Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет197/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Asyl-analar

 
 
жағдайда суды арық, канал арқылы әкелуді тапсырады. Бұл істе 
де Зубәйданың діттеген мақсаты орындалып, бұл игілік көп 
мұсылмандар үшін өте қайырлы, зор пайда әкеледі. Атқарылған 
бұл жұмыстар жайлы төрт жүз жылдан кейін Раххалә ибн 
Жубайр: «Бағдаттан Меккеге дейінгі бұл жұмыстар, іс-әрекеттер 
– Зубәйда Жағфарқызы ибн Әбу Жағфар Мансурдың іздері. Ол 
бұған өмірін арнады, ол бұл жолда Аллаһтың барлық өкілін 
(қажыларды) қамтамасыз ететін игілік көздерін қалдырды», – 
деген. 
Бұл сөз һижраның 615-жылы, яғни Зубәйда дүниеден өткеннен 
кейін араға төрт жүз жыл салып барып жазылған еді. Зубәйда 
шығарған су көздері осы күнге дейін жұртшылық қажетіне 
жарауда. Көпшіліктің игілігіне арналған бұл істер Зубәйда 
Жағфарқызының артынан Ақыретке дейін үздіксіз барып тұратын 
сауап көзі болмақ. 
Ол өзінің ысырапқа толы өмірін сап тыйып, халифа 
қазынасындағы малды осылайша орны жоғалмас халық 
берекесіне айналдырған. 
Имам Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Асғад әл-Ямани 786-
жылы төмендегі сөздерді айтқан: «Зубәйда Жағфарқызы (Аллаһ 
оған рақым етсін) қаздырған бұл аталмыш канал ізі сақталған 
үлкен ғимараттардан тұрады. Ол таңғажайып, тамашалауға 
татиды. Меккеден шығар жолда Минаның оңтүстік бағытындағы 
таулардан су жер астына түсіп жатыр. (Яғни су жерасты жолдары 
арқылы ағып жатыр.) Тау ішіндегі су жолы алып құдықтарға 
ұқсайды. Егер күндіз оның ішіне адам кірсе, қараңғылығынан 
қорқады». 
Су тауды тесіп өткен жерасты каналдары арқылы әкелінген. 
Техникалық құралдар болмаған тұста осындай алып жұмысты 
іске қосқан әйел Зубәйда еді. Осылайша ерлердің ісіне татитын 
тірлікті бітірген Зубәйда бір сән иесі немесе әртіс ретінде емес, 
қайырлы істің атқарушысы ретінде тарихта із қалдырады. 


262
 
 
Зубәйда мұнан кейін әр жылы қажылыққа баруды әдетке 
айналдырған болатын. Мінеки, бұл мүмкіндікке ие мұсылман 
әйелдің дін үшін жасаған игілігі еді. Әлхамду лилләһ! Бүгінде 
арамызда Зубәйда секілді Аллаһ берген дүниенің орнын біліп
орайын тауып, мал-дүниесін сауап жолға жұмсап жүрген адамдар 
жетерлік. Аллаһ оларға разы болсын! 
Сондай-ақ Зубәйда Жағфарқызы Құран оқуға қатты берілген 
жан еді. Халифа сарайында Аллаһтың кітабын толық жаттап 
алған жүзге тарта кәнизак болатын. Ол әр күні осы кәнизактарын 
алдырып, оларға таңнан кешке дейін Құран оқытатын. Адамдар 
оның сарайын «Ара ұясының ызыңындай» деп сипаттаған. 
Ақылды да парасатты, сақи да салиқалы Зубәйда Жағфарқызы 
мемлекеттің көптеген ісіне араласып, қаулы-қарар, шешімдер 
шығарып, арыз-шағымдарды қарайтын. Жастайынан тілі көркем, 
әдебиетке жетік ол келген шағым-хаттарға өте тамаша жауап 
жазатын. Сол кездегі қалыптасқан рәсім бойынша, келген шағым-
хаттарға жауап жазу көп уақытты қажет ететіндіктен, басшылық 
қызметтегілер уақытты ұтымды пайдалану үшін келген хаттарды 
оқып танысқан соң, сол парақтың бұрышына қысқа да нұсқа, 
жетік көркем тілмен жауап жазатын. Бұл істе Зубәйда өте шебер 
еді. Белгілі әдебиетші ғалым Амр ибн Масғада: «Мен Умму 
Жағфардың (Зубәйданың) көптеген шағым-хаттарға жазған 
бұрыштама жауабын оқыдым. Оның өте көркем, ықшамды 
жазылып, көп мағынаны қамтитынын аңғардым», – деп айтқан. 
Ол тіл өнеріне, әдебиетке көп көңіл бөліп, ғалымдармен 
ақылдасып, 
кеңесетін. 
Зубәйданың 
тіл 
ғылымындағы 
кеңесшілерінің бірі, белгілі әдебиетші ғалым Асмағи еді. Ол 
сондай-ақ фиқһ ғылымына да қатты қызығушылық білдірген. 
Кейде Зубәйда сарайына фиқһ ғалымдары мен олардың 
шәкірттерін шақыртып, сұхбат құрғызып, өзі сұхбатты 
шымылдық артынан тыңдап отыратын. Ғалымдарға сұрақ қойып, 
олардан жауап алатын. Шымылдық артында отырып, ол Һарун 
Рашидтің де мәжілістеріне қатысатын. 


263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет