Астамбаева жупат канапьяновна


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



бет5/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖОО – жоғары оқу орны


ҚазҰПУ – Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР БжҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
т.б. – тағы басқа
ОӘК – оқу-әдістемелік кешен
ӘМС – әдістемелік-математикалық сауаттылық
ФМБС (ФГОС)– федеральді мемлекеттік білім стандарты
НЗМ ДБҰ – Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы
ЮНЕСКО – United National Educational, Scientific and Cultural Organization (Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы)
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
PISA – Programmer for International Student Assesment (оқушыларды бағалау бағдарламасы)
TIMSS – Trends in International Mathematics and Science Study (математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалау бағдарламасы)
PIRLS – Progress in International Reading Literasy Study (оқу машықтарын бағалау бағдарламасы)
ШЖМ – шағын жинақты мектеп
ЕҮОБ – ең үлкен ортақ бөлгіш
СОӨЖ – студенттің оқытушымен өздік жұмысы
СӨЖ – студенттің өздік жұмысы
РБА – Ресей Білім академиясы
ЖК – ЖОО компоненті
ББСМ – болашақ бастауыш сынып мұғалімдері
фр. – француз
лат. – латын
КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім беру үрдістері, соңғы уақытта болған елеулі өзгерістер және практикалық практиканың ағымдағы жай-күйі оқытудың міндеттеріне, нысандары мен әдістеріне, яғни тұтас педагогикалық процеске, демек, оқытушының өзіне және оның біліміне жаңа талаптар енгізеді. Қоғамның болашағы, жас ұрпақты тәрбиелеу және тәрбиелеу мұғалімдер қоғамының қызметінің нәтижесі болғандықтан, әр пән мен бастауыш сынып мұғаліміне кәсіби дайындық пен тиімділіктің анағұрлым жоғары деңгейі қажет.
Орта Жеке және жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби даярлығының сапасын арттыруға қойылатын талаптар қазіргі заманғы салаларды оңтайландырумен және қоғам дамуының қазіргі деңгейінен туындайтын әлеуметтік сұранысқа бағытталған озық технологияларды енгізумен айқындалады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы [1], Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [2], Қазақстан Республикасының 2025-жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары [3], болашақ маман даярлауға арналған Бастауыш білім беру бағдарламасы [4] сияқты білім беру саласын дамытуға арналған еліміздің ресми және нормативтік-құқықтық құжаттарында болашақ педагогтің бәсекеге қабілеттілігі мен келешектегі кәсібіне даяр болуын дамыту, «баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету» мәселелері басты міндеттер қатарына қойылған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында «қысқа, орта және ұзақ мерзімді болашақтағы» қағидатты өзгерістер ретінде дәстүрлі оқу бағдарламаларынан функционалдық сауаттылықты дамыту, еңбек нарығы қажет ететін қазіргі заманғы дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту» [3,б. 137] деп көрсетілген еді. Осы іргелі өзгерістерді жүзеге асыру үшін пән оқытушысының функционалдық сауаттылығын арттыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының басым құрамдас бөлігі қажет. Өйткені, сауаттылық мәселесіне ерекше назар аудару саясатқа (демократиялық мемлекеттің құрылымы), экономикалық (құзыретті, құзыретті мамандардың қажеттіліктері), әлеуметтік (санақ), экономикалық (жаңа толқынға шығу, компьютерлер, Интернет ерекшеліктері), білім беру (қоғамның қалауы, халықтың білім деңгейін көтеру) операцияларына байланысты. Бұған ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа «азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру үшін үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу» тапсырылды [5].
Қазақстанда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында» [6] анықталған болатын. Алайда тәжірибе нәтижесіне қарағанда, бұл мәселе әлі толық шешілмегендігі байқалады. Жалпы алғанда, тек оқушылардың ғана емес, болашақ мұғалімдерді, соның ішінде бірнеше пәнді оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау барысында студенттердің де функционалдық сауаттылығын дамыту сапасын арттыру педагогика ғылымы мен тәжірибедегі көкейтесті мәселелердің қатарында.
Функционалдық сауаттылық мәселесін білім беру философиясы деңгейінде Б.С.Гершунский [7], В.В.Мацкевич, С.А.Крупник [8], үздіксіз білім беру аспектісі ретінде С.А.Тангян [9], И.А.Колесникова [10], құзыреттілік тұғыр тұрғысынан А.В.Хуторской [11], О.Е.Лебедев [12], т.б. зерттегенін атап өтуге болады.
Сауаттылықты дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері тұрғысынан А.Г.Каспржак [13], Г.И. Михалевская [14], Е.И.Пассов [15], Е.В.Титова [16], П.Г.Щедровицкий [17], т.б. қарастырса, болашақ педагогтердің әдіснамалық сауаттылығын дамыту мәселелері В.В.Краевский, Е.Б.Бережнова [18], О.П.Чигишева [19], С.Я. Казанцев [20], А.А.Орлов [21], Ш.Таубаева [22], А.С.Амирова [23], Б.А.Тұрғынбаева [24] т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Функционалдық сауаттылықтың теориялық және тәжірибелік деңгейде зерттелуі көптеген ғалымдардың еңбектерінде кездеседі, атап айтсақ, Т.И.Акатова [25] студенттердің тілдік мәдениетімен өзара байланыстағы тілдік функционалдық сауаттылық аспектілерін қарастырады; Л.М.Перминова [26], О.Е.Лебедев [27], А.Е.Әбілқасымова [28], М.К.Нургазинова [29], Е.А.Басова [30], В.Г.Онушкин, В.И.Огарев [31], Ф.Ш.Оразбаева [32], Г.А.Кемельбекова [33], А.К.Рауандина [34], К.А.Нурмуратова [35], Г.О.Жетпісбаева [36], Г.Н.Жолтаева [37] – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру технологиясын; Л.Н.Полищук – арнайы орта білім беру ұйымдарындағы функционалдық сауаттылықтың технологиялық түрін қалыптастыру [38]; В.А.Ермоленко, Р.Л.Перченок, С.Ю.Черноглазкин жалпы орта, кәсіби және қосымша білім берудегі функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясын әзірледі [39]; Н.Н.Сметанникова әдебиеттік оқудың стратегиялық тұғыры аясындағы функционалдық сауаттылықты зерттесе [40], П.И.Фролова функционалдық сауаттылықты гуманитарлық пәндерді оқыту барысындағы техникалық ЖОО студенттерінің оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытудың негізі ретінде қарастырды [41], ал Н.И.Чуркина оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық бағдарламасын [42] дайындады. Бұл зерттеулерде функционалдық сауаттылық жалпы оқу біліктері мен дағдыларының жиынтығы ретінде қарастырылады.
2000 жылдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісіне мұғалімдерді де, болашақ мұғалімдерді де даярлау мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары басталды. Е.В.Бахарева әлі де дәстүрлі педагогиканың жетегінде қалып қойған мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейлерінің төмен екендігін айта келе, «оқушылардың функционалдық сауаттылығын заманауи тұрғыдан қалыптастыру мәселесін тиімді шеше алмай отырғанын», сол үшін нақты өмірдегі тұрмыстық мәселелерді шешуге кластерлік тұғыр негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды ұсынса [43], Н.А.Назарова білім беру үдерісін ізгілендіру жағдайында педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне тоқталады [44]. Бұл еңбектерде оқушылар мен студенттердің функционалдық сауаттылығы әр қырынан зерттеледі.
Ал әдістемелік сауаттылық мәселесі функционалдық сауаттылыққа қарағанда терең зерттелмеген. Аталмыш мәселе Н.А.Егорованың [45], Б.И.Сарсенбаеваның [46], т.б., ал математикалық сауаттылық Н.М.Евтыхованың [47], Г.С.Ковалеваның [48] еңбектерінде көтерілген. Әдістемелік және математикалың сауаттылық мәселелері жоғарыда аталған еңбектерден басқа да терең зерттеуді қажет етеді.
Заманауи қоғамның сұранысын қанағаттандыратын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті, «өз әрекетінің иесі» бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін білетін, пәндік және әдістемелік тұрғыдан, сондай-ақ сауаттылықтың барлық пәндерге ортақ әмбебап негізі – алгоритмдік сауатты маман қазіргі заманға өте қажет.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің (ББСМ) алгоритмдік сауаттылығын дамытуға арналған арнайы зерттеу жұмыстары болмағанымен, С.И.Остапенко (қашықтан оқыту барысында болашақ мұғалімдердің алгоритмдік мәдениетін қалыптастыру) [49], О.Г.Сорока (кіші мектеп жасындағы оқушылардың логикалық және алгоритмдік сауаттылық элементтерін қалыптастыру) [50], Г.В.Хамер (бастауыш сынып факультеті студенттерінің алгоритмдік дайындығы) [51], В.М.Ефимов (бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық даярлығындағы алгоритмдер) [52], Н.Ибодов (бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың алгоритмдік бағыттылығын күшейту) [53], В.В.Попова (математиканы оқыту барысында орта кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ АКТ мамандары-студенттерінің алгоритмдік құзыреттіліктерін қалыптастыру) [54] т.б. еңбектерінде қарастырылған. Сонымен бірге, кейбір шетелдік ғалымдардың еңбектерінде де алгоритмдік және сауаттылық мәселелері көтеріледі. Elizabeth Humrickhouse онлайн-бағдарлама арқылы студенттердің ақпараттық сауаттылығын дамыту [55], Mária Csernoch, Piroska Biró ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен метакогнитивті дағдыларын дамыту [56], Büscher Christian статистикалық материалдарды оқыту барысындағы математикалық сауаттылық [57], Ashwini Deshpande, Alain Desrochers, т.б. ересектердің сауаттылығы мен санай алуына компьютерлік оқыту бағдарламасының әсері [58] мәселесіне тоқталады. İbrahim Güneş, т.б инженерлік факультет студенттерінің математикалық сауаттылығының тиімділігін қарастырады [59]. Аталған зерттеулерде цифрлық технологияның жетістіктерін пайдалану арқылы студенттердің алгоритмік сауаттылығын және математикалық, жалпы сауаттылықты дамыту мәселелері көтеріледі.
Республикадағы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты [60], оқу бағдарламалары, соның ішінде бастауыш білім беру деңгейлеріне (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы [61], Қазақстанның білім беру саласында жүргізіліп жатқан оң өзгерістер болашақ маманның осы құжаттарды жүзеге асырудағы сауаттылығын дамытуға бағытталып отыр.
Тікелей ББСМ-нің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталмағанымен, студенттерге арналған математикадан оқу-әдістемелік құралдарда, атап айтсақ, М.А.Романованың [62], Ш.Х.Құрманалина, Т.Қ.Оспановтың [63-65], А.А.Қдырбаеваның [66], А.Б.Ақпаева мен Л.А.Лебедеваның [67], Ж.Қ.Астамбаеваның [68] еңбектерінде кейбір алгоритмдік материалдар қарастырылса, ал жаңартылған мазмұнға байланысты бастауыш сыныптарға арналып «Атамұра» [69-80] және «Алматыкітап» баспасынан шыққан [81-86] оқулықтарда бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының алгоритмдері оқытылып үйретіледі. Демек, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың білім бағдарламасына сай оқытып-үйретілетін алгоритмдік материалдарын игерумен бірге, оқушылардың бағдарламалық талаптарды меңгеруіне жағдай жасайтындай оқыту әдістемесін біліп шығулары, математикадан да, әдістемеден де, алгоритмнен де сауатты болулары тиіс.
Алайда ББСМ-нің әдістемелік-математикалық сауаттылығын (ӘМС) дамытуға не математикалық пәндер, не математиканы оқыту әдістемесі пәні аясында да жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей келеді. Бұл мәселе арнайы зерттелмеген және әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Жоғарыдағы еңбектерге жасалған талдау болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту мәселесінің арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетеді.
Ағымдағы зерттеулер білім беру жөніндегі маманның, университет түлегінің объективті қажеттілігін, хабардарлық деңгейін-математикалық сауаттылықты арттыруды, яғни білікті білімді пайдалануды, жалпы мақсаттар мен міндеттерді, іс-шаралар мен оқиғаларды, қоғамдағы және қатынастар жүйесінде белгіленген өзгерістерді айқындауды талап етеді.
Нормативтік құжаттарды, ғылыми, академиялық және әдіснамалық әдебиетті, диссертациялық ғылыми жұмыстарды және оқушыларды оқыту тәжірибесін талдау кезінде:
-Ғылыми-педагогикалық негізділіктің жеткіліксіздігі және қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикалық сауатты жұмыс істеу қажеттілігі;
- Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің алгоритмдерді меңгеру қажеттілігі және оларды педагогикалық жоғары оқу орындарында қолданудың тиісті әдіснамасының болмауы;
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік және математикалық сауаттылығын арттыру қажеттілігі мен оның моделін құру арасында қарама-қайшылықтардың бар екені анықталды.
Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтан туындафты мәселелерді теориялық негіздеп және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тексеру жүргізу зерттеудің проблемасын айқындады және бізге диссертациялық жұмыстың тақырыбын «Алгоритмдерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің сауаттылығын дамыту» деп таңдап алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет