркестерді бөліп-беліп саралап та кемесе бәріи жинап-теріп, түгелімен көмкере келіп, де, деп, де-ген, дейтін... формалар аркылы үйіріп әкеліп бүгуге бо-лады және оларды ой желісінің тілегіне орай әрі қарай тағы да жалғастыра беруге де болады.
Осы жағдайдың бәрінде де бүл етістік өзінің негізгі •чексикалық мағынасынан бүтіндей айрылмайды, қалай Да взінің негізгі семантикасының ең болмаса бір эле-Ментш я нышанасын сақтап отырады (білеміз де — бі-леміз деп айт; сэлем де — сәлем айт)
Сөйтіп, де етістігінің жетекшілік кызметі де көмек-шілік қызметі де әрі оралымды, әрі икемді. Бұл етістіқ өте жиі колданылатындықтан, кейде де етістігінсіз тілі. мізде сөйлеуге болмайтын шығар, оның қызметіне тең түсетін баска сөз жок шығар дегендей ой да, түсінік те оралып отырады. Шынында да де етістігінін сипаттары езге етістіктерден ғана емес, тіліміздегі барлық сез атаулының бірде-біреуінен табылмапды. Мысалы, өзге көмекші етістіктер жетекші етістіктер мен көсемшенін -ып (-in, -п) және й (-а, -е) формаларының я екеуімен де бірдей, я біреуі арқылы ғана тіркессе, де етістігі бұл формалар аркылы жетекші етістікке тіпті тіркеспейді. Мысалы, айтып көр, айта көр деуге болады, бірак айтып де немесе айта де дей алмаймыз.
е етістігі өзінен бүрынғы жіктік жалғаулы, рай формалы, есімше жұрнақтары жалғанған етістіктерге еркін тіркесе береді. Оны әрі қысқа, әрі көрнекті төмен-дегі мысалдардан көруге болады:
келгенмін
келерсің
келмекшімін
келетінсіцдер
келемін
келесіз
келеді
келеміз
келейін
келіңіз
келсін
келейік
келсе
келсек
Тілімізде «Деген» деген не деген сөз?», «деген» де-генді орысша не дейді?», «Қелемін дейді дейді» тәрізді сөз қолдану ресімі — үйреншікті әдет. Бірақ осы үйрен-шікті әдет тек де етістігінің ерекшелігімен ғана байла-нысты, өйткені басқа етістіктердің сондай ф о р м а л а р ы н осылайша қолдану мүмкін емес. Есімдерден құралған сөз тіркестері мен сөйлемдерді де хабарлаушы адам
тьіндаушыға (окушыға) де етістігінің, оныц формала-рының жәрдемі арқылы үйіріп әкеліп, кажетіне қарай бастауыштың да, баяндауыштың да, анықтауыштың да, толыктауыштыц да, пысықтауыштын да формасына тү-сіріп, тиісті мүшелердің кызметтерін аткарта береді. Онымен ғана тынбай, одан арғы ойды тағы да сол де етістігінің формалары арқылы жалғастыра беруге бо-лады.
Де етістігініи есімше (деген, дейтін, дер, демекімі), көсемше (деп, дей, дегелі), шақ (де-ді, деп-ті, деген-ді), рай (десе, дейік) формалары дербес те, әр алуан тір-кестер күрамдарында да қолданыла береді. Осылайша
дербес, я тіркесіп колданылатын бүл формалар өзде-рінің негізгі мағыналарында да, көмекшілік кызметте де жүмсалады және түрақтанған тіркестердің күрам-дарында да жиі үшырайды. Дегенмен, осы аталған фор-малардың ішінен өзіне тән негізгі мағыналары мен функцияларын сақтау жағынан болсын, баска сөздер-мен тіркесіп, неше алуан грамматикалық мағыналар білдіріп, кызмет көрсетуге дәнекер болу жағынан бол-сын, ең жиі колданылагын, яғнн ең елгезек формала-ры — деген және деп формалары.
Асан қайғы деген қарт болыпты; Күс деген үшар болар еді; Білімді боламын деген, адам көп оқыр болар; Ананың балаға деген мейірімі-ай десейші! сияқты мы-салдардан деген формасының беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінің басты-басты кейбір нүсқала-рын керуге болады.
Деп формасының функциясы да аса көп және тіпті күрделі. Ең алдымен, бүл форма хабарланылмақшы ойға қатысты сөзді я сөздерді түгелімен ертіп алып, айтылмак-шы я аталмақшы амал-әрекеттің (көбінесе, әрине, баян-дауыштың) мақсаты, ниеті, сылтауы, себебі, салдары, нұсқауы сияқтандырып көрсету үшін қолданылады. Мүн-дайда деп формасы өзінің негізгі мағынасын түгел я жартылай сақтап отырады. Мысалы: осы ойымды ай-тайын деп келдім; ... Осылай деп түсініңіз; ...ақыл айтар деп күтіп отырмыз т. б.
Деп формасы нағыз көмекші болып жұмсалғанда, амалдың әр килы кезеңдерін және жүзеге асу сипатта-рын білдіретін көптеген аналитикалық форманттар жа-сауға дәнекер болып, сол формаиттардың түрақты ком-Поненттерінің бірі есебінде қызмет етеді. Ол форманттар және олардың функциялары мынадай:
268 269
|