Астамбаева жупат канапьяновна


АНЫҚТАМАЛАР Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған: Алгоритм



бет3/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:


Алгоритм – әр қадамы саналы түрде таңдалып алынған, қатаң түрде белгілі бір ретпен орындалатын әрекеттер реті.
Сауаттылық – бұл белгілі бір сала бойынша білімдер мен біліктерді меңгеру деңгейі, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдану қабілеті.
Кәсіби сауаттылық – адамның әлеуметтік әрекеті түрлерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрде көрінуі.
Кәсіби сауатты маманжан-жақты дайындалған, кәсіби жоғары деңгейдегі білімі бар, шығармашылық пен зерттеушілікке ұмтылатын, қандай да бір әрекетті ретімен орындауға машықтанған, дамыған тұлға.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқа ортамен қарым-қатынасқа түсе алу, ортаға тез бейімделу және өмір сүре алу; алған білімін өмірлік міндеттерді шешуде қолдана алу қабілеті.
Алгоритмдік сауаттылықбілім алушының алгоритмдер және олардың түрлері жайлы теориялық материалдарды игеріп, өз кәсіби іс-әрекетінде және оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен басқаруда қолдана алуы.
Математикалық сауаттылық – адамның математиканы түсіну және онымен айналысу, математиканың рөліне қатысты дәлелді пікірлер айта алу қабілеті.
Әдістемелік-математикалық сауаттылық – бұл білім алушының математикалық және әдістемелік білімі мен білігін өмірлік тәжірибесінде қолдана алуы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту – бұл білім алушылардың әдіснамалық, психологиялық және педагогикалық білімдерін, математиканың теориялық негіздері мен әдістемелік пәндерден алған білімдерін күнделікті сабақ барысында, ғылыми-зерттеу және бітіру (диплом) жұмыстарында, педагогикалық тәжірибеден өту кезінде және нақты өмірде қолдану даярлығын жетілдірудегі инновациялық траектория.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) – білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, білік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет