Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет65/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Топтың допты қабылдауы
«Либеро» 5-6 аймақта орналасады. Допты бірнеше ойыншы қабылдайды. Допты қабылдаудың алдында ойды жинақтап, дененің бұлшық еттерін бос ұстау, позицияны дұрыс қабылдау міндетті. Доптың қай бағытта келе жатқанын және қарсыластың допты берудегі тәсілін анықтауға тырысу керек.
1) Әр қабылдаудан кейін ойыншылар позицияларын өзгерту керек (10-20 қабылдау).
2) Дәл солай, бірақ «либеро» әр қабылдауда тордың үстіңгі жағына дейін секіруі қажет және өз орнына қайта оралуы міндетті
3) Дәл солай бірақ қабылдаудан кейін «либеро» басқа қабылдау аймағына оралады (10-20 қабылдау).
4) Жабық торда допты қабылдау. Әр қабылдаудан кейін «либеро» аймақты ауыстырады. Жаттықтырушы допты беретін ойыншыларды хабардар етеді (10-20 қабылдау).
5) Ойын барысында шабуылсыз допты қабылдау.
6) Дәл солай, бірақ ойыншыларды ауыстыру арқылы (10-20 қабылдау).
Қарсы шабуыл кезіндегі соққы қабылдаудың жеке дайындағы.
Қазіргі волейболдың ойын барысында «либероның» ең қиын функциясының бірі-қарсыластың шабуылын қабылдау. Қатты соғылған соққыдан кейін доп тез ұшып келетіндігі сонша, алаңға небәрі жарты секундта жетеді. Қатты соғылатын доптың алдында қорғаушы дұрыс қорғаныс позициясын ұстауы керек. Сондықтан оған өте аз уақыт кетеді. Допты екі қолмен төменнен қабылдау-жалғыз сенімді тәсіл. Себебі шабуылшы соққыны қайтаруға оңтайлы. Ойламаған жағдайларда басқа тәсілдер де болады, дегенмен аз да болса шектеулі әрі әсерлі болады. Сенімді қабылдау тәсіл тек көпшіліктің назарын аударып қоймайды, сонымен қатар қарсыласқа сенімсіздік туғызады және қарсыластың қателік жіберуіне мүмкіндік береді.
«Либеро» екінші соққының сапасын анықтау арқылы қозғалыстағы шабуылшының көңілін аулайды. Әрдайым қозғалыста бола отырып, соққы кезінде тор үстіндегі тосқауыл қоюшының қолын анықтайды. «Либероға» қойылатын негізгі шарттардың бірі-тосқауылдың артына жасырынбау. Тосқауыл қоюшымен де келісушілік болуы мүмкін. Егер «либеро» белгілі бір позицияда сақтанса, онда ол бұрынғы және соңғы позициясын ұстау керек.
«Либеро» қорғаушылық әрекеттерді жаттығу кезінде әркелкілікті орындау үшін жаттықтырушының айтуы бойынша аса эмоционалды орта құруы міндетті.
Шабуыл соққыларын қабылдаудың орындалуы екі топтық жаттығуы бөлінеді: cоғылған допты тор арқылы емес қабылдау (А тобы), соғылған допты тор арқылы қабылдау (Б тобы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет