Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Секіргіштікті дамытудың аспектілері



бет63/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Секіргіштікті дамытудың аспектілері
(Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі үшін)
Зерттеулерге сүйенсек БЖСМ-де 10-18 жастағы волейболшылардың жаттығуы кезінде секіргіштікті көтеру деңгейі орташа 48,6 см құрайды.
Ең жоғарғы көтерілу деңгейі 10-11 ден 12 жас аралығында (12,5 см артады), 12-13 және 14-15 жаста да өсу байқалады.
Бұл секіру дайындығының құралдарын таңдауға әсер етеді.
Әрі қарай биіктігі бірте-бірте көтерілу байқалады: 15-16 жаста 5,5 см. Бастапқы даярлық тобының даму әдісіне баса назар аудару қажет. Секіру жаттығуларын бір орыннан екі аяқты жұлқып жасау дұрыс (балалардың денесі бұл жаста бұлшық еттері өсіп, сүйектері қатая бастайды).
Секіру жаттығулары
1) отырып жоғары секіру:
- қолды серпу арқылы – 6-8 секіру (4-5 кезең);
- қолдың көмегінсіз – 6-8 секіру (4-5 кезең);
- ауырлығы 2 кг – 4-6 секіру (3-4 кезең);
2) отырып жоғары секіру (бөксе мен өкшенің бұрышы 90% тең):
- қолды серпіп секіру – 6-8 секіріс (5-6 рет);
- 3 кг салмақ ауырлықпен секіру – 4-6 секіру (5-6 рет);
3) отырып секіру (бөксе мен өкшенің бұрышы 120 градус):
- қолды сермеп секіру – 8-10 (4-5 рет);
- 3 кг салмақ ауырлық секіру – 4-6 секіру (5-6 рет);
4) 40-50 см биіктіктен секіріп, қайтадан жоғары секіріп биіктіктегі затты алу – 8-10 секіру (4- 5).
5) 30-40 см биіктіктегі затқа секіру – 10 секіріс (3-4 рет).


11. Волейболдағы ойыншы «либероның» қызметі және оны дайындау әдістері

Бүкіл дүниежүзі секілді Қазақстанда да волейболдың дамуында маңызды тенденциясы, ойыншылардың бойының биік болуы (185 см және одан жоғары 2 м-ге дейін), ойын шартының өзгеруі және ойыншы «либероның» жаңадан ойын шартына кіруі болып табылады. Міне, осы өзгерістердің нәтижесінде волейбол ойыны қызықты да динамикалық маңызға ие болды деп есептеуге болады. Ралли-пойнт құрылымы волейбол ойынының ойыншыларына қатаң талаптар қояды. Орта шептегі ойыншылар, яғни бойы мен дене бітімі жағынан үлкен ойыншылар доп беру үшін қолданылады. Ал, сыртқы шепте әдетте бойы аласалау, бірақ жылдам «либеро» орналасады.


Волейболда «либероның» - физикалық, тактикалық, техникалық және психологиялық дайындығының кейбір аспектісін әдістемелік көрсеткіштерден табуға болады.
Маңызды жұмыстардың бірі-жаттықтырушылық жұмыс. Бұл жұмыстарға көп жыл студенттік волейбол командасында жаттықтырушы және республикалық, халықаралық деңгейде төреші болып бірнеше жыл қызмет атқарған, тәжірибелі маман керек екендігі талап етіледі.
Волейбол мамандарының көзқарасы бойынша волейбол «либеро» -құрамы ойындағы портреті болуға тиіс:
- «либеро» ойын алаңында бүкіл ойын уақытында өте қажет;
- «либеро»-ның атқаратын маңызды қызметі допты қарсы алу, маңызды соққыларды қарсы алу, алаңның түпкірінен маңызды соққыға доп беру;
- қорғаныстың дұрыс орнын табу жаттықтырушыға, тосқауыл коюшылардың орналасуына және өз интуициясына байланысты;
- қорғаныстың сәтті аяқталуы-«либероның»-тез және жылдам қимылдауы, ақпараттың жылдамдығын сәтті орындалуы және рефлекция;
- ерлердің оптималдық бойы 185-190 см, ал әйелдерге 175-180 см болуы керек, либероны-«мамандандыру» БЖСМ мектебін бітіруден кейін болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет