Астамбаева жупат канапьяновна



бет7/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

Зерттеу көздері: қазақстандық және шетелдік ғалымдардың сауаттылық, функционалдық сауаттылық, әдістемелік сауаттылық, математикалық сауаттылық, алгоритмдік сауаттылық, сауаттылықты дамытудың түрлі тұғырлары мәселесі қарастырылған философиялық, педагогикалық, ғылыми-теориялық зерттеулері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру жүйесіне байланысты стратегиялық және ұлттық жоспарлары, бағдарламалары; Білім және ғылым министрлігінің бастауыш білім беру, жоғары кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамалары, мемлекеттік бағдарламалары, ресми-құқықтық нормативтік құжаттары; алыс және жақын шет елдік, қазақстандық педагог ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне негізделген озық тәжірибелері; ғылыми-әдістемелік журналдар; докторанттың ғылыми-зерттеушілік және практикалық тәжірибесі.
Ғылыми-зерттеу әдістері: зерттеу мақсатына жету, міндеттерін шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды: теориялық әдістер: зерттеу мәселесіне сай психологиялық, педагогикалық және ғылыми әдебиеттерді талдау, қорытындылау, жинақтау, салғастыру, нәтижелерді болжау; эмпирикалық әдістер: зерттеу сауалнамасын алу, байқау, диагностика, эксперименттік жұмыс); статистикалық әдістер: зерттеу нәтижелерін сапалық әрі сандық талдау, өңдеу, сараптау).
Зерттеудің кезеңдері: анықтау, қалыптастыру, тексеру эксперименттері.
І кезеңде (2018-2019 ж.) сауаттылық, математикалық сауаттылық, әдістемелік сауаттылық, алгоритмдік сауаттылық, алгоритмді оқыту, сауаттылықты дамыту мәселелеріне байланысты философиялық, педагогикалық және әдістемелік-әдебиеттердегі іс-әрекеттік, жүйелілік, антропологиялық, құзыреттілік тұғырларға, зерттеу мәселемізге байланысты диссертациялық жұмыстарға, сондай-ақ математиканы оқытудың теориялық және әдістемелік зерттеулеріне теориялық талдаулар жасалды; зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеттері анықталып, тәжірибелік зерттеудің жоспары дайындалды; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің алгоритм жайлы сауаттылығын анықтау бойынша сауалнама жүргізіліп, қорытындысы шығарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет