Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет198/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Asyl-analar

 
 
Зубәйда поэзияны да сүйіп оқитын, оның астарын, нәзік 
тұстарын керемет түсінетін. Өзі де өлең жазатын. Тек бір Зубәйда 
ғана емес, онымен үзеңгілес мұсылман әйелдері де сол тұстағы 
Батыстың ханшайымдарымен салыстырғанда, қай жағынан 
болсын әлдеқайда жоғары тұратын. Мысалы, Батыстағы патша 
сарайы әйелдерінің арасында кең тараған мәдениеттері: тек 
сауықтарға киетін сәнді көйлектер, себетін әтірлер немесе 
суретшілерге өздерінің жалаңаш бейнелерін салдыру, тағы сол 
іспеттес арзан дүниелер еді. Ал сол тұстағы мұсылман 
әйелдерінің мәдениеті батыстық сылқымдардан көш ілгері 
жетіліп дамыған дәрежеде еді. Олар шымылдық артында отырып, 
бала жұбатып, қазан құлағын ұстаса да, бір сәт дүниелік істерді 
ысырып қойып, іліммен айналысатын, көпшіліктің игілігі үшін 
сауапты амалдар жасайтын, ұдайы өркендеуге ұмтылып 
отыратын. Халифаның әйелі түгіл, қарапайым кәнизәктің де 
ілімдегі жетістігі осындай-ды. Ислам мұсылман әйелдерін 
мақтауға да, мақтануға да тұрарлық осындай ғанибеттерге 
бөлеген-ді. 
Бір күндері Зубәйданың басына өте ауыр қасірет түседі. Сол 
кездегі халифалар тақ мұрагерлігінде кейінгі ұрпақтары 
таласпауы үшін көзі тірісінде-ақ мұрагерді ретімен өзі 
тағайындап кететін. Һарун Рашидтің өсиеті бойынша тақ 
мұрагері Зубәйда екеуінің ұлдары Мұхаммед Әмин еді. Одан 
кейінгі мұрагер Һарунның басқа әйелінің баласы Абдуллаһ 
Мамун болуы керек-тұғын. Һарун Рашид қайтыс болғаннан кейін 
тиісінше Мұхаммед Әмин таққа отырады. Екі жыл билік 
жүргізген соң ол мұрагерлікті ешкіммен бөліскісі келмей, 
Абдуллаһ Мамунның мұрагерлігін жойып, өзінің ұлын 
отырғызғысы келеді. Сөйтіп, ол Мамунның мұрагерлік құқықтан 
айырылғандығын жариялайды. 
Бұл кезде Абдуллаһ Мамун Хорасан мен оның төңірегіндегі 
жерлердің уәлиі болып отырған еді. Бауыры Мұхаммед Әминнің 
бұл шешіміне наразылық білдіріп Абдуллаһ Мамун өкіметке 


264


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет