Астамбаева жупат канапьяновна



бет4/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

Оқу-әдістемелік кешен – әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы.
Оқу бағдарламасыбелгілі бір оқу пәні бойынша міндетті түрде игерілетін білім, білік және дағдылардың мазмұны мен көлемін анықтайтын; оларды оқытудың тақырыптары, бөлімдері мен мерзімдері бойынша бөлетін оқыту жүйесі аясында дайындалған құжат.
Оқулықбілім беру жүйесінде, оның барлық деңгейлерінде, сондай-ақ оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын, белгілі бір аймақта білімді жүйелі түрде баяндауды құрайтын кітап.
Педагогикалық іс-әрекет – лауазымдық міндеттерін орындауда еңбек нәтижесіне қызмет құралдары арқылы қол жеткізу бағытындағы функциялардың, әрекеттердің, операциялардың жиынтығы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті – оның педагогикалық үдерісте субьект-субьектілік өзара әрекеттесуінде оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеу, әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын атқарудағы әрекеттер жиынтығы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекетке даярлығыоның мотивациялық-құндылықтық, инновациялық-танымдық, процессуалдық-нәтижелік құрамдарына сәйкес педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелі болуын айқындайтын кәсіби-тұлғалық сапаларының кіріктірілген сипаттамасы.
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Педагогикалық практика – жоғары және орта педагогикалық оқу орындарындағы кәсіптік оқыту түрі, болашақ мұғалімдерді практикалық даярлау.
Кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау үдерісінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі.
Жаттығу – білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастыру-дың, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет